Металл құймаларының физико – механикалық қасиеттері, қолданылуы.
Ортопедиялық стоматологияда протездерді дайындау үшін әр түрлі металл құймалары қолданылады. Металдар таза түрінде қолданылмайды, өйткені олардың қасиеттері негізгі материалдарға қойылатын талаптарға сай келмейді.
Металл дегеніміз – атомдарды геометриялық тәртіппен дұрыс орналасқан кристалды дене.
Стоматолгияда қолданылатын металл мен металл құймаларына қойылатын талаптар.
Ауыз қуысында тотығуға тқрақтылығы өте жоғары болуы керек.
Жоғарғы механикалық қасиетке ие болуы керек (мықтылық, пластикалық, серпімділік).
Жоғарғы технологиялық қасиетке сай келуі керек (оңай штампталуы, құйлуы, жылтыратудың мүмкіндігі, созылуға оңай болуы).
техникалық сипаттамасы жақсы болуы қажет (түсі,балқу температурасы, отырғыштығы төмен болуы керек.
Металдардың құрлысы: металдар қатты күйінде анық байқалатын кристалдық түрде болады. Оны металдың бет қабатын жылтыратып, содан соң активті химиялықзаттармен улай отырып микроскоппен қарағанда, оның құрлысының кристалды екеніне көруге болады. Кристалдық құрлыстың кемшіліктерінің бірі – атомдар арасындағы қуыстардың болуы, басқаша айтқанда, викансия. Торлардың бұл кемістіктері құймалардың балқу кезіндегі бір-біріне енуі үшін өте маңызды және термиялық өңдеуге байланыстыболады. Кристалдық құрлыстың екінші бір кемістігі – дислокация. Бұл жағдайларда кристалдардың шоғырлануына байланысты жартылай жазықтық түзіледі де, жиектік дислокациялы кемістікке әкеледі.
Барлық металдар екіге бөлінеді: қара металдар және түсті металдар.
Қара металдар –қара сұр түсті, тығыхздығы мен балқу температурасы жоғары, салыстырмалы түрде жоғары мықтылыққа ие. Оларға негізінен теміо және олардың құймалары жатады.
Түстік металджардың өзіндік түсі бар, жоғары иімділікке ие, тығыздығы және балқу температурасы салыстырмалы түрде төмен болады.
Қара металдар өз кезегінде былай бөлінеді.
темір металдарды – темір, кобальт, никель жатады.
Қиын балқитын металдар – балқу температурасы темірден жоғары элементтер. Болатқа ерекше қасиет беру үшін қорлданылады.
Уранды металдар – актиноидтар. Олар атом энергетикасында қолданылады.
Сирек кездесетін металдар – лантан, цезий, яғни лантоноидтар.
Құйма деп екі немесе одан да көп элементтерді балқытып, ерітіп алынған затты айтамыз. Құймалар сұйық күйден қатты күйге көшкен кезде кристалдық тор түзеді. Осы қату кезінде құйма құрамындағы компоненттердің бір – бірімен өзара әрекетке түсуін:
механикалық қосылыс
қатты ерітінді
химиялық қосылыс деп үш түрге бөлінеді
Механикалық қосылысқа бір бірімен әрекеттескенде ерімейтін металл қосылыстарын жатқызады. Мұндай қосылысқа, мысалы, қорғасын мен висмут және кадмий қосылыстарын жатқызуға болады. Құйманың әрбір компоненті өзіне тән кристалдық торын сақтайды және қасиеттері негізінен құрамдық бөліктерінің қатынасына байланысты болады. Компоненттерінің өзара әлсіз байланысы осы құймаларды тез балқғыш жасағынымен, қолданғанда олардың қаттылығы сақталады.
Қатты ерітінді деп негізгі еріткіштің металл торларына еріген заттың атомдары кірген біркелкі кристалдардан тұратын денені айтамыз. Қатты ерітінді кезінде құймалардың элементтері өзара сұйық күйде де, қатты күйде де бір – біріне ерігіштік қасиет көрсетеді. Рентгендік тексерудің нәтижесі қатты ерітіндінің бір ғана торы болатындығынанықтағына ғылымға белгілі. Қатты ерітіндіде заттың атомы екінші бір заттың кристалдық торындағы атомдардың орнын басуы мүмкін, ал атом аралық кеңістігінде металл емес заттар ораналасады (көміртегі және т.б.). Осы қосылыстарға мысал ретінде ортопедиялық стоматологияда кеңінен қолданылып жүрген хром – никель, хром – кобальт құймаларын жатқызуға болады. Құймаларға бірнеше клиникалық – технологиялық талаптар қойылады. Олар:
механикалық қасиетінің жоғары болуы (иімділік, серпімділік, қаттылық, қозғалысқа төзімділік)
технологиялық өңдеуінің оңай болуы (штамптау, құю, дәнекерлеу, жалтырату, созу)
Отыруының аз болуы
Физикалық қасиетінің жоғары болуы (балқу температурасы төмен)
Жоғары химиялық тұрақтылыққа ие болуы.
Материалдардың механикалық қасиеті дегеніміз сыртқы өзгеріске, құраушы механикалық күшке және кез келген материалдың механикалық күшке төтеп беруі. Оны арнайы аппараттармен анықтайды.
Қаттылық дене деп бір денеге екінші дененің енуіне қарсы тұру қасиетін айтады. Материалдың қаттылығын Бриннель, Виккерс, Роквеллер әдістерімен анықтайды.
Беріктілік деп материалжың сыртқы күшке бұзылмай және өзгеріске ұшырамай қарсыласу қасиетін айтамыз. Беріктікпротез жасалатын кез-келген материалға қойлатын талаптардың бірі. Сонымен қатар материалдардың біріктігін жоғарлату үшін оны термиялық тұрғыдан өңдейді, созады және легирлейді.
Легирлеу – металға басқа металды қосып арнайы қасиет беру. Қолданылатын ондай материалдарды легирленген депайтады.
Серпімділік деп материалдардың сыртқы күш әсерінен пішінін өзгертуі және күштің әсері тоқтаған дағдайда өз пішініне қайта келуі қасиетін айтамыз.
Иімділік деп материалдың әлдеқандай сыртқы күш әсерінен бұзылмай пішінін өзгертіп, күштің әсері тоқтағаннан кейінсол пішінді сақтап қалу қасиетін айиамыз. Мұндай қасиеттерге қалыптық материалдар, балауыздар ие.
Технологиялық қасиеттері. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын матеиалдардың ең керекті технологиялық қасиеттеріне соғу (ковка), аққыштық, отыру жатады.
Соғу – материалды қысыммен кез келген үлгіге өңдеу.
Оның өңдеуге икемді болуы және бұл кезде материал күштің әсерінен өзінің тұтастығын жоймай, жаңа мөлшер мен көлемге ие болу қасиеті. Соғу, тек металдарға болады.
Аққыштық – материалдардың еріген, сұйық күйінде құйма пішіндері мен қысымдау пішіндерінің ұялы толтыруқасиеті.
Отыру – материалдың құйылғаннан соң қатқан кезіндегі көлемінің кішіреюі. Тіс протездерін дайындаған кезде материалдың отыруын есепке ала отырып құю керек.
Физикалық қасиеті. Оған материалдың түсі, тығыздығы, балқуы, жылу әсерінен ұлғаюы жатады.
Материалдың түсі. Ортопедиялық стоматологияда материалдың түсіне көп көңіл бөлінеді. Материалдар тістің немесе шырышты қабаттың түсіне сәйкес келуі керек. Пластмасса мен фарфордан басқа кез-келген металдар мұндай талапқа жауап бере алмайды.
Хром – кобальт, титан, алтын негізіндегі және күміс –палладий құймалары. Стоматология тәжірибесінде хром-больат құймасы 1933 жылы Vitаllium деген атпен қолданылған. Оны Erde және Prange енгізген. Хром-кобальт құймасының негізгі элементтері – хром, кобальт, никель, сонымен қатар олардың құймадағы проценттік мөлшері 85% кем болмауы тиіс. Сондай-ақ, хром-кобальт құймасына мынадай легирленген элементтер: молибден, никель, темір, кремний, көміртегі, ваннадий, мыс, беррилий, альюминий қосып,оның қасиетін жақсартуға болады. Хром құйма бетінде тотығуға қарсы тұрақты қабат түзіп, құйманың тотығуға ұшырауына жол бермей. Ал кобальт құймаға қаттылық береді. Құйманың ұсақ кристальды құрлысы мен жоғарғы беріктілігін алу үшін молибден қосады. Металдың әр түрлі өңдеуден соң қасиетін сақтап қалу үшін көміртегі қажет. Карбид түзуші элемент ретінде, яғни артық көміртегіні қосу үшін вольфрам қажет. Марганец, темір, кремний құйманың аққыштық қасиетін жоғарылатып, құйылудың сапасын жақсартады.
Хром – кобальт құймасы балқу температурасына қарай екіге бөлінеді:
Балқу температурасы 13160С-дан төмен.
балқу температурасы 13160С-дан төмен.
Кобальт – хром құймаларының құйылу сапасы жақсы болғанмен, оның құрамындағы кейбір компоненттер кей адамдарда аллергиялық реакция туғызады.
Қазіргі кезде стоматологияда хром-кобальт құймасын кеңінен қолдануы, оның физикалық және механикалық қасиеттерінің артықшылығына, меншікті салмағының жеңілдігіне жәнесұйық күйіндегі тез аққыштығына байланысты. Оның бұл қасиеттері әр түрлі тіс протездерін құюға мүмкіндік береді.
Хром кобальт құймасының тотығуға тұрақтылығы жоғары болғандықтан, оны сүйек тіндеріне енгізіп, тіс протездеріне тірек ретінде де қолданады. Хром-кобальт құймасы құйылғанна кейін 1,8-2% дейін кішірейеді. Сонымен қатар хром-кобальт құймасын стоматологияда, көбінесе жоғарғы дәлділікті қажет ететін протездерді құю үшін қолданады. Мысалы, көпір тектес протездердің қаңқасын және барлық мүмкін болатын шендеуші конструкцияларды металдан құю үшінқолданады. Ал шет елдерде металлокерамикалық протездің қаңқасын мынадай құрамдағы: никель 70% –ға дейін және хром 15-20% –дейін, құймалардан дайындайды. Сонымен қатар, оның құрамында молибден, алюмений, марганец т.б. элементтер кіреді. Мұндай құймалардың атаулары мынадай:Женени-И керамика; (АҚШ) микробонд (Франция); хромикс; Р-2 ультратек (Лихтенштейн); Вирон, Вирон-5, Вирон-77, Вирон-88 (Германия) және т.б.
Хром – кобальт құймасының құрамы
Құймалар
|
Құрамдық қатынасы, %
|
C
|
Si
|
Mn
|
Cr
|
Co
|
Mo
|
Fe
|
Ni
|
Be
|
Al
|
W
|
Виталиум
Виптам
Визил
1 құйма
2 құйма
3 құйма
|
0,4
0,1
0,35
0,2
0,2
0,2
|
0,3
1,1
0,4
0,4
0,1
0,2
|
0,5
0,7
1,0
0,2
-
-
|
30,8
28,5
27,0
14,9
28,8
27,4
|
62,5
45,5
66,2
0,9
64,2
28,7
|
5,1
-
4-5
18,5
-
4,6
|
0,7
-
0,5
5,0
-
-
|
-
24,6
-
55,6
4,3
37,5
|
-
1,2
-
-
-
1,2
|
-
-
-
-
0,7
0,2
|
-
-
-
-
-
1,2
|
Титан құймалары. Титан – ақ күміс түсті металл, ол атмосферада да, суда да, теңіз суында да қарамайды, сондай-ақ оған қышқыл мен негізәсер етпейді. Титанның тотығуға тұрақтылығы тот баспайтын болаттан жоғары. Беріктілігі жағынан титанның көрсеткіші темірден үлкен. Бірақ темірдің балқу температурасы титаннан жоғары . Болатқа титанды қосып жалтырлығын арттырады. Титан негізіндегі құймалар, негізінен, хирургиялық медицинада қолданылады. Кейде титанды «хирургтердің металды» деп те атайды. Стоматологияда титанды сүйекішілік, сүйек үсті қабатастылық және эндоодонтоэноссальды имплантаттар ретінде қолданылады. Соңғы жылдары титанды толық құймалы тіс протездердің қаңқасы ретінде, сонымен қатар көпіртектес протездің бетін жабу үшін титанның нитридін қолдана бастады.
Бағалы металдар құймасы. Ортопеджиялқ стоматологияда алтын, күміс, платина, палладий – бағалы металдарды кеңінен қолданылады. Олардың стоматологияда қолданылуының себептері: тотығуға тұрақтылығының жоғарлығы, балқу температурасының басқа металдарға қарағанда төменгі, тығыздылығының және илімділігінің өте жоғарлығы.
Таза алтын – жұмсақ сары металл. Ол өте созылмалы,одан қалыңдығы 0,14 мкм болатын жұқа фольга жасауға да болады. Алтынның балқу температурасы 10630С, мыстың балқу температурасы 10830С, күмістің балқу температурасы 9600С. Алтынның тығыздығы 19,3-ке тең болғандықтан ең ауыр металдар қатарына жатады. Алтын – суда, ауадан тұрақты. Алтынды стоматологияда мыспен және басқа металдармен араластырып, құйма ретінде кеңінен қолданылады. Ортопедиялық стоматологияда алтын құймасының мынадй екі түрін қолданады: 900 сынама (құйма сауыттарымен жасанды сауыттар дайындау үшін), 750 сынама (доғалы протездер мен кламмерлер дайындау үшін және дәнекер ретінде қолданылады). 750 сынамадан төмен сынама ортопедияда қолданылмайды.
900 сынамалы құйманың құрамы: 90% – алтын, 4% күміс және 6% – мыс. Ол штампттауға оңай келеді, жоғары қаттылыққа ие және тез қажалады. Сондықтан сауыттың кесу қыры мен шайнау бетіне қосымша алтын құяды. Штамптау кезінде металдың икемділігі жоғалады. Оны қыздыру арқылы орнына келтіреді, бірақ алтын саутты қыздырудан бұрын тұз қышқылына салып өңдеп алады, ол висмут және қорғасынның кейбір элементтерін ерітеді. Балқу температурасы - 10000С. Қалыңдығы 18, 20, 23, 25, мм диск ретінде шығарылады. КАлтынды дәнекерлеу үшін негізгі құймадан балқу температурасы төмен құйма қолданылады. Ол үшін алтын құйманың құрамында күмістен басқа мырыш пен кадмий қосады. Дәнекер ретінде қолданатын 750 сынамалыалтын құйманың құрамы мынадай: алтын 75 %, күміс 5 %, мыс 13 %, кадмий 5 %, латун 2 %. Бұл дәнекердің балқу температурасы 790-8100С. Алтынды басқа қоспалардан ажыратып алу процесін аффинаж деп аталады. Аффинажды белгілі бір химиялық реакциялардың көмегімен жүзеге асырады. Ол кезде қышқыл және тұздарды қолданады. Аффинаждың екі түрлі әдісі бар: 1) құрғақ әдіс 2) ылғалды әдіс.
Керамикалық массалар.
Фарфор биокерамика құрамы, қасиеттері.
Керамикалық массалар.Фарфорды стоматологияда қолдану тарихы 200 жылдан асады. Бірақ, біріншілік фарфор протездерді тек қана алмалы протездер жасалған кезде ғана қолданылады. Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын фарфорлық массаның құрамына дала шпаты (60-70%), каварц (15-35%) және саз болашақ (3-10%) кіреді. Бірақ, бұл проценттік көрсетішфарфорлық массаның қолдану көрсеткішіне қарай өзгеріпотырады.
Фарфордың қасиеті көптеген факторларға байланысты болады. Оның ішіндегі ең негізгілері – компоненттердің химиялық құрамы, массаның майдалану дәрежесі, температурасы және массаны күйдіру ұзақтығы. Фарфор құрамына ақ саз балшығы бар материалдар тобына енеді. Сондықтан керамика сөзі гректің «керамос» деген ұғымы, яғни құмыралық болашық деген мағынаны білдіреді.
Фарфор алынатын материалдар. Дала шпаты фарфорлық массаның негізгі компоненті болып табылады. Бұл химиялық жағынан күрделі құрлыс. Табиғатта оның үш түрі кеңінен таралған.
Клий дала шпаты (ортоклаз) K2O Al2O3 х 6SiO2
Натрий дала шпаты (альбит) Na2O Al2O3 х 6SiO2
Кальций дала шпаты (анорит) CaO Al2O3 х 2H2O
Қазіргі заманда фарфор дайындау өндірісте ең көп қолданылатын калий дала шпаты. Ол фарфорлық массаның негізгі құрамын құрайды.
Оның кпроценттік көрсеткіші фарфорлық массаны 65%-дан 75%-ға дейін болады. Балқу температурасы 1200-15000С-қа дейін жетеді. Балқыған түрі қою, шыны тәрізді масса күйінде болып, қиын балқитын компоненттерді (кварц және каолин) тез балқуына жағдай жасайды және ол бүкіл массаға гомогенді құрлымды беріп қана қоймай, массаның бетін бір тегіс етіп жалтыратады. Ортоклаздың тығыздығы 2,5-28-,8 г/см3, қаттылығы Моос бойынша 6-6,5. Гріген масса шпаты қатқан кезде мөлдір шыны тәрізді болады.
Кварц – да фарфорлық массаның негізгі элементі ғана болып қана қоймай, керамикалық заттарға жоғарғы тығыздық пен химиялық интерттілікті береді.
Кварц – кремнеземнің бір түрлі болып табылады және табиғатта кеңінен таралған. Кварцтың балқу температурасы 17000С, тығыздығы 2,65/см3 Моос бойынша қаттылығы -7. Кварцтың фарфорлық массада болуы, массаға тұрақтылықты береді, сондай-ақ кварцтың массада көп болуы, массаның балқу температурасын жоғарлатады.
Еріткіштер немесе флюстер – бұлар фарфорлық массаның балқу температурасын төмендетеді (оларға натрий корбанаты, кальций карбонаты жатады). Қазіргі заманғы стоматологиялық фарфорлық массада бұлардың мөлшері 25%-ға дейін жетеді. Олардың балқу температурасы 600-8000С.
Бояғыштар – бұларды фарфорлық массаның түсін тістің табиғи түсіне жақындату үшін қолданады. Бояғыштар ретінде металл, марганец, хром, кобальт, мырыш тотықтарын және т.б. пайдаланады.
Каолин – ақ саз балшық. Ол стоматологиялық фарфордың ең керек құрамы. Оның 3-10% қоспасы фарфорлық массаның күйдіру температурасын жоғарлатады. Коалиннің балқу температурасы 1700-18000С. Ақ саз балшық – бұл дала шпатының әртүрлі табиғи факторлардың әсерінен ұзақ уақыт ыдыраған тау шөгіндісі болып табылады.
Табиғи ақ саз балшық әдетте қосындылардан тұрады. Олар металл тотықтары кремнийдің қос тотығы, глинозем т.б.
Күйдіру кезінде каолин муллит кристалдарын түзеді. Әдетте олар фарфорларға беріктілік пен термотұрақтылық береді. Бірақ, олар фарфордың мөлдірлігін тез төмендетеді, сондықтан кейбір стоматологиялық фарфор дайындауда каолинді қолданбайды. Қрамында каолин жоқ фарфорлық массаға фластификатор ретінде қосады (қант, декстрин, крахмал).
Фарфорлық тістерді мүсіндеуді жеңілдету үшін, массаның ұнтағын анилинмен бояйды. Олар күйдіру кезінде толығымен жанып кетеді.
Фарфор – бұл әр түрлі компоненттерді қосу арқылы күйдіріп және пісірудің нәтижесінде алынады. Ол тұз қышқылынана басқа әр түрлі ортаға тізімді болады.
Фарфордан жасалынатын жасанды тісті сауытта арнай күйдіру тәртібімен жасайды. Жоғарғы температурада дала шпаты шыны тәрізді фазаға айналады. Ол әртүрлі компоненттерді ерітеді. Шыны тәрізді фаза күйдіру кезінде массаға пластикалық қасиет беріп қана қоймай, құрамды бөліктерді байланыстырады. Дала шпаты жасанды тіске күйдіруден соң тістің бетіне бір тегіс жалтыр глазиурлы беткей береді.
Кварц өнімінің морт сынғыштығын және фарфорлық массаның отыруына азайтады. Каолин массаның механикалық беріктігі мен ыстыққа тұрақтылығына әсер етеді. Фарфорлық массаны дайындауда қолданылатын әртүрлі компонент өнімдері шихта мынадй пайыздық қатынаста болады: 25-32%кварц, 60-70% дала шпаты және 3-10% каолин. Осы шихтаны аздап ылғандандырып, отқа төзімді болашақты ыдыс капсуланың ішіне нығыздап салады. Шихтаны капсуланың ішіне салмас бұрын, майдаланған кварц пен каолинді ыдыстың ішкі бетіне жағады, себеі шихта ыдыстың қабырғасына жабыспау керек. Содан кейін күйдіруге арналған пеште 13500 С температурада 20 сағат ұстайды. Шихтан күйдіру процесі «фриттеу» деп атайды. Ал, алынған өнім «Фритта» деп аталады. Керамикалық массалардың балқу температурасын төмендету үшін мынадай қопалар қосылады: бор қышқылы, литий корбанаты, магний тотығы, натрий коранаты.
Фарфорлық массаны дайындау технологиясы. Стоматологиялық фарфорлық массаны оның болашақта қолдану ерекшілігіне қарамастан, (дербес сауыттар, жасанды сауттар, металлокерамика үшін) біркелкі есеп жасайды. Фарфорлық массаны дайындауда ең маңыздысы бастапқы өнімнің тазалығы. Дала шпаты мен кварцтың ірі кесектері алдын ала 5-10 см-ге майдаланады. Содан соң арнайы бегундар арқылы дала шпаты мен кварц майдаланып ұнтақталады. Дайын болған өнімге әр түрлі флюстер қосып аралаластырады. Қоспаны шамотты тиглге орналастырып шыны масса алынғанша күйдіреді. Фриттаны тез салықндату арқылы оны шытынаады. Содан соң тиглден алып керек дисперциясына дейін ұнтақтайды. Фарфорлы тістің бояуы мен керек түсті алу, бояғыш пигменттерді қосу арқылы алынады. Содан кейін дайын ұнтаққа пластифактор мен аналин сырларын қосады. Осындай түрдегі фарфорлы ұнтақты тіс техникалық зертханасында протез жасау үшін қолданылады.
Фарфор массаларының құрамы.
Фарфор масалары
|
Дала шпаты
|
Кварц
|
Бор тотығы
|
Доломит
|
мырыш
|
Жерсазы
|
Гаман негіздік қабат
Дентин қабаты
Эмаль және мөлдір қабат
|
55,25
57,58
56,87
|
29,60
31,67
31,30
|
6,80
7,20
7,10
|
1,35
1,44
1,42
|
2,00
2,11
3,31
|
5,00
-
-
|
Фарфорлы массаның физико-механикалық қасиеті.
Стоматологиялық фарфор физикалық қасиеті жағынан шыныға жақын фарфордың түзілуі. Ол өте күрделі физико-химиялық процестің әсер етуі арқылы 100-13000С температурада отоклаз калий дала шпатына айналады. Фарфордың қөұрамына ең маңызды фактор – көпіршектер.
Көпіршіктер – олар порлар. Шыны тәрізді массаның түзілуіне қарай массаның беріктілігі ааяды, материалдың тығыздығы артады да, оның көлемі кішірейеді.
Фарфордың оптикалық қасиеті. Фарфордың оптикалық қасиеті жасанды тістің ең маңызды артықшылығы туғызады. Жасанды сауыттың тісі жарық шығарып тұрады, бірақ шыны тәрізді мөлдір емес. Мұны былай түсіндіруге болады. Адсорбцияланған мөлдір жарық диффузды түрде жайылады. Мөлдір еріген дала шпатының шынысы кварц жарықсындырғыш кристалдары мен муллиттің әсерінен бұлынғырланады. Стоматолгиялық фарфордың мөлдірлігін жоғарлату үшін газды порларды (көпіршіктерді) азайту керек немесе мүлдем жою керек. Бұл әдістің төмендегідей төрт түрі бар:
Фарфорды вакуумда күйдіру. Бұл кезде ауа массасы ерімей тұрып шығып кетеді.
Фарфорды диффузды буда күйдіру (сутегі, гелий). Мұны практикада қолданбайды.
Фарфорды 10 атм. Қысымда күйдіру. Әдістің жетіспеушілігі қайталап қыздыру мен глазурлеу мүмкін емес. Себебі көпіршіктер біріншілік көлемде қайтып келеді.
Атмосфералық күйдіруде фарфордың мөлдірлігін арттыру үшін ірі дәнді материал қолданылады. Мұндай фарфорды күйдіргенде ірі көпіршектер пайда болады, бірақ ұзақ дәнді көпіршектерге қарағанда аз болады.
Фарфорды күйдіргенде көлемін өзгертуі. Фарфорды күйдіргенде фарфорлық масса біршама шөгіп азаяды (20-40%). Көлемді шөгу керамикалық массаның бөлшектерінің керек мөлшерде тазаламай араларында қуыстардың болуына байланысты болады. Ал басқа себептеріне сұйықтықты жоғалту, органикалық заттардың жанып кетуі жатады. Көлемді шөгуде ең маңыздысы – шөгудің бағыты. Фарфордың шөгу бағыты үлкен жылуға, тартылу күшіне және үлкен массаға байланысты болады.
Фарфорлық сауыт дайындаған кезде керамикалық масса жиырылып, сауыттың орталығына қарай жылжып, платиналы матрицаны көтереді. Нәтижесінде мүсіндегі егелген тістің кертігімен саут қуыс пайда болады.
Фарфордың беріктлігі. Фарфордың беріктілігінің негізгі көрсеткіші болып, оны созғандығы, қысқандағы және иілгендегі көрсеткіші жатады. Стоматологиялық фарфор қысқанда жоғарғы беріктілікке ие болады. Сондай-ақ фарфордың мықтылығы вакуумды күйдірудің әр кезеңінде қолданылады. Күйдірудің уақыты қажетті температураға жеткеннен соң 2 минут аралығында шетілуі қажет. Иілгендегі беріктілігі – 600 – 700 кг/см2.
Фарфорлық массаның жіктелуі. Күйдіру температурасына қарай былай жіктеледі:
Қиын балқитын (1300-13700С)
Орташа балқитын (1090-12600С)
Тез блқитын (870-10650с).
15% кварц, 4% каолин. Орташа балқитын фарфордың құрамы 61% дала шпаты, 29% кварц, 10% әр түрлі балқытқыштар.
Қиын балқитын фарфор фабрикалық жолмен дайындалады. Орташа және тез балқитын фарфордан жасанды сауыт, қондырма көпірлі протез дайындайды.
Сауыттарды, қондырмаларды көпірлі протез дайындауда фарфорлы ұнтақты дистилденген сумен араластырып қою ботқа жасайды. Фарфорлық ботқаны матрицаға жағады. Матрица платиналы фольгадан дайындалады немесе фарфордың жамылдайындағанда отқа төзімді мүсінге немес фарфордың жамылғысы бар алынбайтын металл протез жасағанда металдың өзіне жағады. Ботқа толық конденсацияланғаннан кейін, судың артығын фильтрлі қағазбен алып тастайды. Содан кейін өнімді керамикалық табақшаға салып, вакуумды пештің кіре берісінде құрғатады. Содан кейін протезді пешке салады да, режим бойынша күйдіру жүргізеді.
Металды керамика. Металды керамика деп – толық құймалы металдан жасалған протездің каркасын фарформен жабу техникасын айтады. Металды керамикалық протез жасау үшін арнайы құймалар мен фарфор массалары шығарылады және мынадай талаптарға жауап беру керек.
құйманың балқу температурасы фарфордың күйдіру температурасынан жоғары болуы.
Құйма мен фарфордың термиялық кеңейту коэффициентінің айырмашылығы ең төменгі деңгейде болуы.
Фарфорға жабысу қасиеті болуы.
Құймалық қасиеті жоғары болуы.
Сапасының тұрақтылығы мен ұзақтылығы
Тотығуға тұрақтылығы
Ауыз қуысы тіндеріне қарсы реакциясының болмауы.
Металды керамикаға арналған фарфорлық массаның күйдіру температурасы 920-9800С деңгейде болады. Ол қолданатын құймалардың балқу темапературасынынан көптеп қалып отырады. Фарфорлық жабылу мынадай қабаттардан тұрады: негіздік немесе нрунтты қабат, қалыңдығы 0,2-0,3 мм, жартылай мөлдір дентин қабаты, қалыңдығы 0,65-0,8 мм эмальді және шыны қабат.
Фарфордың металмен тығыз және сапалы жабысуы үшін металдың бетін немесе базисті алдымен өңдеп дайындау қажет. Ең көп қолданылатын өңдеулер олар механикалық және химиялық әдіс.
Механикалық өңдеу үшін арнайы құмағымды аппарат қолданылады. Сонда металл бетіндегі шаң-тозаңдар кетіп, беті кедір-бұдырланады.
Химиялық өңдеу фарфор жабындысын өңдеуге арналған негіздер мен қышқылдар арқылы жүргізіледі. Қазақстан республикасында Ресей мемлекеті шығаратын бірнеше фарфор массалары қолданылады. Бұлар МК, Гамма, Синадент, ФЛ-1, Радуга Россин.
Ситалдар. Ситалдар жартылай кристалды шынылар тобына жатады. Ситалдардың физико-химиялық қасиеті жоғары. Ситалдар бірінші рет 1955ж. Румынияда, ал 1957ж. ССР мен АҚШ-та жасалған. Ситал жасанды жартылай кристалды материал, оны шынының химиялық құрамын кристалдандыру арқылы алады. Оның физико-химиялық қасиеті шынымен салыстырғанда көп жоғары болады.
Достарыңызбен бөлісу: |