ДӘрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет5/10
Дата22.08.2017
өлшемі1,49 Mb.
#24177
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Балауыздың құрамы, қасиеті, түрлерін білу. Қолдану ерекшіліктері

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Мүсіндеу кезінде әрбір балауыздың композициясын қолдану барысын да олардың қасиеттерін білу – протездің жақын шығуына себеп болады.
5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



  1. Ажыратқыш лактар.

  2. Түрпілік материалдардың түрлері.

  3. табиғи түрпілік материалдар.

  4. Жасанды түрпілік материалдар.


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Балауыздар – химиялық құрамы жағынан шектелген көмірсутектердің майлы қатарының бір атомды спирт және бір негізгі қышқылдары. Балауыздар бензинде, хлороформада, бензолда, эфир майларында жақсы ериді. Олардың слыстырмалы тығыздығы 1,0 төмен, яғни олар судан жеңіл. Жай қыздырғанда балауыздар жақсы жұмсарады да, иілмелік күйге ауысады. Егерде температураны одан ары жоғарлатаберсе, қалдықсыз еріп кетеді. Стоматологияда балауызды төрт топқа бөледі:

      • Жануарлар балауызы.

      • Өсімдіктер балаузы

      • Минералды балауыз.

      • Синтетикалық балауыз.

Жануарлар балауызына насекомдар мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болды. Оларға ара балауызын, стеарин, қытайлық спермацеттер жатады. Олардың ішінде ең көп тарағаны ара балауызы мен стеарин.

Ара балауызы деп араның өмір сүру қызметінен пайда болған өнімді айтады. Оның өзіне тән иісі бар және түсі сары болады. Тығыздығы 0,95-0,97г/см2, балқу температурасы 62 - 640, жұмсару температурасы 380с маңында.



Өсімдіктер балауызы: кейбір өсімдіктер әртүрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар бөліп шығарады. Оларға пальманың жапырақтарынан – карнауб, жемістерден – жапон, шөптерден канделиль балауызы жатады. Балауыздың түсі сұр-жасыл, қолда сезілмейді, пышақпен кесілмейді, бірақ смола тәрізді морт сыңғыш. Балқу температурасы 83-910С. Эфирде және қайнағыш спиртте ериді. Таза күйінде қолданылмайды.

Минералды балауыз. Бұларға парафин, озокерит және монтан балауызы тән. Бұл заттар қазба балауыздарына жатады.

Парафин – бұл шектелген көмірсутектердің қоспасынан тұрады кристалды масса. Парафинді, балауызды парафинді мұнайдан тұрады. Ол эфирде, күкіртті көміртекте, бензинде жақсы ериді, спиртте ерігіштігі аз.



Монтанды балауыз. Бұл балауыз негізінен жоғарғы спирттің күрделі эфирінен тұрады. Балқу температурасы 73-800С. Синтетикалық балауздарға қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұсқас, жасанды заттардан алынатын заттарды жатқызуға болады. Синтетикалық балауыздар ортопедиялық стоматологияда кеінен қолданбайды.

Ортопедиялық стматологияда қолданылатын балауыз композициялары.

Ортопедиялық стоматология қажетіне арналған балауыз қоспалары құрамы, қасиеті және қолданылуына байланысты әртүрлі болады. Бұл қасиеттеріне балқу температурасы, жұмсаруы, қаттылығы, серпімділігі, тұтқырлығы және басқалары жатады. Балауыздың және балауыздар композициясының теріс қасиеттеріне: олардың жоғарғы дәрежедегі термиялық коэффициентінің ұлғаюы немесе сығылуы жатады. Балауыздардың жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, суытқан кезде бірінші сыртқы қабаты жұмсақкүйінде болады.

Мұндай жағдай балауыздың бөліктерінде ішкі кернеудің пайда болуына акеп соғады. Ішкі кернеу, жасалған конструкциялардың қалыптарын өзгертіп, мүсіннің дәлділігін бұзады. Балауызда пайда болған кернеуді жайлап қыздыру арқылы жоюға болады. Жоғарыда келтірілген кейбір келеңсіз жайларды мүсіндеу кезінде еске ұстап, әрбір балауыздың композициясының қолдану барысында олардың қасиеттерін білген абзал.

Болашақ жасалатын протездердің, аппараттардың және шиналардың қалыптарын материалдардан жасайды. Мұны модельдеу деп те атайды. Тіс технигінің жұмысында мүсіндеу маңызды орын алады. Тіс технигінің жұмысында мүсіндеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалынғанконструкцияларды тексеріп, содан соң олардың тұрақты материалмен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі құю болып есептеледі.



  1. Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

  2. Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иімділік қасиетінің болуы.

  3. мүсінделе алатын қабілетінің болуы.

  4. Мүсінделгеннен кейін жеткілікті қаттылығы менсерпімділігінің тиісті дәрежеде болуы.

  5. массаны балқытқанна немесе күйдіргеннен соң, қалыпта қалдықтың қалмауы.

  6. Шөгуінің аз болуы.

  7. қалыбын өзгертпеуі.

  8. Түсінің материалдардың беткі қабатының түсінен басқа болуы.

Тіс техникасында балауыздардың қоспасы қолданылады және олар атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: базисті, доғалы, мүсіндеуші, профилді, жабысқақ. Олардың әр түріне, қолданылатын жеріне байланысты, белгілі бірталаптар қойылады. Олардың ішінде ең маңызды рөлі балқу температурасы, жұмсару температурасы, кеңеюі, аққыштығы, пластикалық қасиеттері, эластикалық қасиеттері атқарылады.

Базисті балауыз. Оны алмалы-салмалы протездердің базисін жасауға қолданады және тік төрт бұрышты, түсі қызыл, пластинка түрінде базисті балауыз деген атпен шығарады.

Базисті балауыздың құрамына парафин (78-88%), ара балауызы (4-22%), синтетикалық цезерин (3,5-8%), карнауб балауызы 1%, дамар резинасы – каучук (1%), бояғыштар (0,1%) кіреді.

Базисті балауыз мынадай қасиеттерге ие:


  1. жұмсарған пластинкалар бір-біріне оңай жабысады, қолға жабыспайды.

  2. балауыздың ауыз қуысының тіндеріне зиянды әсері жоқ.

  3. 230С температурада өткір заттармен оңай өңделеді.

  4. жалында аздап қыздырған кезде балауыздың беті тегістеледі.

  5. бояғыштары протезді қайнатқанда боямайды.

Доғалы балауыз. Ол мұндай атпен диаметрі 82 мм, қалыңдығы 0,4-0,5 мм қызғылт түсті диск түрінде шығарылады. Қолданылуы доғалы протездің қаңқасының аралық бөлігінің мүсінденге қолдаылады. Құрамы базисті балауыздың құрамынан айырмашылығы жоқ, тек арнайы технологиялық өңдеулер нәтижесінде иімділігі жоғарғы, ыстыққа шөгуі төмен. Доғалы балауыздаржоғарғы иімділік қасиетіне ие болып,оңай үсінге пішінделеді. Доғалы протездің аралық бөлігін мүсіндеу үшін, балауызда от жалынында немесе ыстықсуда ұстап, мүсінге орналастырып пішіндейді.

Тұрақты протездерді мүсіндеуге арналған балауыздар. Мұндай балауыздар «Көпір тектес протездерді мүсіндеуге арналған балауыз» деген атпен төрт бұрышты көк түспен мөлшері 40х9х9мм бағана түрінде шығарылады.

Қолданылуы: көпір тектес протездердің аралық бөлігін, тістің анатомиялық пішінін мүсіндеуге қолданылады.

Құймалы балауызды жартылай алмалы-салмалы протез элементтерін, доғалы протез қаңқасын құю үшін қолданылады. «Қатаң формадент» деген атпен тік бұрышты пішінде, жасыл түсті пластинка күйінде шғарылады.

Формадент құймалы кламмерлерді, доғалы торларды және тағы басқа доғалы протез элементтерін балауыз мүсіндерін силиконды пішінде құйып шығаратын балауыз қосындыларынан тұрады.

Профильді балауыздар.

Бұлар Восколит, Восколит – 1,2,3 деген атпен шығарылады. Восколит-1, Воколит-2 төрт мөлшерлі цилиндрлі ұшықтар түрінде шығарылады. Ұзындығы -120мм, 120,75мм және диаметрі 2; 3; 4,6; 9 мм түрінде болады. Қолданылуы стоматологиялық конструкциялар мен құймаларды құю үішін, құю жүйесін құру үшін қолданылады. Құрамы шамамен (% мөлшерде): парафин – 40,0 церезин – 57,0 канифоль – 2,0 бояғыш – 0,008.



Жабысқақ балауыз. Жабысқақ балауыз тіс техникалық жұмыстарға арналған балауыз. Ұзындығы 82 мм және диаметрі 8,5 мм қоңыр түсті цилиндрлі ұштық түрінде шығарылады. Құрамы (% мөлшерде) канифоль – 7,0 ара балауызы – 25,0, қара монтан балауызы -5,0 металға жақсы жабысады, пішіні ыңғайлы. Балқу температурасы – 65-750С. Жабысқақ балауызды протез бөлшектердің қалыпты, мүсінді жабыстыру үшін қолданады. Құрамындағы канифоль балауыздың металға, фарфорға жабысуын күшейтеді

11. Жаңа тақырыпты бекіту. -------------------------------------------------------30 мин (22%)

  1. Балауыздың құрамы.

  2. Балауыздың түрлері, қолданылуы.

  3. базистерге, көпіртектес протездерге, доғалы протездерге арналған балауыздар.

  4. жабысқақ балауыз.

12.Сабақты қорытындылау. --------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың білім деңгейін бағалау.

Келесі сабақтың тақырыбын хабарлау.

13. Үйге тапсырма беру. -------------------------------------------------8 мин.(6%)

1.Балауыздың балқу температурасын, түрлерін, қолданылуын білу.


Сабақ №7
1.Сабақтың тақырыбы: Тіс протездік техникада қолданылатын пластмассалар туралы жалпы мағлұматтар және оның жіктелуі.

2.Сағат саны: 3сағат. 135мин (100%)

3.Сабақтың түрі: теориялық

4.Сабақтың мақсаты:

оқыту: Пластмассалардың түрлерімен танысу. Полимеризация кезеңдерінің ережесін білу.

тәрбиелік: «Дантист» біліктілігі бойынша базалық құдіреттілікке ие болуы тиіс.

дамыту: Стоматологияныңжоғарғы жетістіктерінің бірі- тіс протездерінің базистеріне пластмассаны қолдану. Пластмассалардың жіктелуін, қайнату ережесін білу.

5.Оқыту әдісі:

6. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: Самсон аппараты, шлиф мотор, ғаныш пышағы,компъютер.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Фантом, Колба, Шпательдер, Плакаттар және пластмассалар яғни Фторакс, Этакрил Синма-М және эластикалық массалар.

б) оқыту орны: Тіс техникалық бөлмесі

7. Әдебиеттер:

Ескерту: әдебиеттер тізімін жыл сайын жаңартуға болады.

Негізгі:

1. Дойников А.И., Синицын В.Д., «Зуботехническое материаловедение»

(Москва, «Медицина 1981г.»)

2. Гернер М.М., Батовский В.Н., Шарчилев В.И., Нападов М.А., «Основы

материаловедения по стоматологии» (Москва, «Медицина», 1969г.)

3. Рыбаков А.И. «Материаловедение в стоматологии»

( Москва, « Медицина», 1984г.)

Қосымша :


  1. Линков Л.И. «Без зубных протезов» (Санк-Петербург, 1990г.)

  2. Варес Э.Я. «Восстановление полной утраты зубов» (Донецк, 1993г.)

8. Ұйымдастыру кезеңі------------------------------------------------------------------8 мин(6%)

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. -----------21 мин(16%)

(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)



  1. Балауыздардың құрамы

  2. балауыздардың түрлері, қолданылуы.

  3. табиғи түрпілік материалдар.

  4. Ажыратқыш лактар


10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)

Жоғарғы молекулярлы қосылыстардың жіктелуі.

Барлық заттардың молекулаларына кіретін амтомдардың санына байланысты олар төменгі молекулярлы және жоғарғы молекулярлы қосылыс деп молекуладағы атомдардың саны 1000, ал молекулярлы массасы 104-105 г/моль шамасындаболатын затты атайды.

Жоғарғы молекулярлы қосылыстар, өздерінің қасиеттеріне байланысты тән қағидаларына сай бірнеше түрлі болып жіктеледі. Мономерді тізбектерінің түріне байланысты 2 топқа бөлуге болады. Бірінші топқа негізінде полимерлеу немесе жанама полимерлер жатады. Екінші ьтопқа полимерді поликонденсациялау процесі арқылы алынатын заттар жатады.

Жоғарғы молекулярлы қосылыс құрлысының кеңістікте орналасуы бойынша жіктелуі.



  1. Сызықты полимерлер – мономерлі химиялыө байланыспаған жалғыз ілікті тізбектер. Оларға желати, табиғи каучук, целлюлоза жатады.

  2. Тармақталған полимерлер. Мұндай құрлымға мұндай табиғи жоғарғы молекулярлы қосылыстар жатады: крахмал және гликоген.

  3. Кеңістікті полимерлер –бұлар негізінен жанама полимерлерде орналасқан.

Сызықты полимерлер сонымен бірге тармақталған және тармақталмаған полимерлерде, органикалық еріткіштерде негізгі қасиеттерін өзгертпей тез ериді және суытқанда қатаяды.

Жоғарғы молекулярлы қосылыстар, сонымен бірге, органикалық емес және органикалық болып екіге бөлінеді.

Органикалық емес полимерлерге силикаттар жатады. Мысалы: кремний қышқылы және туындысы силоксандар.

Органикалық полимерлерге полиэтилен, полиметилакрилаттар жатады. Сондай-ақ, органикалық полимерлерге көп мөлшерде табиғижоғарғы молекулярлы қосылыстарбиополимерлер жатады.

Олигомерлер – полимерлеудің жартылай өнімдері. Бір макромолекулада мономердің тізбектерінің бірнеше түрлері болса,оны жанама полимер деп атайды.

Функционалды рөліне байланысты полимерлерді стоматологияда 3 түрге бөледі: базисті, клиникалық, көмекші.

Қыздырылған кездегі жағдайына байланысты пластмассаны термопластикалық және термореактивті деп екіге бөлінеді.

Термопластикалық полимерлер – қыздырғанда жұмсаратын, ал суытқанда құрамы өзгермей қатачятын полимерлерді атайды. Оларға полиметилметакрилат, полистирол, капрон, поливинилхлорид, полиэтилендер жатады.

Термореактивті полимерлер: 150-1700С температураға дейін қыздырған кезде екіншілік жұмсару қасиеті жоғалып, химиялық құрамы өзгеріске ұшырайтын полимерлер. Оларға бакелит, аминопласт, фенопласт т.б. жатады. Қазіргі кезде ортопедиялық стоматологияда акрилді пластмассалар қолданылады. Акрилді пластмасса, акрилді, метакрилді қышқылдардан және оның эфирлі туындыларынан күрделі химиялық жолмен алынады. Олар мономерден және полимерден тұрады.

Мономер түссіз, өткір, арнай иісі бар сұйықтық, қалыпты жағдайда ұшқыш, қайнау температурасы 100,30С, тез жанады. Ультракүлгін сәулелерінен полимеризацияланып шыны тәрізді затқа айналады. Сондықтан оны күкірт ыдысқа сақтайды.

Полимер – мономердің туындысы, ұнтақ зат түрінде болады. Химиялық атауы полиметилакрилат деп аталады. Полиметилакрилат химиялық спасы жағынан тұрақты зат, себебі олар қышқылда, негізде, бензинде ерімейді, тек ацетонда, хлорофильде ериді. Ауыз қуысының шырышты қабатында зиянды әсері жоқ.

Негізгі материалдарға қойылатын физико-химиялық – технологиялық талаптар.



  1. протезге шайнау қысымы түскенде қаттылығы мен беріктілігі жоғарғы болуы керек.

  2. жасанды тістер тығыз байланысуы керек.

  3. протез дайындау кезінде, өзгеріске ұшырамауы тиіс.

  4. сілекейде ерімеуі керек.

  5. тамақ қабылдау кезінде ауыз қуысының температурасы өзгергенде көлемін өзгертпеуі керек.

  6. эластикалық қасиетке ие болуы шарт.

  7. Жақсы тегістеліп жалтырауы керек.

  8. түсін өзгертпеуі керек.

  9. ауыцз қуысының шырышты қыбытын тітіркендірмеуі керек.

  10. Түсі ауыз қуысының шырышты қабат түсіне ұқсас болуы керек.

  11. жағымсыз иісі мен дәмі, болмауы қажет.

  12. дайындалу процесі оңайболуы керек.

  13. сынған жағдайда қайта жөнделуі керек.

Протез негізіне арналған пластмассаларды, мысалы, мақсаты алмалы – салмалы пластиналы протездің базисін дайындау үшін қолданады. Фторакс құрамында фторы бар акрилді жанама полимерлер негізінде құралған ұнтақ – сұйықтық түріндегі, ыстықта қатаятын пластмассадан тұрады. Фторакстан жасалған протездің эластикалық және беріктілік қасиеті жоғары. Фторакс өзінің түсі мен жартылай мөлдірлігіне байланысты ауыз қуысы тіндерінің түсіне толық сәйкес келеді.

Дайындау әдісі: ұнтақ пен сұйықтықты 2:1 қатынасында фарфорлы немесе шыны ыдыста мұқият араластырады. Масса бір ыдыстың бетін тығыз жауып, 10-15 минуттай ұстаптұрады. Массаның пішіндеуге дайын болған кезі деп өзінің жабысқақтығын жоғалтып, ыдысқа, қолға жабыспайтын кезін айтады. Осыдан кеін массаны кюветаға салып, престің астында 10-15 минут қысып ұстап тұрады да, осыдан кейін кюветаны доғалы қысқыштарға қысып термиялық өңдеуден өткізеді.

Термиялық өңдеу. Фторакстың полимерленуін су моншасында жүргізеді және ол процесс мына кезеңдерден тұрады.


  1. Су моншасының t0-сын бөлме t0-сынан бастап 45-500С –ға дейін көтеріп, 15-20 мин. Ұстайды. Содан кейін 45-50 мин. Аралығында суды қайнатуға дейін жеткізеді.

  2. Су моншасының осы температусасында 30 мин аралығында ұстап тұрады.

  3. Осыдан кейін кюветаны бөлме температурасына дейін суытады.

Бакрил – басқа материалдармен салыстырғанда өте берік, алмалы салмалы протездердің жасанды тістерін жасау үшін қолданылатын акрилатты пластмасса. Ұнтағы эласторлармен (бутил акрилат каучугінің төменгі молекулярлы жанама полимері, аллилметилакрилат және ММА) күшейтілген полиметилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилакрилат. Сұйықтығы дифенилпропонол қосылған метилметакрилат. Бакрил жоғарғы технологиялық қасиетке ие. Өндірісте беріктілігінің салдарынан әсіресе тегістеу және жылтырату кезінде құралдардың тез қажалып істен шығуына байланысты Бакрил шығарылмайды.

Этакрил – 02.

Этакрилдің (АКР-15) ұнтағы үшін эфирдің жанама полимері: метил және этил эфирлерінің метакрилді қышөылдарымен, акрил қышқылының метил эфирлі қосындылары. Этакрилдің мономері (сұйықтығы) метилакрилат мен метилметакрилаттың қосындыларынан тұады. Мономердің құрамында ингибитор гидрохинон және пластификатор дибутилфталат бар. Этакрилді жартылай және толық алмалы пластиналы протез дайындау үшін қолданылады.



Протез базисін жасауға арналған пластмассалардың жіктелуі.

  1. базиске арналған пластмассалар (Фторакс, Этакрил -02, Акрил, Акронил, Ортопласт, Comtrу)

  2. жұмсақ базиске арналған пластмассалар (Ортосил, Flexor, Ортосил, Sinpa)

  3. протез сынықтарын қайта жабыстыру мен базисті көтеруге арналған пластмассалар (Карбопласт, редонт, Протакрил М және т.б.)

  4. конструкциялық пластмассалар яғни ортодонтиялық аппараттармен жақ бет ортопедиясында қолданылатын өздігінен қатаятын пластмассалар (Редонт-03, Протокрил –М, Стадонт)

Конструкциялық базисті пластмассалардың 3 түрі бар.

  1. ұнтақ –сұйықтық түріндегі пластмасса

  2. гель түріндегі пластмасса

  3. термопластикалы құймалы пластмассалар

Полимерлердің негізгі физико-химиялық және технологиялық қасиеттері.

Полимерлердің технологиялық қасиеті, олардың табиғатына, мономердің құрылысы мен тазалығына, молекулалық массасына байланысты болады.

Аққыштық - өзіндік массаның күшімен қамтамасыз өзгеріске ұшырауы. Бұл – иімділіктің бір түрі. Ал тұтқырлық дегеніміз аққыштықтың кері көлемі.

Полимердің деструкциясы - материалдың қайтымсыз бұзылу процесі.

Серпімділік – сыртқы күш әсері тоқтағаннан кейін материал өз күшімен пішіні мен көлемін қалпына келтіру қасиеті.

Иімділік – бұл қатты дененің сыртқы күш әсерінен өзінің пішіні мен көлемін қайтымсыз өзгертуі.

Эластикалық – серпімділікті береді, яғни материал сыртқы күш әсерінен өзгеріске ұшырайды.

Пластификациялау – пластификаторларды енгізу.

Полимердің ісінуі – полимер молекуласына мономер ұйықтығының енуі.

Полимерердің тәртібінің бұзылу нәтижесінде протез бетінде көпіршектер пайда болып протездің шытынауына және сынуына әкеп соғады. Пластмассаның 3 саңылауы бар: газды, қысу, гланулярлы.

Газды саңылау – пішіндеуші массаның полимеризация ішілік мономердің ұшып кетуінен пайда болады. Бұл жағдай полимерлеу тәртібі бұзылған кезде туындайды. Ал, пластмассалы қамыры бар кюветаны бірден ыстық суға салған кезде қысу саңылаулары пайда болады. Бұл жағдай пішіндеуші массаға жеткілікті қысым түспеген кезде бос жерлер пайда болып, сол жерлерде саңылаулар түзіледі.

Гранулярлы саңылау – ол мономердің ұшып кеткен бөлімдеріндегі мономер – полимерлі массаның ісінуі ашық ыдыста болған жағдайда болады.

Пластмассалардың түрлері.


  1. Өздігінен қатаятын пластмассалар: редонт, Редонт-02, Редонт-03, Карбопласт, Протакрил –М.

  2. Ыстыққа қатаятын пластмассалар: Фторакс, Этакрил-02, Суперакрил Плюс.

Негізгі конструкциялық материалдар. Протез негізінде жасанды тістер, кламмерлер және басқа да протез элементтері бекітіледі. Протез негізінде қолданылатын материалды біз негізгі материал деп атаймыз. Бұл материалдар қолдану ерекшілігіне, өңделуіне байланысты мынадай талаптарға жауап беруі тиіс.

  1. Жеткіліктті деңгейде берік болып, соған сәйкес эластикалық қасиетке және шайнау қысымының әсерінен протездің бүтіндігін сақтап өзгеріске ұшырамау қасиетіне ие болуы.

  2. Соққыға жоғарғы түрде қарсы тұру қасиетіне ие болуы керек.

  3. Меншікті салмағы аз және жылу өткізгіштігі төмен болуға тиіс.

  4. Жеткілікті деңгейде қаттылығының және қажалуының төмен болуы.

  5. Сілекейге және әр түрлі тамақтарға бейтарап болуға тиіс.

  6. Сыртқы ортаның әр түрлі факторларының әсеріне түсін өзгертпеуі керек.

  7. Ауыз қуысы және организімнің тіндеріне зиянды әсерінен болмауы.

  8. Ауыз қуысының микрофлорасының және тамақ бөлшектерін өзіне сіңіріп алмау қасиетінің болуы.

Сонымен бірге қосымша негізгі материалдар тағы да мынадай талаптарға жауап беруі тиіс.

  1. Фарформен, металмен, пластмассамен тығыз байланысуы.

  2. материал өзіне келген пішінде толық сақталуы және өңделуі керек.

  3. Жөнделуге оңай келеуі тиіс.

  4. тіс және қызыл иек тіндерінің түстеріне ұқсас болуы

  5. материалдың өзгеше дәмі және иісі болмауы тиіс.

Қазіргі уақытта протез негіздері үш мынадай түрдегі пластмассалар қолданылады.

  1. акрилді

  2. винилакрилді

  3. полистиролды модификацияланған, негіздегі

  4. жанама полимерлер немесе келтірілген пластмассалардың қоспасы.

Сонымен қатар пластмассалар полимерлердің құрылысына қарай 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топтағы материалдардың полимер немесе жанама полимер молекуласының құрылысы ұзын тізбек түрінде болады. Бұл топтың негізгі өкілі АКР-15 пластмассасы.

Екінші топтағы материалдардың полимерінің құрылысы ұзын тізбек түрінде болғанымен, бір-бірімен байланысқан және кейбір бөліктеріне тігілген. Бұл материалдың өкіліне «акрил» пластмассасы жатады.

Үшінші топтағы материалдардың полимерінің құрылысы тігілген болып, жанама полимерлерге қабілетті болады, яғни құрамында фторы бар каучукты полимер түзеді.

Өздігінен қатаятын пластмассалар. Өздігінен қатаятын пластмассалар деп бөлме температурасында полимерленетін пластамассаларды атайды.

Өздігінен қатаятын пластмассалардың өзіндік ерекшілігі бар. Олар:



  1. Полимерленуден кейін массада 5% мономер қалады. Ол ыстықта қатаятын пластмассадан 10 есе көп.

  2. Түзілетін полимер тізбектері ыстықта қатаятын пластмассадан қысқы.

  3. Полимерлеу кезінде здігінен қатаятын пластмасса көп жылу бөледі. Ол массада көпіршектер пайда болуына себеп туғызады.

  4. Полимерлеу кезінде пластмассаның кейбір активаторы тұрақсыз болып келеді. Соның нәтижесінде пластмасса уақыт келе түсін өзгертеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет