Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,64 Mb.
#5030
1   2   3
Сауалнама бойынша дауыс берген адамдардың 35 % дәрілік өсімдіктеді пайдаланса, ал 65 % химиялық қоспасы бар дәрі-дәрмекті пайдаланып, уланып, өз ауыруын одан әрі асқындырып жатыр.

Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиетін, пайдалану жолдарын, олардың көптеген ауруға шипа екендігін насихаттау барысында көптеген жұмыстар жүргіздік. Аудандық, облыстық газеттерге, жастар көп пайдаланатын әлеуметтік желілерге мақалалар жіберіп, түсіндіріп, насихаттадық.





Құрамында көптеген адам ағзасына қажетті дәрумендерге бай.

В2, Р, К, Е, каротин 12-18 мг, органикалық қышқылдар, алма және лимон заттары, эфир майлары, минералды тұз, темір, марганец, фосфор, кальций, молибден, кобальт, хром, мыс, тағы басқа заттар кездеседі

Дәрілік өсімдіктердің ерекше қасиеттері

Көптеген ауруларға зиянсыз дәрі-дәрмек

Тез сіңімді

Оңай, әрі қарапайым жолмен дәрі жасауға болады


ҚОРЫТЫНДЫ


Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады. Дәрілерді дайындау үшін шикізат ретінде пайдаланылатын дәрілік өсімдіктер бөлек іріктеледі. Дәріні, көбінесе, жабайы өсімдіктерден алады. Көптеген өсімдіктердің емдік қасиеттері бар. Оларды дәрілік өсімдіктер дейді. Осы заманғы кейбір ең таңдаулы дәрілер жабайы шөптерден жасалған. Соған қарамастан адамдар пайдаланып жүрген дәрілік шөптердің бәрі бірдей медициналық тұрғыдан өз бағасын алған жоқ, ал ондай шөп қолында барлар көбіне оны қате пайдаланады. Өз өлкеңіздегі осындай шөптерді зерттеуге тырысыңыз және қайсысының емдік қасиеті бар екенін анықтаңыз. Кейбір дәрілік шөптер, егер оларды ұсынылғанынан кейін, артық мөлшерде қабылдаған жағдайда, өте улы келеді. Бұл орайда, осы заманғы дәрілер әлдеқайда қауіпсіз, себебі олардың мөлшерін оңай анықтауға болады.
Өкінішке орай, медицина бұл емдік қасиеті өте күшті, сирек кездесетін шөп әлі күнге дейін қолданылмай келеді. Ал халық емшілері күшаланы өкпе ауруларына және бел омыртқа сыздап, буындар сырқырағанда қолданады (ревматизм, падагра, бруцеллез, артрит, т.с.с.). Өкпе туберкулезін емдегенде күшаланы қымызға салып ерітіп, бір кесе тұнбасын күніне 2 рет (күн шығарда және күн батарда) ішетін. Ал омыртқа мен буын ауырғанда дәрілік шөптің тұнбасын теріге абден сінгенше сылап жаққан. Одан кейін науқас адамды жылы орап тастаған. Бұл шөп өте ұлы болғандықтан, оны аса ұқыптылықпен пайдаланып отырған.

Табиғаттың қыр-сырына қанық мамандар біздің елімізде 6 мыңнан астам өсімдіктің өсетінін айтады. Оның ішінде 500-ге жуығы дертке дәру берерлік қасиеті бар екен. Біле білген адамға осының өзі қаншама байлықтың көзі деп айта аламыз. Алайда оған өз деңгейінде назар аударып жүрген ешкімнің жоқтығы қынжылтады. Болмаса, қытайлар секілді біздің де өз емдеу тәсіліміз арқылы әлем жұртшылығының алдында абыройымыз асқақтар еді ғой.

«Бабын тапсақ, байлық жерде» деп халық бекер айтпаған. Жалпы, халық медицинасына пайдаланып келген шипалы шөптермен емдеу мәселесі бүгінгі таңда өзіндік назар аударуды талап етер мәселе болып саналады.

Дәрілік өсімдіктерді зерттей келіп, мен мынадай ойларды түйіп, төмендегідей ұсыныстар айтқым келеді.

1.Қазіргі медицинада адыраспанның емдік қасиеттерін қолдану енгізілсе

2. Дәрілік өсімдіктердің зерттеп, оның емдік қасиетін халық назарына ұсынып отыратын орталықтар ашылса

3. Дәрілік өсімдіктер жайында,газет, журналдарға арнайы мақалалар  жарияланып тұрса

Сол кезде еліміздің, халықтың денсаулығы жақсарып, ұзақ өмір сүруші, денсаулығы мықты ұрпақ өсіп-өнер еді

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов)

2. «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж

3. «Ботаника »сисметика растений. Москва «Просвещение »1975 г ( Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)

4.Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990



5. Сыр бойы. Қызылорда обл. газеті. 2012 05.06. № 6 басылым.
6. Ә. Нұрмағамбетов. 1990, 111 «Қазақстан ұлттық энциклопедиясы» 23-бет. 
7. Биология оқыту әдістемесі. 1998 ж. 75 бет 
8. Биология. «Атамұра», 2002 ж. 78 бет 
9. Жетісу. Энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004. — 712 бет 
10. «Келешек ұрпаққа арналған қоршаған орта», «Алматы-2004» 48-53 беттер. 
11. “Қазақ Ұлттық Энциклопедиясы”, 1 – том 63бет 
12. «Табиғатты аялайық», «Алматы-2003» 40-41 беттер 
13. Интернет желісі. /Yandex.kz; Google.kz/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет