Ылғалды гранулдау. Ылғалды гранулдау ылғалды массаны қысу (ысқылау) арқылы ; өлшенген (псевдоқысылған) қабатта немесе шашыратқыш кептіру арқылы жүргізеді.
Қысу арқылы ылғалды гранулдау келесі кезекті операциялардан тұрады: дәрілік және қосалқы заттарды араластыру; ұнтақтарды гранулданған сұйықтықпен араластыру; ылғалды массаларды елеуіш арқылы ысқылау (қысу); кептіру және опалау.
Араластыру және ылғалдындыру операцияларды әдетте қиыстырады және араластырғышта орындайды. Ылғалды массаларды елеуіш арқылы ысқылауды грануляторлар (елеуіш машиналары) көмегімен жүргізеді.
Алынған гранулаларды әр түрлі типті кептіргіштерде кептіреді. Аса тиімді кептіру бұл псевдоқысу қабатында кептіру. Ұнтақтың (грануляттың) псевдоқысу қабаты күрделі (перфорациялы) түбті камерада түзіледі, бұл арқылы үлкен ағынмен ыстық ауа өтеді. Негізгі артықшылықтары – процестің жоғары интенсивтілігі, энергетикалық шығындардың төмендеуі, процесті толық автоматизациялау мүмкіндігі, өнімнің сусылмалылығын сақтау. Пенза зауыты "Дезхимоборудование" СП-30, СП-60, СП-100 типті кептіргіштер шығарады.
Кейбір аппараттарда гранулдау және кептіру операцияларын қиыстырады. Ылғалды күйде металды тормен контактыда бола алмайтын дәрілік заттар үшін де массаны ылғалдандыру, кептіру және ұсақтау қолданылады.
Гранулятты опалауды грануланың бетіне жұқаұсақталған заттарды (сырғанатын, майлайтын, қопсытқыш) бос жағу арқылы жүргізеді. Гранулятты опалауды әдетте араластырғыштарда жүргізеді.
Өлшенген (псевдоқысу) қабатта гранулдау бір аппаратта араластыру, гранулдау, кептіру және опалау операцияларын қиыстыруға мүмкіндік береді. Материалдың псевдоқысу қабаттында гранулдау өлшенген қабатта ұнтақтарды араластыру, кейін араластыруды жалғастыру арқылы оларды гранулданған сұйықтықпен ылғалдандыру. Гранулдау үшін СГ-30, CГ-60 типті кептіргіш – грануляторлары қолданылады.
Шашыратқыш кептіру арқылы гранулдау. Бұл әдіс ерітінді немесе сулы суспензия, қыздырылған ауа өтетін, форсункалары бар кептіргіш камерада шашыратылады. Шашырату кезде үлкен мөлшерлі тамшылар түзіледі. Тамшылар үлкен бет әсерінен ылғалды тез жоғалтады. Бұл кезде сфералық гранулалар түзіледі. Бұл әдіс термолабильді заттар үшін қолданылады, себебі бұл жағдайда ыстық ауасы бар контакт минималды болады.
Құрғақ гранулдау. Құрғақ (престеу) гранулдау – бұл берік гранулаларды алу үшін ұнтақтардың немесе олардың қоспаларының арнайы грануляторларда ылғалсыз тығыздалуы. Бұл әдіс дәрілік зат су әсерінен ыдыраған жағдайда қолданылады.
Құрғақ гранулдау:
Брикеттеу;
Грануланы формалау (пресс-гранулдау) арқылы жүреді.
Брикеттеуді брикеттік машиналарды немесе арнайы компакторларда жүргізеді. Алынған брикеттерді немесе пластиналарды кейін сындырады және гранулятқа айналдырады. Тиімді грануляторлар деп компактау, ұсақтау және алынған грануланы бөлу процестерін қиыстыратын грануляторлар. Кейбір жағдайларда брикеттерді (пластиналарды) гранулданған қоспаны балқыту арқылы алады. Кейін оларды гранула алынуна дейін ұсақтау.
"ХУТТ" фирмасымен (Германия) гранулоформалайтын машиналардың қатары ұсынылған, мұнда ұнтақтардың қоспасы бірден гранула алуға тығыздалады.
Гранулалардың сусылмалылығын жоғарлату үшін оларды арнайы мармеризер аппаратында сфералық формаға дейін домалатады.
Престеу (таблеттеу) арнайы пресс – таблеткалы машиналардың көмегімен жүргізеді.
Таблеткалы машинаның негізгі бөліктері саңылаулары – ұялары бар престейтін поршеньдер – пуансондар және матрицалар. Төменгі пуансон матрица саңылауына кіреді, белгілі кеңістікті қалтырады, бұл кеңістікке таблеттеленетін масса себіледі. Содан кейін жоғарғы пуансон түсіріледі және массаны престейді. Кейін жоғарғы пуансон көтеріледі, оның артынан дайын таблетканы итеріп төменгі пуансон көтеріледі.
Таблеттеу үшін екі типті таблеткалы машиналар қолданылады:
ҚТМ – қисықтиекті (эксцентрикалық) және РТМ – роторлы (револьверлі немесе әткеншекті). КТМ типті машиналар матрицасы қозғалмайды, жүкті құрылғы матрицаны толтырған кезде қозғалады. РТМ типті машиналар матрицалар матрицалық үстелмен бірге қозғалады, жүкті түйін (воронкасы бар қоректендіргіш) қозғалмайды. Машиналар престеу механизмі бойынша ерекшеленеді. КТМ-да төменгі пуансон қозғалмайды, престеу жоғарғы пуансон арқылы жүзеге асады, шұғыл-соққы типті. РТМ-да престеу екі пуансон арқылы, арнайы подпрестеу арқылы жүзеге асады. Сондықтан РТМ арқылы алынатын таблеткалардың сапасы өте жоғары болады.
КТМ типті машиналар төмен өнімділікті және шекті қолданылады. Негізгі таралған машиналар өнімділігі сағатына 500 мың. таблеткалар болатын РТМ типті машиналар.
Таблеткалы машиналар келесі фирмалармен өндіріледі: "Килиан" и "Фетте" (Германия), "Манести" (Англия), "Стокс" (АҚШ) және т.б. Ресейде МНПО "Минмедбиоспецтехоборудование" өндірісінің машиналары кең таралған және НПО "Прогресс" қ. Санкт-Петербург. РТМ типті машиналар құрылғысы оқу құралында, ал КТМ типті Муравьева И.А., C. 358. кітабында жазылған.
РТМ типті заманауи таблеткалы машиналар – бұл вибрациялық типті қоректендіргіштері бар күрделі құрылғы, ұнтақтарды матрицаға вакуумдық беру, дозалаудың біркелкілігін қамтамасыз етеді. Оларда таблеткалар массасын және престеу қысымын автоматтық бақылауы болады. Машиналар конструкциясы жарылу қауіптілігін қамтамасыз етеді. Пресстен шығатын таблеткалар бетінен шаң фракцияларын жою үшін шаңсыздандырғыштар қолданылады.
Дайын таблеткаларды бөлшектеп өлшеуге немесе оларды қабықшамен жабады.
6. Таблеткалар үшін "жабын" термині екі мағынаға ие болады: онымен қабықшаның өзін белгілейді, және оны ядроға жағу процесін белгілейді. Таблеткалар жабыны (қабықшасы) дәрілік форманың құрылымдық элементі болып екі негізгі функцияны атқарады: қорғаныш және терапевтикалық.
Бұл кезде келесі мақсаттар орындалады:
Қоршаған ортаның жағымсыз факторларынан таблеткалар құрамын қорғау (жарық, ылғал, оттек, көмірқышқылдар, механикалық әсерлер, тағам ферменттері және т.б.).
Терапевтикалық эффектісін өзгерту (пролонгирлеу, локализация, дәрілік заттардың тітіркендіргіштілігін жұмсарту).
Биологиялық сұйықтықтарда ерігіштігіне байланысты таблеткалардың жабынын төрт топқа бөледі: суда еритіндер, асқазанда еритіндер, ішекте еритіндер және ерімейтіндер. Әр түрлі жабынды таблеткалардан заттардың босатылу құрамы және механизмі оқу құралдарында сипатталған.
Құрылыс және жағу әдісі бойынша таблеткалы жабындарды үш топтарға бөледі:
Драждалған (қантты);
Қабықшалы;
Престелген.
Драждалған жабын дражды қазанда (обдукторда) қабаттау әдісі арқылы, немесе псевдоқысу қабаты жағдайында алынады.
Қабықшалы жабынды дражды қазанда жабынды ерітіндіні шашырату (пульверизация) арқылы немесе псевдоқысу қабатта, немесе қабықша түзгішті (вакуумтіркейтін пластиналарда немесе ортадан тепкіш күшті құрылғыда ядролардың кезекті малту) ерітіндіге батыру арқылы жағады, кейін оны кептіреді.
Престелген жабынды бір әдіспен – арнайы екі престі таблеткалы машиналарда престеу арқылы жағады. Таблеткаларды қабықшалармен жабу таблеттеудің жалпы технологиялық схемасының бір стадиясы болып табылады. Бұл кезде дайын таблеткалар (әдетте екі дөңесті формалы) жартылай дайын өнімдер рөлін атқарады, яғни қабықша жағылатын ядролар. Жағылу әдісіне және қабықшаның түріне байланысты технологиялық операцияларын орындауда кейбір өзгешіліктер болады.