Дәрілік заттар Органогенез фазасында


Сана-сезімі мен тілінің дамуы



бет9/9
Дата06.04.2022
өлшемі31,16 Kb.
#138148
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
4-айлық нәресте

Сана-сезімі мен тілінің дамуы:

  • нәресте дүниеге келгеннен кейін 2-аптада-ақ оянғаннан кейін бірнеше минут көзін ашып жатады, қарны ашқан кезде жылай бастайды, саусағын сорады;

  • анасы емізерде бетін солай қарай бұрып, аузын ашады, емуге ыңғайланып, жұтынады;

  • 1 айлығында ширап, аяқ-қолын ербеңдетеді, басын жан-жаққа бұрады, түрлі-түсті заттарға көз тоқтатып қарайды;

  • 2 айлығында дауыс шыққан жаққа мойынын бұрады, ашық түсті зат көрсетсе, емгенін тоқтатады, әр түрліэмоциялық реакция пайда болады, өзіне қаратып айтылған сөзге езу тартып шалықтап, "гуілдейді";

  • 3 айлығында дыбыс шыққан жақты сезеді де, сол жаққа бұрылады, кәдімгідей күледі;

  • 4 ай толғанда заттың қозғалысын көзімен бақылайды, бөтен адамға жатырқап қарайды, іліп қойған ойыншықрады түрткілеп ойнайды, оларды ұстайды;

  • 5 айлығында анасы мен туыстарын жақсы таниды, өзіне қаратып айтылған дауысты ажырата алады, іліп қойған ойыншық, сылдармаққа қолын созып ұстап, көпке дейін босатпайды;

  • 6 айлығында ойыншықтарға көңіл аударады, оларды қолына ұстап көтеріп, бір орыннан екінші жерге алып қояды, сөз буындарын айтуға алғашқы талпыныс жасайды, қасықпен берген тамақты іше алады, тағамды көргенде аузын ашады;

  • 7 айлығында айнадағы өз келбетіне қарай талпынады, көп уақытқа дейін уілдеп "сөйлейді", бір орында тұрған затты көзімен іздейді, қолда қолға ұмтылады, сөдің жеке буындарын ("ма-ма", "а-па") жақсы айта алады;

  • 8 айлығында ересектердің өтінішімен үйреткен қимылдарды қайталайды, көзіне түскен затты қолына алуға немесе іздеп табуға тырысады, ойыншықтарға анықтап қарайды, бір-біріне соғады т.б.;

  • 9 айлығында әр жерде жатқан ойыншықтарды іздеп табады, кейбір сұрағаныңды орындайды, ұсақ заттарды жинастырады, жәшіктегі ойыншықтарын алып ойнайды;

  • 10 айға толғанда қарапайым сөздерді айта алады, атаған ойыншықты өзі іздеп табады, тыйым салғанды ұғады, жасырынбақ ойнайды (бетіне жаялығын бүркейді);

  • 11-12 айлығында көптеген заттардың атауын біледі, 10-12 сөзге тілі келеді, дене мүшелерін айырып көрсете алады, көресткен және бұрын таныс әрекеттерді қайталайды, сондай-ақ жаңадан әрекеттер жасайды т.б.

Баланы шомылдыру

  • Нәрестені алғашқы 5-7 күн ішінде ваннаға отырғызып шомылдырмай (кіндігі түскенше), тек күн сайын сабындап, жылы сумен жуындырады.

  • Нәрестені шомылдыратын судың температурасы 35-36°С болуы тиіс; ал алғашқы аптаның ішінде судың температурасын бұдан да жылы жасайды (36-37°С).

  • Бөбекті шомылдыратын бөлменің температурасы 20°С-дан төмен болмауы керек.

  • 6 айға толмаған баланы ваннада 5 минуттан артық ұстауға болмайды, ал 6 айдан асқан соң 10 минут шомылдырады.

Баланы серуендету

  • Жаз айларында туған балаларды әйелдер босанатын үйден шығысымен-ақ далаға шығаруға болады, ал қыста туған баланы ауаның температурасы 10°С -ден төмен болмаса, 2-3 аптадан кейін шығарады.

  • Алғашқыда 10 минуттан артық серуендетуге болмайды; ал бір айлық бала таза ауада 40 минут болғаны жөн. Кейін бірте-бірте 5-10 минуттан қосып отырады да, сәби 3 айға толғанда серуенге шығу уақытын күніне 4 сағатқа дейін (қыста) жеткізеді.

  • Суық уақытта 2,5-3 айлық баланы күніне 2-3 рет далаға шығарып тұру керек, бірақ барлығы 2 сағаттан аспауы тиіс.

  • Бүлдіршінді далаға шығарда ауа райына қарай киіндіреді.

Бала ойыншықтары
Ойыншықтарды баланың жасына қарай алу керек, бірден көп алуға болмайды, бала бір ойыншыққа көңіл аударуына, зер салып қарауына мүмкіндік жасау керек.

  • 3 айлық балаға ойыншық тек көңіл аударып қарау үшін ғана қажет (шар, балық, үйрек т.б.);

  • 3 айдан 6 айға дейінгі балаға қолына ұстатуға ыңғайлы ойыншықтар;

  • 6 айдан бастап әр түрлі пішінді дыбыссыз, дыбысты ойыншықтар. Дыбысты ойыншықтар бала тілінің жетілуіне және сөзді түсінуіне ықпал жасайды;

  • 9-12 айлық балаға шығыршықты пирамидалар, текшелерді беруге болады.

Босанғаннан кейін қолданылатын контрацепция әдістері
ЖАТЫР ІШІЛІК СПИРАЛЬ (ЖІС) Жатыр ішілік сайман жүкті болып қалмау үшін қолданылады. Оның тиімділігі 97%. Өзге шаралардан айырмашылығы ол жұмыртқа жасушасының ұрықтану- ын болдырмайды, ұрықтың жатыр қабырғасына бекінуіне жол бермейді, яғни оны мезгіліне жетпей түсікке айналдырады. Кейін бұдан жүктілікке жеткізбейтін әдет қалыптасуы мүмкін. Сондықтан, бұрын бала тумаған әйелдердің мұны пайдаланбағаны жөн. а. ЖІС тиімділігі. нәтижелігі жоғары; басқа жүйелердегі зат алмасу процестеріне зиянды әсері; жатырішілік сайманның бір реттік процедурасын ұзақ уақыт (3-5 жыл) қолдануға болады; егер әйел бала көтергісі келсе, ЖІС –ды алдырғаннан кейін 4-6 айдан соң оны қайта салдыруға рұқсат етіледі және осы аралықта жүктіліктен сақтануға өзге тәсілдерді қолдануға болады; б. Әсер етуі. Медикаментозды емес ЖІС. Контроцепциялық әсері жатырдағы бөтен дене қатысуымен жергілікті асептикалық реакцияның болуына байланысты. ЖІС бөтен дене ретінде миометридің жиырылуын шақырып, оны тездетеді. Бір уақытта жатыр түтіктерінің перистальтикасын жоғарлатады, сол себепті ұрықтанған жұмыртқа клеткасы фаллопиев түтігінен тез өтіп, жатыр қуысына имплантациялануына тез түседі, сондықтан бір жағынан жұмыртқа клеткасы әлі толық өсіп жетілмеген, бір жағынан эндометри әлі оны мплантациялауға дайын емес. в. Зиянды әсері. Жатырдан қан кету. ЖІС негізгі алып тастау себебі , менструацияның тоқтамауы және менструация аралығындағы қан кетулер. Сол кезде міндетті түрде темір препараттарын ішу керек және психотерапия сеансын жүргізу тиіс. Көбінесе бөтен дене жатырға еніп бейімделгеннен кейін қан кетулер азаяды. Егер қан кетулер тоқтамаса жатыр ішілік сайманды алып тастау керек. Жатыр түбінің перфорациясы. Бұл ЖІС – ді қолданғанда болатын ауыр асқынулардың бірі. ЖІС – ні енгізгенде біріншілік тесілу мысалы: 1000 процедура ішінде 1 жағдай кездеседі. Егер тексеру кезінде дәрігер жатыр мойнында бақыланатын жіпті көрмесе әйел ЖІС – нің түсуін байқамаса тез арада жатыр түбінің тесілуі деп қорытынды жасау керек. Дұрыс қойылған сайман әйелдің де, еркектің де жыныстық қарым қатынасына ешқандай кедергі жасамайды. ЖІС жатыр қуысына өсіп кетуі және жіптің қуысқа тартылып кетуі мүмкін. Инфицирлену. Жатыр қуысына жатыр қуысына ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 24 сағат аралығында қалыпты жағдайда стерильді болып есептеледі. Осыдан кейін бактериялармен инфицирленеді , бірақ көп жағдайларда табиғи қорғаныс күштері бұл бактерияларды жойып жібереді. ЖІС енгізгеннен кейін алғашқы 2 аптада жамбас мүшелерінің инфицирлену жиелігі жоғары болады, уақыт өткен сайын біртіндеп төмендей бастайды. г. Қарсы көрсеткіштер. Жыныс мүшелерінің жедел және жеделдеу қабыну аурулары; Жиі өршитін созылмалы қабыну аурулары; Инфекциялы – септикалық аурулар және әр – түрлі этиологиялы қызба; Жатыр ақауларының дамуы; Истмико – цервикальді жеткіліксіздік; Жыныс мүшелерінің қатерлі және қатерсіз ісіктері; Менструальді циклдің бұзылуы; Анықталған немесе мүмкін болатын жүктілік; Жүктілікке байланысты асқынуы.
БАРЬЕРЛІК КОНТРАЦЕПЦИЯ ӘДІСТЕРІ Барьерлік контрацепция әдістері (диафрагмалар, мүше қаптар, губкалар және спермицидтер) жүкті болудан, ЖЖЖС – дан, басқа гинекологиялық аурулардың дамуынан, әсіресе жатыр мойны карциномасы даму қаупін төмендетеді. Ұрықтандыруға қарсы заттардың зианды әсерлері тәжірибиеде аз деп есептеледі. Келесі барьерлік контрацепция түрлерін: ерлердің ( мүшеқап – сперманың қынапқа кіруінен сақтайды ) және әйелдердің (диафрагмалар, губкалар және спермицидтер) деп бөледі. Мүше қаптар тиімді, қауіпті емес және салыстырмалы арзан, ЖЖЖС – дан сақтайтын жеке әдіс. Оны басқа контрацепция әдістерінде ЖЖЖС – дан сақтануға қосымша әдіс ретінде қолданады. Бұл әдіс мына жағдайда пайдалы, егер серіктер әр жыныстық қатынас кезінде қолданса. а. Тиімділігі келесі фактрларға байланысты болады: Серіктер жасы (жасы үлкен серіктерде фертильділік төмендейді). Жүкті болуды ескерту немесе жанұяны жоспарлауды кейінге қалдыру. Серіктердің жоғары деңгейдегі білімділігі. Жүктілік болу жиілігі 1 жылда 100 әйел ішінен 5-10 жағдай кездеседі. б. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар. Латексті мүшеқаптар ауа, су және микроорганизмдерді өткізбейді. Сондықтан ЖЖЖС – дан сақтайды. Ал, басқа материалдардан жасалынған мүшеқаптар мұндай қасиет көрсетпейді, келесі қоздырғыштармен шақырылатын ауруларды өршітеді. в. Жатыр мойнының карциномасы. Ұрықтануды болдырмайтын барьерлік заттар жатыр мойнын онкологиялық аурулардың дамуын тудыратын себептерден сақтайды. Бірақ мүше қаптар жатыр мойнының дисплазиясын тудыруы мүмкін. Спермицидтер. Оған гелдер, аэрозольді көпіршіктер, көпіршікті және көпіршіксіз суппозиторилер жатады. Бұл әдәсті диафрама, губка және мүше қаптармен бірге қолданады. Бірақ, әйелдердің 3% ғана спермицидтерді қолданады. а. Әсер етуі. Барерьлік контрацептивтер активті компонент тез бөледі және қынаппен жатыр мойнынна жайылу қабілеті бар. Спермицидтер жатыр мойнына сперматозоидтардың кіруіне физикалық бартер ретінде кедергі жасай алады. Жатыр мойны шырышына енген сперматазоид бөлігіне спермицид әсер еткен соң, фуртильдік қасиетін төмендетеді. Спермицидтердің активті ингридиенттері сперматозоидтардың қозғалғыштығын аналық клеткаға енуін жүргізетін фермент активтілігін төмендетіп, оларды жояды. Беткейлі – активті заттар ( мысалы ноноксинол 9 және октоксинол 9) сперматозоидтың сырқы мембранасын бұзады. Фермент ингибитрлары ( мысалы, госсипол) – спермостатиктер; олар сперматозоидты жүргізетін ферменттердің активтілігін төмендетеді және фермент акросомалары (мысалы, гиалуронидаза және проакрозин ), ұрықтану кезінде аналық клетканың мөлдір қабатынан сперматозоидтың өтуіне кедергі жасайды. б. Жүктілік болу жиілігі бір жылда 100 әйел ішінен 5 – 25 жүкті болады, ол бірнеше факторларға байланысты мысалы, егер спермицид жатыр мойнын толық жаппаса, онда оның әсері нәтижесіз. в. Зианды әсері. Қазіргі қолданылып жүрген спермицидтердің зиянды әсері табылған жоқ. Әйелдердің спонтанды аборт жасау жиілігі және ұрықта, балада туа пайда болған ақаулар қаупі жоғарлайтын болса спермицидтерді қолдану қарсы көрсеткіш болып табылады.
ТАБИҒИ ЖОЛМЕН ЖҮКТІЛІКТЕН ҚОРҒАНУ Босанғаннан кейін әйел организмінде аса қажетті физиолгиялық процестер, әсіресе жыныс жүйесінде өзгерістер болады. Босанғаннан 7-8 апта өткен соң жатырдың шырышты қабаты қайта қалпына келеді. Сегізінші аптада жатыр көлемі 3 – 5 см3 кішірееді. 6 аптада емізбейтін әйелдердің 5% және емізетін әйелдерде 15 % жағдайда овуляция процесі болады. Емізетін және емізбейтін әйелдерде менструальды цикл орташа есеппен 9 – 18 аптада қалпына келеді. Фертильділікті осы кезеңде реттеу басты роль атқарады. Бұл кезде лактациялық аминорея әдісі ( ЛАӘ) қолданады. ЛАӘ — контрацептивті әдіс, ана сүтімен емізуге негізделген. Бірақ уақытша контрацептивті әдіс деп есептелінеді. ЛАӘ жүктілік болудан табиғи түрде қорғайды. Бұл әдіс баланың бірінші 6 — айында нәтижелі болады, бірақ берілген критерилерді қатаң түрде сақтасақ. (Лактациялық аменорея жайлы толықтай мына жердегі материалдан біле аласыз) Лактациялық аменорея қолдану критерилері: Босанғаннан кейін бірінші 6 – айға дейін; Әйелде аменарея болса; Әйел балаға тек емшек сүтін берсе; Ана сүтті баланың қажетінше емізіп, басқа тамақ бермеу керек; Күніне 6 реттен аз емес ( түнгі емізуді қоспағанда ) ;
ХИРУРГИЯЛЫҚ КОНТРАЦЕПЦИЯ Қазір көп елдерде хирургиялық контрацепция әдісі кең қолданылады. Ерікті хирургиялық стерилизация ( ЕХС ) 2 түрге бөледі: әйелдердің ерікті хирургиялық контрацепциясы және ерлердің хирургиялық контрацепциясы. ЕХС туралы консультацияға келген клиент толық танысады. Әдістің тиімділігі: тұрақты бір ретті шешім қабылдау, жүктіліктен қорғанудың табиғи және тиімді болуына байланысты. Асқынуы: ЕХС, басқа операцияларға сияқты белгілі асқынулар болады (қан кетулер, қабыну процестері немесе оның асқынулары). Бірақ дамушы елдерде стерилизация жүктіліктен сақтануға қоданылатын басқа әдістермен салыстырғанда 30 – 80 рет қауіпсіз. Пациенттер, яғни әйел / еркекке қатысты сұрақтарды толық сұрауға мүмкіндігі бар. Тек әдісті толық түсінген жағдайда жанұяны жоспарлау дұрыс болады. Пациенттердің хирургиялық әдісті таңдауы және оған шешім қабылдауы өз еркінде. Консультант пациентке ЕХС – тің бар этаптарын, зиянды әсерлерін және асқынуларын, фертильді қабілеттің қайтымсыз екенін, жыныстық фукцияға және денсаулыққа әсер етпейтінін түсіндіруі тиіс. ЕХС – ті босанғаннан кейін 4 аптаға дейін жасайды. Егер 4 аптадан аса басқа контрацепция әдісін қолдануға ұсыныс беріледі. ЕХС – ті пациенттің арнайы медициналық картаға келісімі жазылғаннан кейін жасайды. Әйелдерге арналған ерікті хирургиялық контрацепция Әйелдердің ЕХС хирургиялық контрацепцияның қауіпсіз әдісі болып саналады. Қарастырылған мәліметтерге сүйенсек операциядан кейін 100 мың адамнан 10 адам өлім санын құрайды. Ал дамыған елдерде 100 тірі туған елдер ішінен ана өлімін 300 – 800 адам құрайды екен. Әйел стерилизациясын босанғанан кейін немесе жүктілікті үзгеннен соң жасауға болады. ЕХС аналық клетка мен сперматозоидттың ағып
келіп қосылуын болдырмау үшін жатыр түтігінің өткізгіштігін блоктау мақсатында жасайды.
Қолданылған әдебиеттер:

  1. « Ана мен Бала»

  2. «Уход за новорожденным» Рылова Н.Ю.

  3. «Акушерство» Аймалазян Э.К.

  4. «Педиатрия» Шабалов Н.П.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет