Механикалық антисептика: жарадағы өлі және езілген ұлпаларды, ұйыған қанды, бөгде затты тазалау, жараны көп мөлшердегі сұйықтықпен жуу және тазалау жатады.
Физикалық антисептика: жарада микробтардың өмір сүруі үшін жағымсыз жағдай туғызу, яғни жараны кварцтау, ультркүлгін сәулелермен емдеу, жараға түтік кою, турундаларды гипертониялық ерітіндіге малып қолдана отырып жарадағы іріңді, басқа да сұйықтықты сыртқа шығару.
Химиялық антисептика:микробқа қарсы әсері бар түрлі дәрілік заттарды қолдануға негізделген. Бұл дәрілік заттарды антисептиктер (этил спирті, хлоргексидин биглюконат, сутегінің асқын тотығы, йод, бриллиант жасылы, фурациллин ерітіндісі, лизоформин, эросан т.б.) деп атайды.
Биологиялық антисептика: антибиотиктерді, сарысуларды, вакциналарды қолдану.
Аралас антисептика дегеніміз антисептиканың бірнеше түрін бір мезетте қолдану.
Санитарлық - эпидемияға карсы тәртіптің мақсаты - ауруханалық (нозокомиялық) инфекциялардың алдын алу. Ауруханалық инфекция -стационардағы науқастарда немесе оларды күтіп және емдеп жүрген медицина қызметкерлерінде дамитын инфекциялық аурулар. Бұл асептика мен анитисептика ережелерін бұзу салдарынан, яғни әр-түрлі ауру қоздырғыштарна қарсы шаралардың ережелерін сақтамағанда дамиды. Мысалы, тұмау, вирусты В және С гепатиттері, т.б. нозокомиальды инфекциялар - бұрын соңды инфекцияланбаған адамдарға аурухана ішінде жұқтырылған инфекция, Мұндай аурухана ішілік инфекциялар өте тұрақты микроорганизмдермен шақырылады, себебі олар осы аурухана ішінде кең спектрлі антибактериялық дәрілер қолданылып жүрген ортада тіршілік етеді. Аурухана ішілік инфекциялардың ішінде ең жиі кездесетіні стафилококктар.
Санитарлық тәртіптің медицина қызметкерлеріне қоятын негізгі талаптарының бірі, ол медицина қызметкерлерінің дер кезінде және үнемі медициналық тексеруден етіп тұруы керек. Медициналық тексерілу кезінде міндетті түрде флюорографиядан етуі керек, микрореакциялық анализ тапсыруы керек, дәрігерді жалпы қарап тексеруі және асхана жұмысшылары бактериологиялық тексерілуден және т.б, өтуі керек. Медициналық тексерілуден өткендігі туралы белгі жеке санитарлық кітапшаға қойылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің кез келген медициналық мекемелерде маңызы зор. Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіптің ережелерін сақтау емдеуді және науқастарды күтуді ұйымдастырудың басты бір белігі. Емдік мекемелерде арнайы микроклимат жағдайын туғызу жарықтандырудың, жылу берудің, ауа тазартудың (тұракты ауа температура, ылғалдылығы) негізгі ережелерін сактаумен байланысты іске асырылады.
Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіпті ұстану стационар немесе кез-келген медициналық мекеме аймағын үнемі тазалықта сақтауды қарастырады. Бөлімшелерден жиналған керексіз заттар тығыз жабылатын қақпағы бар металлдан жасалған ыдыстармен өз уақытында шығарылады.
Керекті санитарлық тәртіпті (стационар бөлмелерін ылғалды тазалау, ондағы тазалық тәртібін сактау, науқастарды санитарлы-гигиеналық өңдеу) сақтау орта және кіші медицина қызметкерлерінің міндетіне кіреді. Медициналық кызметкер жалпы тәртіпке сай таза халатпен, керек болса қалпақ пен маскамен жүруі керек. Арнайы киімдерді, төсектерді және т.б. орталықтандырылған жуғыштарда кір жуғыш заттармен жуылып бөлімшелерде үтіктеледі. Хирургиялық халаттар, маскалар және бахилалар жуылғаннан кейін автоклавта өңделеді.