Дәрілік заттарды енгізу жолдары



бет6/6
Дата26.05.2022
өлшемі41,48 Kb.
#145205
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәрілік заттарды енгізу жолдары

Строфантин жүрек гликозидтеріне жатады. Ол миокардтың күшін және жиырылуын күшейтеді, жүрек соғуын азайтады.Жүрек жеткіліксіздігінде жүрек соққысын және минуттық көлемін күшейтеді, қарыншалардың босаңсуын жақсартады, жүрек көлемін азайтады.Көк тамырдан енгізу кезінде 3-10 минуттан кейін әсер етеді, 1-3 күнге дейін созылады. Қолдану көрсетілімдері: - жүрек жеткіліксіздігі - тахикардия - аритмия Строфантин 1 мл 0,025% немесе 0,05% ерітінді ампулада шығарылады. Қолдану: - көк тамырға 0,025% - 0,25 мг (1 мл) 10-20 мл - 5%, 20%, 40% глюкоза ерітіндісімен немесе изотониялық ерітіндісімен (Na Cl) ерітеміз. Баяу 5-6 минут ішінде жіберу керек, тез жіберсек шоктың дамуын себеб болады, тәуілігіне 1 рет қолданылады, немесе тамшылатып 100 мл изотониялық ерітіндімен немесе 5% глюкоза ерітіндісімен жібереміз. Науқастың жалпы жағдайын және жүрек қан тамыр жағдайларын тексеріп, барып қолданады. Жүрек гликозидтерінің токсикалық әсері нәтижесінде ас қорту жүйесінің, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылуы мүмкін. Сонымен қатар көрудің нашарлауы, жүрек ритмі және өткізгіштігі бұзылуы мүмкін. Строфантин қатаң дәрігердің тағайындауымен жіберіледі. Жүрек гликозидтерін енгізген кезде науқастың жалпы жағдайын, жүрек- қан тамыр қызметін бақылау қажет.
Есте сақтаңыз: Жүрек гликозидтерін бір уақытта диуретиктермен (гипотиазид, диакарб, фуросемид) тағайындау калий жоғалтуға әкеледі. Бұл аритмиямен сипатталатын гликозидты интоксикацияға әкеледі.
Коргликон жүрек гликозидтеріне жатады. Әсері строфантиннің әсеріне жақын. Коргликон тікелей Na+, K+ иондарына әсер етеді, ол өз орнында жүрек бұлшық еттеріне әсері зор. Көк тамырға енгізгенде 3-5 минуттан кейін әсері көрінеді. Ағзадан зәр арқылы 28 сағат ішінде шығарылады. Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі, пароксизмальды қарыншааралық тахикардия Қолдану дозасы: Коргликон 0,06% - 1 мл ерітінді ампулада 1 қорапшада 10 дана шығарылады Көк тамырға 5-6 минут ішінде енгізіледі, 5% - 10-20 мл глюкоза ерітіндісімен бірге тәулігіне 1-2 рет. Ересектерге 0,5-1 мл, жас балдарға: 2-5 жас- 0,2-0,5мл; 6-12 жас- 0,5-0,75 мл, тәулігіне 2 рет- 8-10 сағат аралығында. Кері әсері: Брадикардия, экстрасистолия, жүрек өткізгіштігінің бұзылуы, лоқсу, жүрек айнуы құсу, іштің ауырсынуы, диарея, көрудің нашарлауы Кері көрсеткіштері: жедел миокардит, эндокардит, брадикардия, стенокардия, 2 жасқа дейінгі балаларға
Егулерден кейін байқалатын асқынулар
• Дәрілерді парентеральды енгізген кезде жиі: инфильтраттар, абсцесс,Дәрілерді парентеральды енгізген кезде жиі: инфильтраттар, абсцесс, флегмона, некроз, аллергиялық реакция байқалады.
Олар асептика флегмона, некроз, аллергиялық реакция байқалады.
Олар асептика ережелерін сақтамаудан дамиды: стерильды болмаған шприцтерді ережелерін сақтамаудан дамиды: стерильды болмаған шприцтерді қолдану, мейіргер қолдарын дұрыс өңдемеу, , дәрілік заттарды енгізу ережелерін сақтамау, аллергологиялық анамнезді анықтамау. Әсіресе келесі ерітінділерін енгізгенде назар аудару қажет:: эуфиллин, кордиамин, кокарбоксилаза, камфора, дибазол, папверин,эуфиллин, кордиамин, кокарбоксилаза, камфора, дибазол, папверин, витамин В6 , НО-ШПА және әсіресе 25% магний сульфат ерітіндісі.витамин В6 , НО-ШПА және әсіресе 25% магний сульфат ерітіндісі.
• Дәрілік заттарды енгізгенде асептика ережелері бұзылса,Дәрілік заттарды енгізгенде асептика ережелері бұзылса, алғашқы тәулікте қабыну инфильтрат белгілері анықталады. Инъекция орнында ауырсыну, терісінің қызаруы, жергілікті температуралық реакция байқалады. Асқынулар байқалған жағдайда дереу дәрігерге хабарлау қажет. Дәрігер қыздыру компресстері тағайындайды. Егер көмек көрсетілмесе, абсцесс- яғни ұлпалардың іріңді қабынуы байқалады.. Жалпы температуралық реакция, тұрақты қатты ауырсыну, айқын гиперемия, флюктуация байқалады. Бұл қатты ауырсыну, айқын гиперемия, флюктуация байқалады. Бұл жағдайда дәрігер- хирургты шақыртып хирургиялық ем тағайындаужағдайда дәрігер- хирургты шақыртып хирургиялық ем тағайындау қажет.қажет.
Тері астына, бұлшық етке егу жасауға болмайтын аймақтар
Липодистрофия- жиі инсулин енгізгенде дамиды. Инъекция орнында тері асты май қабатының атрофиясы немесе гипертрофиясы байқалады. Иненің сынуы- ескі инелерді қолданғанда, бұлшық етке инъекция жасау кезінде жамбас бұлшық еттерінің бірден жиырылуында егу жасағанда инені канюлясына дейін енгізгенде болуы мүмкін. Майлы эмболия – майлы ерітінділерді тері астына, бұлшық етке енгізгенде қан тамырына ине тиген кезде болуы мүмкін, немесе дәріні қателесіп күре тамырға енгізгенде байқалады. Артериядағы майлы эмболия тамырдың бітелуіне, айналадағы ұлпалар қоректенуі бұзылуына, олардың некрозына әкеледі. Некроздың белгілері – инъекция орнында күшейетін ауырсыну, ісіну, қызару немесе терінің көгеруі, жергілікті және жалпы қызба. Егер майлы эмбол венада болса, қанмен өкпе тамырларына барады. Өкпе тамырлары эмболиясының белгілері: бірден байқалатын тұншығу, жөтел, дененің жоғарғы бөлігінің көгеруі (цианоз), кеудесінде қысылу сезімі.
Анафилактикалық шок - дәрілік затты енгізгеннен кейін бірнеше секунд немесе минуттан соң дамиды. Шоктың алғашқы белгілеріне жатады: терінің жалпы қызаруы, бөртпелер, жөтел ұстамасы, мазасыздану, тыныс алудың бұзылуы, құсу, қан қысымының төмендеуі, жүрек соғу, аритмия. Жиі жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел жүрек-қан тамыр жетіспеушілігі өлімге алып келеді.
Аллергиялық реакциялар • есекжем, •жедел конъюктивит, • Квинке ісігі түрінде байқалады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет