Емшара мейірбикесінің орындайтын ерекше міндеттері: санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті жүзеге асыру және сақтау, бұл қажеттігіне қарай, бірақ тәулігіне 2 реттен кем емес, арнайы зарарсыздандырғыш (0,5% хлорамин немесе баскадай) заттарды қолданумен бөлмені күнделікті және тиянақты (аптасына 1 рет) дымқыл тазалау. Емшара бөлмесінде жүргізілетін шаралардың инвазивті сипатын ескере отырып, кесте бойынша, 15-30 минутган күніне 3 реттен сиретпей, бактерицидті шаммен зарарсыздандырудың арнайы тәртібі болады. Емшара бөлмесінде дәрілік заттарды көк тамырға енгізу үшін шприцтер мен жүйелерді құрайды, пайдаланғаннан кейін зарарсыздауга немесе бір реттік шприцтер мен инелерді, құрал-саймандарды пайдаға асыруға дайындайды. Көп реттік құрал-саймандар залалсыздау
жуылады. Содан кейін басқа ыдыстағы зарарсыздандырғыш ерітіндіге (хлораминнің 0,5% ерітіндісіне, хлорлы әктің 0,5% сұйық ерітіндісіне 30 - 60 минутқа немесе Дезэффектің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе Лшоформиннің 2,5% ерітіндісіне 1 сағатқа немесе нұсқауға сәйкес кез келген басқа зарарсыздандырғыш ерітіндіге) салып қойылады. Жууға арналған зарарсыздандырғыш ерітінділер кірлеуіне байланысты және осы ерітіндінің инструкцйясына сәйкес ауыстырылады. Салып қоюға арналған «Лизоформин», «Дезэффект» сияқты жаңа зарасыздандырғыш ерітінділерді 14 күнге дейін пайдалануға болады, бірақ кірлегенде ертерек ауыстырған жөн. Сондай-ақ жаңа ерітінділерді қолданған кезде жуатын ерітіндіні жеке дайындамауға болады.
Асептика дегеніміз пациенттің ағзасына микроорганизмдерді түсірмеудің алдын алуға бағытталған іс шаралар жиынтығы. Ол зарарсыздандыру және залалсыздандыру жолымен микробтар мен оның спораларын жою арқылы жүзеге асады.
Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.
Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.
Антисептикадегеніміз жараға түскен микробтарды жоюға арналған іс шаралар жиынтығы. Антисептиканың екі түрі бар: алдын алу және емдік антисептика.
Алдын алу антисептикасы микроорганизмдерді жараға немесе ағзаға түсірмеу мақсатында жүргізіледі (медициналық қызметкерлердің емдік шара алдында қолын антисептикалық ерітіндімен тазалауы, ине егетін орынды антисептикалық ерітіндімен сүртуі т.б.).
Емдік антисептиканың мынандай тәсілдері бар: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және аралас.