Қылилық - көру сызықтарындағы кемшілік, көздің қимылдатқыш функцияларының бұзылуы, фиксацияның жалпы нүктелеріне көз сызықтарының сәйкес келмеуі (паралитикалық және сәйкессіздік) Паралитикалық түрі буындардың салдануынан немесе (парез) құрысу салдарынан пайда болады. Негізгі себептері соққы алу, ісіктер, инфекциялық ауралар, интоксикация, қан кету. Қылилық кезіндегі түрі тұрақты және қайталанбалы күйде жалпы фиксация нүктесіне бір көз сызығының сәйкес келмеуінен болады. Негізгі себептері: орталық нерв жүйесінің аурулары, рефракцияның бұзылуы, көз қимылдатқыш аппараттың аномалиясы. Қылилық жұмысқа деген қабілеттілікті жоғалтады, монопулярлық көру пайда болады (қабылдау бірде бір көзбен бірде екінші көзбен жүзеге асады) Балаларда қылилық 2-3 жасқа таман пайда болады немесе күрделі аурулардан кейін, қорқыныштан пайда болады. Қылилықтың әсерінен көру төмендейді. Дисбинокулярлық амблиопияның екі түрі болуы мүмкін:
- дұрыс фиксациялы амблиопия (орталық) фиксациялық аймақ - орталық тор шұңқыршасы.
- теріс фиксациялы амблиопия (орталық емес) фиксациялық орталық – көз торшасы.
Нистагм-көздің қимылдатқыш функциясының бұзылуы, көз алмаларының еріксіз қозғалысқа түсуі, дірілдеу, бұл физиологиялық және паталогиялық нистагм болып бөлінеді. Физиологиялық нистагмның бір формасы тез қимылдаған обьектілерге қараудың әсерінен болған оптокинетикалық нистагм. Оптокинетикалық нистагм балаларда бас миындағы маңдай бөлігінің дамуына сәйкес 4-5 айда байқалады. Көрудің бұзылумен анықталатын паталогиялық нистагм ұрықтық кезеңдегі, туылу кезіндегі, туғаннан кейінгі кезеңдегі паталогиялық жағдайлардың әсерінен болады. Бұл кезде емдік-сауықтыру, коррекциялық жұмыстарын жүргізу қажет.
Амблиопия-көру органының анатомиялық құрылымындағы өзгерістер, соның ішінде сәйкестенген қылилық кезінде кездесетін кемшілік. Бірақ амблиопияның тіке қарайтын түрі де кездеседі. Амблиопия кезінде ұсақ заттарды көру процесі қиындайды, алысты көру фиксациясы, заттардың формасы мен көлемін қабылдау бұзылады. Амблиопияның формасы мен деңгейлері әр түрлі. Сондықтан амблиопия кезінде бір немесе екі көздің орталық және перифериялық көруінің төмендеуін бақылауға алу керек. Амблиопияның түрлері: дисбинокулярлық, обскурациялық, рефракциялық, истериялық. Рефракциялы амблиопия рефракцияның аномалиясы кезінде қалыптасады. Дұрыс таңдалған көзілдірікті киюдің нәтижесінде көру қалыпқа түсуі мүмкін. Амблиопияның бұл түрінің негізгі себебі алыстан көру және астигматизм кезінде көз торшасына түсініксіз бейнелердің берілуіі.
Обскурациялық амблиопия - көз ортасының бұлдырауынан (катаракта, мүйізшелердің бұлдырауы), туа пайда болған және жүре пайда болған кемшілік. Көздің артқы бөлігіндегі катарактадан кейін анатомиялық өзгерістер, көрудің төмендеуі байқалады.
Истериялық амблиопия аяқ астынан қандай да болмасын аффектінің әсерінен пайда болады да, нәтижесінде көру төмендеп, кейін көрудің мүлдем жоғалып кетуі мүмкін. Амблиопияның бұл түрі сирек кездеседі.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелер соқырлар мен нашар көретін балаларға, сонымен қатар 2-3 жастан 5жасқа дейінгі амблиопия мен қылилық кезіндегі балаларға арналған мемлекеттік мекемелер болып табылады. Бұл мекемелердің негізгі әрекеті көру қабілеті бұзылған балаларды мектепке даярлау, емдеу, көрудің бұзылған функцияларын коррекциялау.
Педагогикалық жұмыс көру қабілеті бұзылған балалардың психикалық және физикалық дамуын үйлесімді қалыптастыруға бағытталады. Педагогикалық жұмыс түрлері арнайы бағдарламалар негізінде құрылған жалпы білім беретін балабақша бағдарламасы арқылы ұйымдастырылады. Арнайы педагогиканың міндеттеріне сай баланың танымдық, тұлғалық, қимылдық сферасын коррекциялау, есту, сезу, көру қабілеттерін сақтау арқылы барлық компенсаторлық жүйелерді қалыпқа келтіреді
Мектепке дейінгі білім берудің Типтік бағдарламаларына сәйкес көру қабілеті бұзылған балаларға арналған төмендегідей мектепке дейінгі мекемелердің тізбегі бар: соқыр және нашар көретін, амблиопия мен қылилық анықталған балаларға арналған балалар үйлері, күндізгі (12 сағаттық) және тәулік бойына жұмыс жасайтын балабақшалар мен яслилер, жалпы балабақшадағы арнайы топтар, мектеп-интернаттардағы соқыр және нашар көретін балаларға арналған топтар.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған балабақшаларда көру қабілетінің күрделі деңгейдегі бұзылуы анықталған балалар да тәрбиеленеді. Оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарымен қатар, балалар үйлерінің міндеті дамудағы кемшілікті түзетуге, сауықтыру, көру қызметін қалыпқа келтіруде компенсаторлық жүйелердің дамуына, соның ішінде есту, сезу, кеңістікті бағдарлау, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.
Мектеп жанындағы балабақшаларда көру өткірлігі 0,05-0,6-ға тең нашар көретін балалар қабылданады. Мұнда балалар негізгі гигиеналық дағдыларды, көзілдірікпен жұмыс жасау дағдысын игереді. Балаларда көру арқылы қабылдаудың барлық элементтерін, яғни алыстан және жақыннан көруге қабілеттілік, қозғалыстағы заттарды бақылау, зат формасын, түсін ажырата білу, суреттерді қарау, кеңістікті бағдарлуды игереді. Көру функцияларының қызметін дамыту сонымен қатар есту, сезу мүшелерінің қызметі арқылы толықтырылады.
Амблиопия мен қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің тізбегі коррекциялық-педагогикалық және емдеу жұмыстарының біртұтас жүйесін жүзеге асырады. Амблиопия мен қылилыққа ұшыраған балаларға арналған мекемеде емдік шаралардың жүргізілуіне сай күн тәртібі құрылады. Амблиопия мен қылилық кезіндегі арнайы мекемелердің жұмыс уақыты баланың жеке даму ерекшелігіне сәйкес, дәрігер-офтальмологтың келісімімен белгіленеді.
Арнайы балабақшалардағы жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың негізгі қағидалары:
- көрнекіліктердің кеңінен қолданылуы;
- көру қабілетін коррекциялауда оптикалық құралдарды қолдану;
- соқырлық пен нашар көрушілікті компенсациялаудың құралы ретінде сөйлеудің ролін арттыру үшін экскурсия, бақылау жұмыстары, қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарын ұйымдастыру;
- заттық-практикалық әрекетті дамыту жұмыстары (қол еңбегі, конструкциялау, мүміндеу, жапсыру т.б.);
- балабақша мен отбасы арасындағы байланысты орнату.
Ресейдегі ең алғашқы көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп 1807 жылы Петербургте Александр І патшаның шақыртуымен келген француз тифлопедагогы В.Гаюидің басшылығымен ашылды. Ресейдегі тифлопедагогиканың және соқырларға арнайы білім беру жүйесінің дамуы К.К. Грота мен А.И. Скребицкийдің есімдерімен байланыстыі. Революцияға дейінгі кезеңде Ресей мемлекеті бойынша соқыр балалардың 4-5%-ы 3-4 класс көлемінде қол өнерге баулу арқылы білім алуға мүмкіндік алды. Кеңес дәуірі кезінде соқырларды оқыту мен тәрбиелеу жұмысы Халыққа білім берудің жалпы мемлекеттік жүйесіне біріктірілді. 1928 жылдан бастап соқырларға білім беруге арналған бағдарламалар шығарыла бастады. Отандық тифлопедагогика мен тифлопсихологияның дамуына өз үлестерін қосқан зерттеушілер М.И.Земцова, Б.И.Коваленко, А.С.Ганджий, Н.Г.Крачковская, Л.И.Плаксина, Л.И.Солнцева, А.Г.Литвак, В.П.Ермаков, А.Б.Гордин, Р.С.Муратов, И.С.Моргулис, т.б. соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектептер мемлекеттің қарауында болып халыққа білім беретін мекемелердің қатарына енізілуіне негіз жасады. Соқыр және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері:
- баланың жалпы және жеке даму ерекшеліктерін есепке алу, сенсорлық негізде оқу, еңбек, ойын әрекетінің әдістері мен тәсілдерін қалыптастыру, саралау;
- оқу материалын қайта қарау, оның ұзақтығын өзгерту, оқу жүктемесінің көлемін қайта қарау, оқытудың арнаулы әдістері мен формаларын, баланың танымдық қабілеттерінің арнасын кеңейтуге арналған оқулықтар мен көрнекі құралдарды, оптикалық және тифлотехникалық құралдарды пайдалану;
- оқу кабинеттері мен кластарды жабдықтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, емдік-қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру;
- кәсіптік бағдар беру жұмыстарын, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу жұмыстарын күшейту.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған жалпы білім беретін мектептер үш деңгейден тұрады: бірінші деңгей-бастауыш мектеп, екінші деңгей - негізгі (аяқталмаған орта) мектеп, үшінші деңгей - орта мектеп. Мектептің деңгейлері бала дамуының негізгі үш кезеңіне, яғни балалық шақ, жеткіншек шақ, жастық шаққа сәйкестендірілген.
Біріншідеңгейдегі мектеп бала тұлғасының қалыптасуына, потенциалдық мүмкіндіктерінің тұтастай дамуына, дамудағы кемшілікті коррекциялауға, емдеуге, көру қабілетін сақтауға бағытталады. Бастауыш мектепте көру қабілетін дамыту, соқырлардың сипап-сезу қабілетін дамыту, сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, ритмика, дене тәрбиесі сабақтары жүргізіледі. Бастауыш мектептің оқушылары көрнекі-образды ойлау, теориялық ойлау қабілеттерін, оқу әрекетін, есептеу, оқу, жазу дағдыларын, өз-өзіне қызмет етудің қарапайым тәсілдерін игереді. Оқыту мен білім беру арнайы оқу жоспарына сай оқу бағдарламасымен жүзеге асады.
Екіншідеңгейдегі мектеп білім алуды жалғастырушы түлек үшін қажетті еңбек дағдыларын игертуге, білімін жалғастыруға жағдай жасауға, қоғамға араласуына көмек көрсетуге бағытталады. Денсаулықты нығайту мен танымдық, тұлғалық, қимылдық сфераны түзетуге арналған жұмыстары жалғасады. Мектеп баланың потенциалдық мүмкіндіктерін ескере отырып, дүниетанымын қалыптастыруға, еңбекке араласуына, көру қабілеті бойынша мүгедектік арқылы жұмыспен қамтамасыз етілуіне бағытталған шараларды жүзеге асырады. Оқушылар арнаулы енгізілген және кейбір пәндерге байланысты (бейнелеу, сызу, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен білім алады.
2.Орта мектеп еңбекке баулуды қамтамасыз етеді. Мектеп оқушының қызығушылығын, әлеуметтік-психологиялық бейімделуін, қоғамдық өмірге араласуын қанағаттандыруға жағдай жасайды. Осы мақсаттарға сәйкес оқу жоспарына міндетті пәндермен қатар оқушының таңдауы бойынша пәндері енгізіледі. Жоғары кластарда кейбір пәндерге байланысты өзгертулер енгізілген (информатика, еңбекке баулу) жалпы білім беретін мектеп бағдарламасымен ұйымдастырылады.Соқыр балаларға арналған мектептердегі оқыту жалпы білім беретін мектептің бедерлі-нүктелі шрифтімен жазылғаноқулықтарымен қамтамасыз етіледі. Оқу практикасына қабылдау, кеңістікті бағдарлау мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған оқытудың тифлотехникалық құралдары (жазуға арналған арнайы құралдар, жарық сигналдарын беруші құралдар) кеңінен қолданылады. Нашар көретін балалармен жұмыс кезінде көру қабілетін дамытуға арналған жағдайлар жасалады және көрудің нашарлығына сәйкес келетін дәптерлер, көрнекі, дидактикалық материалдар, оптикалық және техникалық құралдар қолданылады.
Соқыр және нашар көретін балаларға арналған мектепті аяқтаған бала жалпы білім беретін орта мектепті бітіргені жөніндегі аттестат алады және жалпы негіздегі ЖОО-да білімін жалғастырып, мамандығы бойынша қызмет етуіне, халық шаруашылығының жекелген саласында еңбек етуді үйренеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларға білім беру бағдарламасының ерекшеліктері былайша анықталады:
- дайындық сыныбының ұзартылуы (бастауыш сыныптарда);
- нашар көретін балаларды бастауыш сыныпта оқытуда көру қабілетінің жұмысын қалыптастыру, заттың көрнекі образы мен сөз арасындағы сәйкестікті қалыптастыру, жазуға дайындау;
- соқырларға арналған Брайльдік жүйе бойынша оқыту;
- рельефті дидактикалық материалдармен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.