Дәріс № Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерінде көру қабілеті нашар балаларды оқыту ерекшеліктері


Дәріс № 15 Тақырыбы:Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері



бет10/10
Дата31.03.2022
өлшемі50,97 Kb.
#137476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 8-15

Дәріс № 15
Тақырыбы:Инклюзивті білім беруде мұғалім мен әр түрлі мамандардың қызметтік міндеттері.
Дәріс жоспары:
1. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагогтардың жұмысы.
2. Инклюзивті білім беру мекемелерінде оқытудың белсенді әдістерін қолдану.
Мақсаты: ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
1.Инклюзивті білім берудің ең басты қағидасы даму мүмкіндігі шектеулі оқушылардың әр түрлі қажеттіліктеріне сай неғұрлым шектемейтін, көбірек ортаға қосатын білім беру орта жасалуы керек. Инклюзивті білім беру идеясын қолдап, оны жүзеге асыра отырып педагогтар инновациялық тәртіпте әрекет етеді. Инклюзивті білім беру жағдайындағы жалпы білім беретін ұйымдарда педагог жұмысының басты міндеттерінің бірі даму мүмкіндігі шектеулі баланы және оның отбасын жалпы білім беру ортасына енгізуді реттейтін үдерісті сапалы түрде басқару болып табылады. Бұл бағыттағы алғашқы қадам білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын, ең алдымен, өзін өзгерістегі әлеуметтік жағдайға дайындау болуы керек. 
Педагогтар тыңдауға үйреніп, дәйекті, шыдамды болып, әр баланың оқу мәнеріне сыйластықпен қарау керек. Сонымен қатар, оларға қажет: − балалар әр түрлі оқитынын, әр түрлі қарқынмен білім алатынын мойындау және осы ерекшеліктерді ескере отырып сабақты жоспарлау; − әрекеттерді бекітілген оқу жоспарына емес, жағдайға байланысты жоспарлау; − барлық балалар мектепке келу үшін және оқу үдерісін тиімді ету үшін атааналармен өзара әрекеттесу; − сыныптағы барлық балалардың және жеке әрқайсысының сұраныстарын икемділікпен, шығармащылықпен орындау; − әр сыныпта оқушылардың белгілі бір бөлігінің оқуында қиындықтары болатындығын білу. 
2.Сонымен бірге, Мовкебаева З.А. мен Оралканова И.А. балаға бағдарланған оқытудың белсенді әдістерін қолдануды ұсынады. 
Ол әдістер: 
барлық балаларға ойнауға, оқуға және жауапкершілікті бөлуге көмектесу; 
− оқудағы қиындықтардың дәрежесі мен ауырлығын төмендетіп, қиындықтың ары қарай дамуына жол бермеу; 
− мінез-құлық проблемаларын шешу; 
− оқу жоспарында күнделікті өмірде қолданатын дағдыларды пайдалану; 
− оқуды қызықты түрде жасау; 
− өткен материалды мектептегі және үйдегі жағдайлармен байланыстыру;
− балалардың қызығушылығын сақтау және оларға өздерінің жеке темптерімен сәйкес оқуға мүмкіндік жасау үшін оқыту жылдамдығы мен әдістерін түрлендіру; 
− сыныпта өзара қарым-қатынасты жақсарту; 
− мұғалімге өз дағдыларын жетілдіруге көмектесу. Тағы бір ресейлік автор Панасенкова М.М. пікірінше, жақсы, түсінікті сөйлесу де оқыту мен білім беруде маңызды болып табылады. 
Оның ойынша, педагогтар: 
− қарапайым, түсінікті тілде сөйлеп, материалды логикалық, дәйекті түрде түсіндіруге;
− вербалды емес тілдің тәсілдерін білу және дұрыс өңдеу, дене тілін түсіну, дауыстың ырғағын, бет әлпетінің өзгерісін айыруға, т.б.; 
− көбіне сөйлесуде бақылайтын емес, қолдайтын және мадақтайтын тәсілдерді қолдануға; 
− сөйлеу тілімен қолдана алмайтын, нашар еститін немесе ана тілі оқу тілінен басқа даму мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектесу үшін сөйлесу әдістерін қолдануда иілгіштік танытуға; 
− балалардың шаршауын алдын алу үшін үнемі үзілістер жасап отыруға; − оқу материалының барынша аудиовизуалды қолжетімділігін қадағалауға тырысу керек.
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғалімі:
- оған берілген балалардың денсаулығы мен өмірі үшін тікелей жауапты
- мектеп сабақтарын, экскурсиялар, сыныптан тыс шаралар мен ойынсауықты балалардың жасына сай, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына және бағдарламалық материалдарға сәйкес жоспарлайды және жүзеге асырады; 
- сыныпта типтік білім беру бағдарламасын нәтижелі іске асыру үшін жағдай жасайды;
- басқа мамандармен және мұғалімдермен бірге мерекелер, ойын-сауық және спорттық іс-шараларды дайындайды
- барлық оқушылардың біріккен іс-әрекетін жоспарлайды және ұйымдастырады (басқа мамандармен бірге); - мамандардың ұсыныстарын ескере отырып әрбір оқушыға жеке ыңғай жасайды; - балаларды отбасында тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналармен жұмыс жүргізеді және оларды мектеппен белсенді әрекеттестікке тартады; Қолданбаған жөн! Көру қабілеті зақымданған адам есту қабілеті зақымданған адам мүгедектігі бар оқушы дене мүшелері зақымданған бала интеллектуалды бұзылыстары бар бала оқуында қиындықтары бар қыз соқыр саңырау мүгедек жарымжан ақыл-ойы кем оқытылмайтын Қолдануға болады! - балалардың жеке ерекшеліктерін біледі, балалардың жеке дамыту бағдарламасын жасауда және жүзеге асыруға қатысады; - баланың әр түрлі әрекет түрлерінің даму деңгейін, коммуникативті белсенділік ерекшеліктерін, мақсатқа бағытталған әрекет деңгейін, өзіне өзі қызмет көрсету, мәдени-гигиеналық дағдыларын анықтайды; - мамандардың ұсысыныстарын орындайды. 
Инклюзивті білім беру жағдайындағы мектеп мұғаліміне қойылатын тағы бір маңызды талап – медициналық, психологиялық және дефектологиялық саладағы мамандармен бірге әрекет етуге дайындығы мен қабілеті. Бұндай әрекеттестіктің басты мақсаты - даму мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту, оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтендіру екендігін түсіну қажет. Сонымен қатар, қазіргі таңда педагогтардың барлығы өздерінің белгілі бір салада «білмейтіндіктерін» мойындап, әріптесінің көмегін қабылдай алмайды. Инклюзивті білім берудің «алтын ережесі» - топта жұмыс жасау, осыған педагогтарды даярлауда ерекше мән беру керек. Арнайы педагогика саласында өзінің кемшіліктерін мойындау, әріптестері мен мамандардың көмегін қабылдау, мамандармен тұрақты байланысуға дайын болу қабілеті – топтағы жұмыстың негізі болып табылады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу жағдайындағы білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында, оның барлық субъектілеріне, яғни әкімшілік, педагогтар, мамандар, балалар мен ата-аналарға келесі ережелерді сақтау ұсынылады: - әрдайым бір-бірімен өзара әрекеттестікте жұмыс істеу; - өзін мамандар тобының мүшесі ретінде мойындау; - бір-біріне сыйластықпен қарау; - көмек беруге және алуға, кеңестер беруге, сыни ескертулер жасауға және оны тыңдауға дайын болу; - топтың ортақ мақсатын мойындау және сол мақсатқа жету үшін еңбектенуге тырысу. Мұғалім өз жұмысында басым рөлден жаңа түсінікке ауысуы, яғни арнайы педагогика саласындағы білім жеткіліксіздігін, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың дене және психологиялық ерекшеліктерін түсінуі, мамандардан көмек сұрай және қабылдай алу маңызды. Мұғалім өзінің «кәсіби Мен» дегенді басқа мамандардың білімдеріне «бағындыра алу» қабілеті - мұғалімнің барлық әрекеті мүмкіндігі шектеулі баланы жалпы білім беру жүйесіне нәтижелі қосуға бағытталған «инклюзивті білім берудің алтын ережесіне» жатады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру үдерісіне қосу бойынша педагогикалық ұжымның әрекетін координациялау үшін инклюзивті білім беру бойынша координатор деген жаңа штаттық бірлікті енгізген дұрыс (Леонтьева Е.Е. жасаған ұсынымдар). 
Инклюзивті білім беру бойынша координатор жоғарғы дефектологиялық білімі бар (сурдопедагог, тифлопедагог, олигофренопедагог, мұғалім-логопед, т.б.), инклюзивті білім беру саласында даярлықтан өткен және көру, есту, тірек-қимыл немесе интеллектуалды дамуында әр түрлі бұзылыстары бар балалармен жұмыс істеген кез келген маман бола алады. Интеллектуалды бұзылыстарға психикалық даму тежелуі, интеллектуалды жетіспеушілік, оның ішінде Даун синдромы, балалар церебралды параличі, аутистік бұзылыстар және т.б. жатады. Координатордың қызметіне кіруі мүмкін: 1. Әкімшілік: - инклюзивті мәдениет пен құндылық, философия мен идеология, ұйымдастырудың ерекше тәртібін қалыптастыру; - инклюзивті білім беру саласында педагогикалық ұжым әрекетінің стратегиясы мен тактикасын анықтау (нақты қадамдарды жоспарлау, жүзеге асыру және талдау – ұйымдастырушылық компонент), барлық балаларға бірдей көңіл бөлуді қамтамасыз ету және сол мақсатта қолдағы ресурстарды нәтижелі қолдану; - инклюзивті практиканы қолдау (әріптестерге кәсіби қолдау мен ынталандыру, әсіресе, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен нәтижелі жұмыс істеу үлгілерін таратуда, түзете-дамыту жұмысының, оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны, формалары, әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтарды шешуде пәнаралық, «командалық» ыңғай жасауды қамтамасыз ету). - даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттіліктерін, баланы дамытуда ұзақмерзімді мақсаттарды талдау, бала мен оның отбасын қолдау стратегиясы. 
2. Білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум маманының (жетекшісі) қызметтері: 
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің мамандарымен өзара әрекеттесу; 
- білім беру ұйымының психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум мүшелерінің әрекетін координациялау; 
-психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиум отырыстарын жаспарлау және жүргізу; -жеке білім беру жоспарын (баланың жеке даму бағдарламасы) жасауға және жүзеге асыруға қатысу; - психологиялық-медициналық-педагогикалық консилиумның шешімдерін ата-аналар мен әкімшілікке жеткізу. Консилиумның мүшесі ретінде координатордың міндеттерінің ішінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларды ендіру үдерісінреттеу және тиімді ету бойынша нақты шараларды бөлуге болады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жеке және топтық түзету сабақтарының кестесі, оқушыларды (тәрбиеленушілерді) қосымша құрылғылармен қамтамасыз ету сұрақтары; баланың мектепте болу тәртібін ата-аналармен келісу және психологиялықпедагогикалық қолдауды ұйымдастыру. 
3. «Сыртқы» серіктестермен өзара әрекеттестік: - психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңеспен, - психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерімен, - түзету және инклюзивті білім беру кабинеттерімен, - оңалту орталықтарымен, - ата-аналарға арналған кеңестік пункттермен - инклюзивті білім беруді дамытуға мүдделі коммерциялық және коммерциялық емес, басқа да қоғамдық ұйымдармен. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін мектеп мұғаліміне кейбір кездері жалпы білім беру үдерісіне баланы нәтижелі енгізу үшін қосымша кеңес пен қолдау керек болуы мүмкін. Кеңесті әр түрлі дереккөздерден алуға болады: - Консультативті-әдістемелік орталықтар, педагогтарды қолдау орталықтары немесе ресурстық орталықтарда балаға бағдарланған нәтижелі, инклюзивті білімберу әдістері, материалдар мен сабақтағы әрекеттер бойынша кеңестер алуға болады. - Әлеуметтік педагог немесе бала психологы психологиялық жарақат алған немесе оқудағы қиындықтар туындаған жағдайда, баланың әлеуметтік немесе мінез-құлық проблемалары оның отбасымен немесе/және құрдастарымен байланысты үзуге әкелген жағдайларда көмек көрсете алады. - Арнайы (түзету) білім беру ұйымдарының педагогтары мен логопедтер нақты әрбір балада негізгі дағдыларының (күнделікті өмір, ойын, араласу, оқыту) даму ерекшеліктерін практикалық түсінуді қалыптастыруға, бұл балалармен жұмыс жоспарын жасау мен бағалауда көмектесе алады. - Медициналық қызметкерлер, әр түрлі маманданған дәрігерлер, диетологтар әр түрлі органикалық немесе қызметтік себептерден болған бой өсуінің тежелуі, көруі немесе естуі нашарлаған, оқуы мен мінезқұлқында проблемалар туындаған жағдайда елеулі көмек көрсете алады. 
Қазақстандық зерттеуші Оралканова И.А. өзінің бастауыш сынып мұғалімдерінің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастыруға арналған диссертациялық зерттеуінде мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығын қалыптастырудың келесі компоненттерін, критерий мен деңгейлерін бөліп көрсетіп, сипаттайды: 
- адаптивті 
- репродуктивті
- оптималды. 
Адаптивті деңгейге, автор инклюзивті білім берудің идеологиясы мен философиясын толыққанды қабылдамау және жеткіліксіз түсінуді, даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеуге құлықтың болмауын, балаларға нәтижелі инклюзивті білім берудің формалары, әдістері мен құралдары туралы түсініктің фрагменттілігін жатқызды. Репродуктивті деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлеріне шартты түрде сәйкес келумен сипатталады: даму мүмкіндігі шектеулі балаларға инклюзивті білім беру саласында білімін жетілдіруге мотивацияның әлсіз болуы, инклюзивті білім беру ұйымы туралы дифференциалды теориялық түсініктерінің болмауы, инклюзивті білім беру үдерісінде кәсіби міндеттерді шешу жолдарын нашар меңгеру. Оптималды деңгей мұғалімдердің инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлығының критерийлері мен көрсеткіштеріне сәйкестігін қамтып көрсетеді: оқу-кәсіби міндеттерді шешуде саналылық, өз беттілік, рефлективтілік байқалады, инклюзивті білім берудің идеологиясын түсіну мен қабылдау, балаларға инклюзивті білім беруге сананың бағыттылығы мен тұлғалық бағдарлығы. 
Бұл деңгейдегі мұғалімнің мотивациясының дәрежесі едәуір жоғары, олар эмпатия мен толеранттылық танытады, инклюзивті білім беру мен балалардың мүмкіндіктеріне қарамастан олардың құндылығын мойындайды, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қабілеттері өзінше ерекше және шексіз екендігіне сенеді, олармен жұмыстың ерекшеліктері туралы білімдері терең, толық, тұтас және жүйелі, инклюзивті білім беру жағдайында балаларды оқыту нәтижесін бағалау, сипаттау, болжау, құрастыру қабілеттері бар, ата-аналармен және басқа мамандармен «топта» жұмыс істеуге дайын болып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет