Дәріс № Тақырыбы: Жалпы білім беретін мекемелерінде көру қабілеті нашар балаларды оқыту ерекшеліктері



бет3/10
Дата31.03.2022
өлшемі50,97 Kb.
#137476
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
инклюзив 8-15

Математиканы оқыту бағдарламасының ерекшеліктері:
- дайындық сыныбының ұзартылуы;
- микро және макро кеңістікті бағдарлау дағдысы мен тәжірибесін қалыптастыру;
- заттардың кеңістікте орналасуын бағдарлауды өлшеу, сызу дағдылары арқылы дамыту, заттың формасы, көлемі, саны, қасиеттері туралы ұғым қалыптастыру;
Қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарының ерекшеліктері:
- нашар көретіндерге экскурсия, практикалық сабақтардың санын арттыру, көру органының анатомиясын, физиологиясын оқыту, жолда жүру ережелерін оқыту, қимыл-қозғалысқа түсу ережелерін игерту сабақтарын жүргізу;
- соқырларды заттардың сигналдық белгілерімен, тірі және өлі табиғаттағы объектілердің белгілерімен таныстыру, экскурсия, практикалық сабақтардың санын арттыру.
Бейнелеу өнеріне баулу сабақтарының бағдарламасында бейнелеу, модельдеу, декоративті қолданбалы өнерге баулу жұмыстары беріледі.Соқырлар мен нашар көретін балалардың шығармашылық белсенділігін арттыру, эстетикалық тәрбиелеуде мүсіндеу, жапсыру, конструкциялау, ән айту, көркем суреттеудегі шығармашылық қабілетін артыруға көңіл бөлінеді.
Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектептердегі еңбекке баулу сабақтары тифлотехникалық құралдардың көмегімен жүргізіледі. Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жеке қызығушылықтарына, қалауларына байланысты құрылады. Соған байланысты 5-10 сыныптарда балаларды еңбекке баулу жұмыстары жалпы білім беретін мектептердегідей политехникалық бағытта жүргізілсе, 11-12 сыныптарда мамандыққа байланысты профильді бағытта жүргізіледі.
Көру қабілеті бұзылған балалар мектебінде қолданылатын арнаулы оқыту құралдары:
-соқырлар үшін рельефті-нүктелі шрифтімен (Брайльдік жүйе бойынша) берілген түрлі оқулықтар, оқу құралдары, суреттер, сызбалар;
-нашар көретін балалар үшін рельефті және түрлі-түсті жазумен берілген оқулықтар; үлкейтілген шрифтімен жазылған арнайы оқулықтар.
ІІІ және IV түрдегі арнайы мектептерде көру функциясын компенсациялау мақсатында тифлотехникалық құралдар, оптикалық құралдар (лупа, көзілдірік, үлкейткіш аппараттар), жарық бергіш құралдар қолданылады. Брайльдік жүйе бойынша жазу құралдары, «сөйлетін оқулықтар» есту және тактильді сезу мүшелерінің жұмысын арттыруда арнайы құралдар қолданылады. Арнаулы мектептерде емдік-профилактикалау шараларын ұйымдастыру мәселесі бірінші орынға қойылған. Көрсетілетін емдік жұмыстардың негізгі мақсаты мен міндеттері көз ауруларын емдеу, көру қабілетінің кемшіліктерін диагностикалау, көзілдіріктерді таңдау, офтальмологиялық емдеу жұмыстарын жүргізу.
Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде интеграциялау арқылы оқыту тифлопедагогикадағы өзекті мәселелердің бірі. Аталған жағдайдағы жалпы білім беретін мектептегі интеграцияны ұйымдастыру үшін педагогтардың арнайы дайындықтан өтуі, оқу процесін ұйымдастыруға қажетті базаны құру, тифлопедагогтардың көмегі қажет.
Көрудің нашарлауы немесе бұзылуы тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасу процесінде кедергілер туғызады. Олар қимылдық белсенділіктің дамуында, кеңістікті бағдарлау қабілетінің дамуында, заттық-практикалық әрекетке түсудегі қабілеттіліктің қалыптасуында, эмоциялық-ерік сферасындағы ерекшеліктерде, баланың қоғамға қосылуында, еңбекке араласуы кезінде анық байқалады. Көру қабілеті бұзылған балалар мен ересектердің жас ерекшелік дамуындағы гуманистік қағидаларға сүйене отырып, арнайы педагогиканың саласы тифлопедагогика ғылымы мынадай міндеттерді шешеді:
- көру қабілетінің бұзылуын және оның әсерінен болған психикалық, физикалық дамудағы кемшіліктерді психологиялық-педаггикалық, клиникалық негізде зерттеу;
- соқырлық пен нашар көрушілік кезіндегі бұзылған немесе кешеуілдеген функцияларды қалыпқа келтіру, коррекциялау, компенсациялаудың жолдары мен жағдайларын анықтау;
- көру қабілетінің бұзылуын анықтаушы барлық формалар кезіндегі тұлғаның қалптасуы мен жалпы даму жағдайларын зерттеу.
Көрсетілген мақсат, міндеттерді шешу кезінде көру қызметінің бұзылуына байланысты мынадай аспектілер ерекше орын алады: соқыр немесе нашар көретін тұлғаларға арналған білім беру мазмұнын құру, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау, ол балаларға арналған арнайы мектептердің типі мен құрылымдарын анықтау, оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқытудың жеке әдістемелерін құрудың ғылыми негіздерін анықтау. Соның ішінде көру қабілеті бұзылған тұлғалардың танымдық белсенділіктерін арттыру мақсатында арнайы техникалық оқыту құралдарын жасақтау, көру қабілетіне қойылатын гигиеналық талаптар мен ережелерді орындаудағы іс-шараларды ұйымдастыру, жарық түсіруші құралдарды құрудағы нормативтердің сақталуы, көздің жұмысын реттеудегі жүктеменің сақталуы, көру қабілетінен айырылған балаларды тәрбиелеу мен оларды еңбекке бейімдеу мәселелері ерекше орын алады.
Көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісімен айналысатын мұғалімдерге коррекциялық жұмыстардың ерекшеліктерін білу қажет. Мұндай білім мұғалімдердің аталған кемшілік кезіндегі балалармен жұмыс жасау мүмкіндігін арттыруға, оқыту процесін тиімді ұйымдастыруына, тұлғаның жалпы дамуы мен қалыптасуын қамтамасыз етуші факторларды құруға жағдай жасайды.
Осы айтылған мәселелерге байлансты жалпы білім беретін мектептерде білім алатын көру қабілеті бұзылған тұлғалардың категориясы туралы айтсақ, көз рефракциясының аномалиясы анықталған балалар түзету көзілдіріктерін үнемі киіп жүрулері керек. Мұндай көзілдірікпен жүретін балалар педагогтар мен ата-аналар тарапынан үнемі мектепте де, үй жағдайында да санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтауға байланысты көмек түрлерін қажет етеді. Көру қызметі бұзылған оқушының жұмыс орны дұрыс, жеткілікті дәрежеде жарықтандырылуы тиіс. Ол балаларды бірінші немесе екінші партаға терезенің жанына отырғызу керек. Сонымен қатар, жақыннан көретін баланы тақтаға жақын жерге, алыстан көретін баланы тақтадан алыс отырғызу керек.
Мұғалім берілген тапсырмалардың орындалуын талап етуі үшін оқу материалының мазмұнына сай қолданылатын сызбаларды, карталарды, кестелерді, суретті картиналарды дайындауда олардың анық, бояуы қанық болуын, әріптердің ірі жазылуын есте ұстауы тиіс. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда, бала өзіне берілген тапсырманы білмегендіктен емес, оған берілген тапсырманың мазмұны мен шарты көрінбегендіктен орындай алмайды. Мұндай жағдай баланың оқу материалының мазмұнын уақытында игеруіне, оқу үлгеріміне кедергі келтіреді.
Көз рефракциясындағы кемшіліктер көздің жұмысына көп күш түсіреді де тез шаршатады, сондықтан тапсырмаларды түрлендіріп отыру керек. Көру қызметімен байланысты жұмыстан кейін (оқу, жазу, сызу) 10-15 минут бойы терезеге қарап көзге түскен күшті азайту мақсатында жаттығу жасату керек.
Сыныптан сыныпқа көшу кезінде оқу материалының күрделенуіне байланысты оқу бағдалмасы бойына тапсырмалар да күрделене түседі. Ол оқушының берілген тапсырмаларды орындау барысында көрудің қызметіне күш түсуіне апарады. Мектепте оқу кезінде балалар арасындағы жақыннан көрудің кең таралуын есепке ала отырып, мектеп басшысы мен педагогикалық ұжым мүшелерінің көру органымен байланысты орындалатын үй тапсырмаларының көлемін қатаң бақылауға алуы қажет.
Соқырлар мен нашар көретін балаларға білім беру ісі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мекетептерде жүзеге асады. Көру қабілетімен қоса ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар да арнаулы мектептерде ерекше бағдарламамен, көру қабілетінің жұмысын емдеу және коррекциялау негізінде оқытылады. Бірақ бұл балалардың барлығы арнаулы мектептерде емес, жалпы білім беретін мектептерде білім алуға міндетті болып отырады. Көру қабілетінің аномалиясы кезінде жалпы білім беретін мектепте білім алудың себептері былайша түсіндіріледі:
-ата-аналар балаларын күн сайын өздерінің жанында болғанын, олармен қарым-қатынасқа түсуді, олардың білім алуы мен тәрбиесіне тікелей араласқанды қалайды,
- отбасыларының кейбіреулері қалалық білім басқармасынан баланы басқа қалада орналасқан арнайы мектептерге оқытуға бөлінетін қаржыны ала алмайды;
- ата-аналар балаларын мүгедек балалардың қатарында көргісі келмейді (Н.Д.Шматко).
Сыныпта көру қабілеті бар оқушының болуы мұғалімге қосымша міндеттерді жүктейді. Мұғалімнің балаға деген жеке диференциалды көңіл бөлу жұмысын қамтамасыз етуі керек. Ол үшін сыныптағы оқушылардың толымы 15 оқушыдан аспауы тиіс. Сынып бөлмесі жарықпен қамтамасыз етіліп, көруі бұзылған бала отыратын орын қосымша жарықтандырылуы керек.
Көру қабілеті бұзылған балалар білім алатын мектептерде арнайы оқулықтармен, рельефті-графикалық нұсқаулықтармен, оптикалық құралдармен, аудиоқондырғылармен, Брайльдік шрифтімен оқуға арналған материалдармен толықтырылған арнайы тифлопедагогика кабинеті жабдықталуы тиіс. Аномальды оқушылармен жұмыс жасайтын ата-аналарға,мұғалімдерге тифлопедагогикалық кеңес беру жұмыстары ұйымдастырылып отыруы қажет. Мұндай кеңес беру орталықтары арнайы мектептерде, білім беру орталықтарында, ПМПК мекемелерінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Көру қабілеті бұзылған балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту жағдайы оқу-тәрбие процесіндегі көру анализаторының жұмысын қолдануға мүмкіндік туғызады. Соқырлар мен нашар көретін бала дамуының айырмашылығы кемшіліктің пайда болу уақытына, оқушының жеке даму ерекшеліктерімен айқындалады. Оқушыларды осы негізде ажыратуда оқу жылының басынеда жүргізілген тексеру жұмысының нәтижесі қажет. Ол үшін оқушының тактильді немесе көру арқылы оқи алатындығы тексеріледі.
Көру қабілеті бұзылған балалардың барлығы дерлік жалпы білім беретін мектепте оқи алмайды, оларды әлеуметтік жағынан саралау жұмыстарын жүргізу қажет. Себебі, жалпы білім беру мектептерінде әлеуметтік жағынан бейімделуі жоғары, арнайы мектеп бағдарламасын өте жақсы меңгерген соқыр немесе нашар көретін балалар білім алады. Жалпы білім беретін мектепте оқуға қажетті тағы бір жағдай баланы алдын ала кездескен қиындықтарға қарсы тұруға бейімдейтін психологиялық дайындықтан өткізу керек. Сонымен, қатар сынып ұжымы да баланы дұрыс қабылдауы тиіс, яғни көру қабілеті бұзылған бала дамуының жеке ерекшелігімен сынып оқушыларын толық таныстырып, сынып оқушыларының бойында ол балаға деген мейірімділікті қалыптастырған дұрыс.
Көру қабілеті бұзылған баланы жалпы бағдарлама бойынша білім алуға икемдеу жұмысы мұғалім үшін де баланың өзі үшін де күрделі міндет болып табылады. Көру қабілетінің аномалиясы анықталған баламен жұмыс жасау кезінде мұғалімге әр уақытта қосымша талаптар мен ережелерді есте ұстағаны дұрыс. Соқыр немесе нашар көретін оқушының бая жазуы, баяу оқуы көретін балалар мен салыстырғанда қосымша жұмыс жасауды қажет етеді. Осыған байланысты мақсатты түрде сабақтың белгілі бір фрагменттері түсірілген диктафон, есте сақтауды копенсациялайтын ауызша есептеулер қажет болады. Одан басқа оқушының көру қызметіне шектен тыс күш түсірмеу керектігі туралы қатаң есте ұстау керек.
Сыныптағы топпен жұмыс жасау көруі нашар бала үшін де маңызды, себебі ол балаға да арнап жеке жұмыс кеспелерін, мәтіндер, карталар, көрнекі құралдарды алдын ала дайындап, топпен жұмысқа да кірістіруіге әбден болады.
Оқу-тәрбие процесі кезіндегі мұғалімнің сөзі ерекше роль атқарады. Мұғалімнің сөзі анық, мәнерлі, түсінікті болуы тиіс. Мұғалім өзінің айтқанын сурет түрінде баяндап, жазып, көрсете білуі қажет. Соқыр және нашар көретін балаларға вербализм тән, сондықтан да сөздіктермен жұмысты тіл дамыту сабақтарында ғана емес, басқа сабақтарда да жүргізіп отыру қажет.
Көру қабілеті бұзылған балалардың барлығы кеңістікті бағдарлау қызметі кезінде қиындықтарға кездеседі, сондықтан тифлопедагогкеңістікті бағдарлау қабілетін арттыру мақсатында арнаулы жұмыстар жүргізеді. Көру қабілеті бұзылған балалардың көпшілігінде басқа адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі нашар болғандықтан, олардың сөйлеу тілі де монологты түрде болады және олар диалог түріндегі қарым-қатынасқа түсуді қиынсынады. Мұндай кезде мектеп психологының көмегі қажет. Соқыр немесе нашар көретін баланы сыныптан тыс шараларға қатыстыру үшіндайындық жұмысы жүргізілеуі керек. Сынып мұғалімі көру қабілеті бұзылған баланың жеке даму ерекшеліктерімен жете танысып, оның басқа балалардан айырмашылығын жақсы білуі керек. Көздің нашар көруі басқа да перифериялық көрудің әлсіреуі, көру кеңістігіндегі соқыр дақтардың пайда болуы, түстерді ажырата алмаушылық сияқты қосымша кемшіліктермен анықталатындықтан, біріншіден, оқушының көру қабілетінің ерекшеліктерімен толық танысып шығуы тиіс. Осының әсерінен, бір оқушы тапсырманы көру арқылы орындаса, екіншісі сезу арқылы, үшіншісі көру және сезу арқылы орындайды. Сонымен қатар, көру қабілетінің жұмысына шектен тыс қажу, жарықтың түсуі, эмоциялық сергектік немесе керісінше шаршау жағдайлары уақытша әсер етуі мүмкін. Мұғалімнің міндеті - сынып оқушыларына көру қабілеті бұзылған баланың басқа балалар сияқты дамуға қабілетті, жеке көзқарасы мен қажеттілігі бар екендігін толық түсіндіру болып табылады.
Оқу жылының басында ұжымдағы оқушыға қажетті жағымды психологиялық климатты құруға талпыныс жасау қажет. Жаңа жағдайларға бейімделу кезінде көру қабілеті нашар баланың эмоциялық жағынан соққы алмауын бақылау барысында шектен тыс қорғау, қолдау жасамау керек. Себебі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсету оның ерекше бала екендігін анықтап отырады. Көру қабілеті бұзылған балалар кеңістікте бағдарлау қызметіне бейімсіз болғандықтан, оқу бағдарламасына осы кемшілікті түзетуге бағытталған тапсырмалар енгізілуі тиіс. Оның нәтижесі баланың оқулықпен, жоспармен, картамен жұмыс жасауы кезінде, дене шынықтыру, бейнелеу өнері сабақтарында бекітіліп отырады. Оқу процесі кезінде көру қабілеті бұзылған балалардың қызығушылығын арттыру мақсатындафильмдерді немесе бейне таспаларды сөз арқылы түсіндіре отырып, демонстрациялау жұмыстары жүргізіледі. Оқыту кезінде мұғалім көру қабілеті бұзылған балалардың берілген тапсырмаларды қалайша орындағандығына бақылау жасап, сынып оқушыларымен бірлесіп жұмыс жасай білуіне көңіл бөлуі керек. Осындай бақылау жұмыстары оқушыға берілетін жұмыс тапсырмаларын реттеуге тапсырманы орындауға берілетін уақытты азайту немесе көбейту үшін қажет болады.
Тиісті көмек түрлерін қабылдаған соң сыныбына қайта қабылданған көру қабілеті бұзылған баланың офтальмологиялық диагнозы мен көру қабілетінің нашарлау деңгейін ажыратқаннан кейін баланы қай жерге отырғызу керектігі туралы толық ойлануы қажет. Көру қабілеті нашар бала ортаңғы қатардың бірінші партасына, сипап сезу қызметіне сүйенетін соқыр бала мұғалімнің шешімімен кез-келген орынға отыра алады.
Нашар көретін балалардың жұмыс жасау ұзақтығы 15-20 минуттан аспауы тиіс, ал көру қабілетінің бұзылуы күрделі болған кезде 10-15 минут болуы тиіс. Әсіресе, жазба жұмыстары кезінде көру қабілеті бұзылған оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалап, көз бен кітаптың арасы 30 см болуын еске ұстаған жөн. Көру қабілеті бұзылған балалар оқу процесі кезінде арнаулы оптикалық және оптикалық емес арнаулы құралдар пайдаланады. Оптикалық түзету қондырғыларының қатарына арнаулы көзілдіріктер, бифокалдар, призмалар, контактілі линзалар, телескопиялық көзілдіріктер жатады. Оптикалық емес құралдарға фломастерлер (қара түсті), түрлі-түсті маркерлер, үлкен әріптермен жазылған жазық бетті кітаптар жатады. Арнаулы мектептен жалпы білім беретін мектептерге ауысу әр оқушыны стресс жағдайларына апарып, бейімделу процесінің туындауына себепші болады. Бала жаңа ортада, жаңа ұжымда, ортада көндіге алмай оқу бағдарламасын игеруде қиындықтарға кездесіп жатырса, пайда болған ситуацияларды дұрыс сипаттап, шешу үшін тифлопсихологтың көмегі қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет