Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет17/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

Азот N – атмосфераның көп бөлігін (78,09 %) құрайтын, түссіз, иіссіз, жануды және тыныс алуды қолдамайтын газ. Соған байланысты 1878 жылы Лавуазье (фр.) «азот», яғни «өмір емес» деген ат беріп ашқан. Ерте кездегі оқымысты химиктердің қол жазбаларында бұл газ «барлық бастаманың басы және соңы» деп белгіленген. Бұрын 200 жылға таяу мерзім бойы бұл газды индиферентті, яғни бейтарап, еш қатысы жоқ, тек басқа ауадағы газдарды ерітіп, сиреткіш деп келген. Бірақ кейіннен орыстың ұлы ғалымы Волский М.С. бұрын ашылмаған, малдар мен жоғарғы сатылы өсімдіктердің азотты атмосферадан алып пайдаланатындығын дәлелдеген.

Атмосфераның құрамында азот оттегімен бірге тыныс алуға қатысып, малдар мен өсімдіктер және адамдар организмімен белоктар түзуге қатысатындығы анықталған.

Азоттың атмосферадағы артық мөлшері организмдегі физиологиялық процесстердің дұрыс жүруіне зиянды әсерін тигізеді. Оның атмосферадағы порциалдық қысымының жоғарылауы оргнанизмге сезім қуатын кетіріп (наркоз), оттегінің парциалдық қысымының төмендеуінің нәтижесінде гипоксия және асфиксия ауруларын тудырады. Азоттың концентрациясының жоғарылауы (83 %) ауыр апоксемияға (оттегінің жоғалуы), ал 90 пайыздан асса өлімге ұшыратады.

Ауада кездесетін аргон, неон, гелий, ксенон, криптон өте аз мөлшерде болып, инертті газдар қатарына жатады. Бірақ ғалымдардың зерттеуінің (Лазарев) нәтижелері бұл газдар (химиялық элементтер) майларда жақсы ериді және наркоздық қасиеті болатындығын көрсетеді. Қалыпты атмосфералық қысымда олардың майларда еруінің жоқтығынан наркоздық әсері болмайды. Ал атмосфералық қысым жоғарыласа олардың концентрациясы қан мен ұлпаларда көбейіп, наркоздық әсері артады.

Көмірқышқыл газы СО2 – түссіз, иіссіз, сәл қышқыл дәмді улы газ. Нөл градус температурада оның меншікті салмағы оттегіге қарағанда (1,293 кг/м³) ауыр болады (1,9778 кг/м³). Атмосфераның ауасында 0,03-0,04 пайыздай кездеседі. Атмосферадағы ауада оның пайда болатын көзі вулканды қопарылыстар, жану процесстері, органикалық заттардың тотығуы мен шіруі, малдардың, адамдардың және өсімдіктердің тыныс алуы. Осындай шығу көзінің көптігіне қарамастан көмірқышқыл газының атмосферадағы концентрациясы нормативтік көрсеткіштен жоғарыламайды. Ол негізінен газ айналысымен, жасыл өсімдіктердің хлорофильдерімен сіңірілуі, ашық су беттері және жауын-шашын суларымен шайылуы т.б. байланысты болады. Мал қораларының ауасында сыртқы атмосферадағыға қарағанда көмірқышқылының мөлшері бірнеше есе жоғары болады. Себебі оның негізгі пайда болу көзі болып малдардың демімен шыққан ауа, нәжістер мен азықтардың шіруі есептеледі. Мысалы, деммен шыққан ауада, атмосферамен салыстырғанда 100 есе көмірқышқыл газы көп, 25 пайызға оттегі аз болады. Малдың демімен шығатын көмірқышқыл газының мөлшері оның түріне, жасына, салмағы, өнімі, азықтануына байланысты болады. Әр сағатта бір сиыр 250-300 кг. салмақтағы 110-150 л,буаз, қысыр шошқалар ( 200 кг салмақтағы) – 110-120 л, торайлы мегежіндер 2 есе көп көмірқышқылын демімен бөліп шығарады.

Көмірқышқыл газының ауадағы шамалы концентрациясы (0,5%) тыныс орталығын тітіркендіріп, дем алуын жиілетіп, көз, тыныс жолының кілегей қабаттарын тітіркендіріп, жасауратып, малдың мазасын алып, өнімін төмендетеді. Көмірқышқыл газының мөлшерінің ауадағы 1 пайызға дейін жоғарылауы организмде қышқылдықтың көбейіп, ацидозға ұшырап, қан тамырларының кеңейіп, жүрек соғысы мен дем алуы жиілеп, зат алмасу процесстерінің бұзылуына апарып соғады. Бұдан ары қарай жоғарыласа (5-10% дейін) наркоздық жағдай туады, яғни барлық физиологиялық процесстерді тежейді де, ұлпалардың белоктары ыдырап, несеппен көп мөлшерде күкірт, фосфор бөлінеді, денеде хлоридтер жиналып, көбінесе организм уланады. Көмірқышқыл газының әсеріне әсіресе құстар, өсімтал жас төлдер, қояндар, жоғарғы өнімді малдар өте сезімтал келеді. Малдың шығынға ұшырауы, көмірқышқыл газының көбеюінен, тыныс орталығының паралич (салдануы) болуынан болады Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі. Жақсы тұрғызылған мал қораларында көмірқышқыл газының өте жоғарғы мөлшері байқалмайды да, оның шамалы мөлшері үнемі организмге әсер етіп сүзелең улануға ұшыратып, соның негізінде мал өнімін төмендетіп, өсіп-дамуын тежейді.

Мал қораның ауа алмастыру жүйелері қалыпты жұмыс жасап, салыстырмалы ылғалдықтың мөлшері жоғары болмаса, көмірқышқыл газының концентрациясы нормативтік көрсеткіштен (0,25%) жоғарыламайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет