Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет1/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек


Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері
Кіріспе

Жоғары дәрежелі ауыл шаруашылық мамандарын, оның ішінде мал дәргерлері мен зооинженерлерін дайындаудың негізіне малдардың денсаулығын жақсартып, олардан мол және сапалы өнім алудың тиімді шараларын белгілеп көрсету болып саналады. Бірақ малдардан жоғарғы сапалы өнімдерді алып, әртүрлі аурулардан сақтандыру шараларын жүргізу тек қана өндірісте технологиялық процесстері ғылыми тұрғыға негізделіп мынандай зоотехникалық ветеринариялық жұмыстар жасалған шаруашылықтарда ғана болады. Оған негізгі мыналар жатады:

- Шаруашылықтардағы малдардың жоғарғы генетикалық потенциалы болуын қамтамасыз ету;

- Малдарды құнарлы азықтармен және санитарлық сапасы жоғары су мен қамтамасыз ету;

- Малдарға қалыпты микроклимат жасап, олардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестіріп күтіп-бағу жағдайын туғызу;

- Шаруашылық өндірістерінде сенімді ветеринариялық-санитарлық сақтандыру және қорғану шараларын ұйымдастыру;

- Сыртқы қоршаған ортаны (ауа, су, топырақ т.б.) өндіріс қалдықтары мен (көң, өлексе т.б.) ластанудан сақтандыру;

- Малдарды күтіп-бағу және пайдалануды дайындығы жоғары санитарлық-гигиеналық талаптарға сай жүргізе алатын мамандар және жұмысшылармен қамтамасыз ету.

Ауыл шаруашылығында малдардың денсаулығын сақтап, олардан жоғарғы сапалы, мол өнім алуды қамтамасыз ету тек малға қалыпты жағдай туғызып, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтағанда ғана болады.

Малдарға қалыпты (оптималды) жағдай туғызу, яғни тірі организм мен оның өмір сүру ортасының байланысын бақылап, қайшылығына жол бермей, тепе-теңдігін сақтауға бағытталған шаралар-зоогигиенаның негізгі саласы болып есептеледі.

Әр малдардың физиологиялық ерекшеліктерін ескеріп (жасы, тұқымы, өнімі, жынысы, бағыты т.б.) тиісті жағдай туғызбаса, олардан тіпті тұқымдық көрсеткіштерінен де төмен өнім алып, малдардың табиғи төзімділігін, әсіресе жоғарғы өнімді малдар мен жас төлдердің, нашарлатып әртүрлі ауруларға ұшырап, өлім-жітімнің артуына апарып соғатындығын көрсетеді.

Сондықтан малдарды әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтап, алдын алу шараларын ғылыми тұрғыда өндірісте пайдалана отырып, олардан жоғарғы сапалы және мол өнім алуда зоогигиена пәнін оқып білудің маңызы өте зор. Сыртқы ортаның қасиеттерін зерттеп, оның құрамын жақсарту бағытында және мал шаруашылығының қалдықтары мен ластануынан сақтандыру шараларын жүргізу кәзіргі кездегі проблемалық мәселенің бірі болып саналады.

Өткен ғасырдың 80-90 жылдарында баспаханадан басылып шыққан зоогигиена пәніне арналған оқымыстылардың оқулықтары (А.Ф. Кузнецов, М.В. Демчук, В.И. Гершун, Б.М. Муслимов, В.Ф. Костюнина, Б.М. Туманова, Г. Демчук т.б.) орыс тілі, ал професорлар Мырзабеков Ж.Б., Асылбеков, М.Садуакасов т.б. мемлекеттік тілде шығарылған (1992) жалпы гигиена оқулығы болашақ мал мамадарын дайындауда елеулі жетіспеушілік көрсетіп келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет