7.Пестицидтар және тыңайтқыштар мен улану.
Химиялық заттарды өсімдіктерді әртүрлі зиянкестерден және аурулардан сақтау мақсатында, сол сияқты арам шөптер мен күресу үшін және топырақтың құнарлылығын арттыруға жан – жақты қолдану малдарға, құстарға және пайдалы жәндіктерге уландыру қаупін тудырады.
Өсімдіктердің зиянкестері мен аурулары және арамшөптер мен күресу үшін пайдаланатын химиялық заттарды пестицидтар деп атайды (лат. сөзінен pestis – жұқпалы, caedo - өлтіру).
Қолдану жолына байланысты пестцидтарды бірнеше топқа бөлуге болады:
1) инсектицидтер – зиянды жәндіктерді өлтіруге;
2) акарицидтер – кенелерді өлтіруге;
3) фунгицидтар – патогенді саңырауқұлақтарды өлтіруге;
4) зооцидтер – қауіпті кеміргіштерді жоюға;
5) репеленттер – қан сорғыш шыбын – шіркейлерді үркітіп қууға,
6) моллюскоцидтер – адамдар мен малдарға ауру таратқыш моллюскаларды жоюға;
7) гербицидттер – арам шөптер және улы өсімдіктерді жоюға;
8) арборицидтер – бұта – тал шіліктерді жоюға;
9) дефолианатар – техникалық дақылдарды жинағанда жапырағын жоюға;
10) десиканттар - өсімдіктердің тамырын кептіру үшін т.б.
Мұндай жіктеудің негізіне пестицидтардың улылығы, денеге жиналғыштығы сыртқы орта факторларына төзімділігі т.б. алынады.
Мысалы, өте күшті, жоғары, орташа және шамалы улы заттар болып бөлінеді. Жиналу (кумуляциялану) қасиеттеріне қарап - өте жоғарғы, елеулі, орташа және әлсіз пестицидтерге бөлінеді. Пестицидттер төзімділігі бойынша - өте төзімділер – усыз заттарға ыдырауы 2 жылдан артық, төзімділер – 0,5 – 1 жылға дейін, орташа төзімділер – 1 – 6 айға дейін және аз төзімділер – 1 айға дейін улылығы сақталатындар болып бөлінеді.
Ауыл шаруашылығында химиялық қоспалардың әртүрлі класстарына жататын 200 – ден артық пестицид препараттары қолданылады: құрамында күшәлә бар (кальций арсенаты), органикалық фосфорлы (хлорофос, метилмеркаптофос, карбофос, ДДВФ), органикалық хлорлы (гексахлоран), сынапты органикалық қосындылар (гранизан, меркуран), карбамид қышқылының қалдықтары (севин), ауыр металдардың тұздары (хлорлы барий, күкіртті мыс) т.б. болады. Бұл пестицидтардың көбі малдар, құстар, балықтар және аралар үшін улы болып келеді. Пестицидтерді дұрыс пайдаланбаған жағдайда малдарды және олардың өнімдеріне (сүт, ет, май және жұмыртқа) улы әсерлерін тигізеді.
Сол сияқты улануды минералды тыңайтқыштар – азотты қышқылдарының калий немесе натрий тұздары (нитриттар), күкірт қышқылы аммоний тұздары, мочевина, суперфосфат, хлорлы калий, сульфат калий және микро тыңайтқыштар молибден, мыс, бор т.б. тудырады. Ерекше маңызды болып – химиялық заттардың ішінде концерогендік, мутагендік, эмбриотоксикалық және гонадотоксикалық әсерлері барлары саналады. Оларға жататындар – ауыр металлдардың тұздары (қорғасын, сынап, күшәлә, кадмия т.б.), пестицидтар және басқа ірі өндіріс орындарының қалдықтарымен ауаға, суға түсетін улы химиялық заттар, тыңайтқыштар т.б. саналады Бұлардың кейбіреулері – пестицидтер, синтетикалық қоспалар болып саналып, қоршаған ортаға да зиянын тигізеді. Олардың көбі сыртқы ортаның өздігінен тазалану процесстерінің әсерінен ыдырамайды да, суда, су түбінің қалдықтарында, топырақта және биологиялық материалдарда (ауыл шаруашылық дақылдары, балықтар, ет т.б.) жиналып қалады
Елеулі мазаны алатын-мутагенді әсері бар заттар болып саналады. Себебі, олар тек тірі малдардың организмдеріне ғана зиянды әсер етіп қоймай, болашақ туатын төлдерге де теріс әсерін тигізеді. Мутагенді әсерлері бар көптеген химиялық қоспалар және пестицидтер (ДДТ, гексахлоран, бірнеше органикалық фосфорлы туындылар т.б.) белгілі. Сол сияқты хлорлы органикалық фосфорлы органикалық инсектицидтер мен гербицидтердің иммунодепрессиялық әсерлері барлығы анықталған. Ұзақ уақыт бойы тіпті аз мөлшердегі пестицидтің организмге түсуі, иммундық жүйенің қызметін бұзады. Ондай жағдайда қан сөлінің бактерицидтік қасиеті және лейкоцидтердің фагоциторлық активтігі төмендеп, антигенді хабарларды жеткізу бұзылады. Соның салдарынан антидененің түзілуі тежеліп, содан малдарды вакциналар мен егудің де нәтижесі төмендейді.
Улы заттар, мал организміне көбінде су мен немесе азық пен түсетіндігі белгілі. Малдардың улануы, оларға химиялық заттар мен өңделіп, себуден қалған дәнді дақылдарды бергенде, әртүрлі улы заттарды тасымалдағанда, малдардың өздігінен түсетін жерлерде сақтағанда, жайылымдарда кеміргіштерді, әртүрлі зиянды жәндіктерді жоюға пестицидтерді дұрыс пайдаланбағанда улы заттар топыраққа, одан өсімдік, суларға сінгенде ауыл шаруашылық малдарының арасында улану шығып одан үлкен экономикалық шығындарға ұрындыратыны белгілі. Малдардың улынуларының негізгі себебі пестицидтар мен тынайтқыштарды дұрыс пайдаланбаумен қатар, оларға дәлді есеп жасалмай, сақтайтын орындары берік белгіленбей, дұрыс тасымалдап жеткізілмей, бақылауы жоқ немесе жеткіліксіз болғандықтан болады.
Улы химиялық заттарды сақтауға жеке қора салынып, олар мал орындарынан және мекенді үйлерден төменгі жерде 200 м таяу орналаспауы керек. Улы химиялық заттар жабылған, тесігі жоқ ыдыстарда сақталып, сыртына аты және «Сақболу» деген сөз жазылып қойылуы тиіс.
Улы химиялық заттармен байланысты жұмыстар, оларды себуге арналған құрылымдарды, тракторларды, самолеттерді химиялық ерітінділермен толтырып, оларды жууды, арнайы бөлінген жерлерге қойып жасау қажет және ондай жуатын орындар мал қораларынан, су көздерінен және мекенді ауылдардан 1000 метрден жақын болмауы керек. Пестицидтердің ертінділерін шашу және самолеттерден себу жұмыстарын мал қоралардан, ауылды мекендерден, су көздерінен 1000 метрден, ал балық өсіретін су қоймаларының жағасынан 2000 метрден таяу жүргізбеу керек.
Пестицидтер мен өңдейтін аймақтардың маңайына, малдардың жайылуына, адамдардың жүруіне, уақыты көрсетілген белгілер-қадалар қойылуы керек. Ондай қатысуға тоқтату салатын белгілердің тұратын уақытының ұзақтығы қолданатын пестицидтардың физикалық – химиялық қасиеттеріне (ұшқыштығы, беріктігі, теріге, клегей қабаттарға тітіркендіргіш әсерлері, улылығы т.б.) байланысты болады. Пестицидтерді пайдаланғанда, міндетті түрде өңдеу уақытын, шығындалатын мөлшерін, өңдеудің қайталану мерзімі, препараттардың сақталу жағдайы және оған байланысты сапасының бұзылмауы және жасалған ертіндінің концентрациясы ескеріледі. Жоғарғы малекулалы және әсері тұрақты пестицидтар мен сауын сиырларды және бордақыдағы малдарды өңдеуге рұқсат етілмейді.
Союға арналған малдарды 25-тәуліктен ерте сойғанға дейін органикалық пестицидтармен (хлорофос, үшхлорметафос-3) -өңдеуге болмайды.
Мезгіл-мезгіл азықтардағы пестицидтардың қалдықтарын анықтау үшін, олардың сынамасын ветеринариялық лабораторияға жіберіп отырады. Қалдық пестицидтің мөлшері азықта максималды рұқсат ететін шамадан артық болмауы керек және кумулятивтік (жиналғыш) қасиеттері бар химиялық заттардың да қалдығы болмауға тиіс. Суперфосфат шығаратын химияляқ комбинаттардан радиусы 5 км аймақтарға мал жаю рұқсат етілмейді.
Дәріс №15 (1 сағ). Шолу дәрістері
Достарыңызбен бөлісу: |