Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Малдар организміне азықтардың механикалық әсерінен сақтандырудың жолдары



бет46/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1.Малдар организміне азықтардың механикалық әсерінен сақтандырудың жолдары.

Көптеген жайылымдағы және жазық шалғындағы өсімдіктер құрамында улы заттар жоқ болса да, малдар организмдеріне белгілі бір зиян келтіреді. Ондай өсімдіктерді дұрыс орып, дұрыс дайындаса, малдарға азық есебінде де пайдалануға болады. Бұл өсімдіктердің малдар организміне көбінесе зиянды әсері жемісі шыққанан кейін болады. Ондай өсімдіктер малдар денесіне жапырақтарымен, егер шеттерінде тікенектері болса, бұтақтарымен және өсіп шыққан жемістерімен зиянды әсер етеді. Олар көздерін, аузының ішін, жоғарғы тамақ, тыныс жолдарын, тері, бақай аралықтарын, желін тағы басқа органдарын жарақаттайды.

Механикалық әсерді көптеген селеу түрлері, қарағандар, шеңгел түрлері, өткір бұтақты ағаштар, паслендер көрсетеді.

Жайылымдарда және шалғынды жерлерде сар селеулер кең тараған өсімдік. Олар гүлін жарып, ұрығы шығып басы қата бастаған кездерде қойларға тағы басқа малдарға бірталай зиянды әсерін тигізеді. Олардың ұрықтары шөп аралығында жатып, келесі жылы өсіп шығып, үлкен зияны болады. Олар қойлардың жүндеріне кіріп, жүннің сапасын төмендетумен қоса, терісін тесіп, денеге жарақаттар түсіреді. Ондай жаралар тыртысып, малдардың еркін жүріп жайылуына мүмкіндік бермей, арып жүдеп кетеді. Кей кездерде жарақаттарға микробтар түсіп, асқынып, тері ауруларын тудырады.

Мұндай селеулі қалың жерлерге малдарды, әсіресе биязы жүнді қойларды, селеудің гүлі шығып, басы қатқан кездерде жаюға болмайды. Селу бастары қатудың алдында ондай жерлерге ірі қара, жылқы малдарын жайып алған жөн. Ал ол жерлерден дайындалған шөптерді малға берер кездерде өңдеу жүргізген дұрыс болады. Селеулі шөптер қыста қолда тұрып күтілетін ауру, күйі төмен малдарға берген кезде бет-аузына қадалып, көз ішіне түсіп, мазалап, жеген асы бойына сіңбейді. Кейбір өсімдіктер (шырмауық, шабылған жоңышқа, қаңбақ т.б.) малдар ішіне түскен соң , қортылмай, түйдектеліп, қатайып, асқазан жолдарын пітеп, ас жүргізбейтіндей жағдайға дейін апарады, яғни фитобезоары пайда болады да өлім-жітімге ұшыратады. Кейбір малдардың ұлтабарларына мөлшері жаңғақтардай одан да үлкен жұмыртқадай ондаған фитобезоарлар түзіледі. Олардың ұлтабарлардағы мөлшері ыстық, құрғақшылық кездерде және малдар дұрыс сумен қамтамасыз етілмеген жағдайда көбейеді.

Фитобезоарлар, көбінесе қозыларда,бұзаулар, кейде құлындарда кездеседі де, олардың жазылуы қиынға түседі, төлдер өлім-жітімге ұшырайды.

Фитобезоалардың алдын алу үшін малдарды ондай өсімдіктер шыққан жерлерге жаймау керек.

Шөптерді және саламдарды дайындау кезінде, көбінесе буып, тюктегенде, олардың арасында сым қалдықтары (кесінділері) қалып, малдарға үлкен қауіп төндіреді. Ондай тақия қарынның ретикулиті және жүрек қабының – перикардиті ірі қара малдарының арасында жиірек кездеседі.

Мұндай аурулар, кейбір ауыр өндіріс орындарына таяу орналасқан мал шаруашылықтарында кең тарауы мүмкін. Травматикалық (жарақат) перикардит және ретикулит аурулары малдардың күйін төмендетіп, өнімін азайтып, өлім-жітімге ұшыратып үлкен экономикалық зияндарын тигізеді. Ірі қара малдарының тіл үстіндегі емшек тәріздес бүршіктерінің ішке қарай еңкейіп бітуіне байланысты азықты асығыс, ашығып жеген кезде басқа затты, оның ішінде сым кесінділерін қайта ауыздан шығарып тастай алмағандықтан олар қарынға түсіп, таз қарынның қабырғасын қозғалыс кезінде тесіп шығады немесе жүрек қабығына жетіп, одан жүрекке қадалып, малдың өліміне апарып соғады.

Бірақ барлық ішке түскен механикалық заттар мұндай аурулардың шығуына себепші бола бермейді. Олардың ішінде әсіресе өткір, тегіс, ұзындығы 5-10 см – дей шеге, сым кескінділері, ине тәріздес заттар қауіпті болады. Ондай заттар ішке түскеннен кейін – қарының бұлшық еттерінің қозғалысы кезінде тесіп шығып, өкпе қабын жарақаттап, оның қабынуына, бауырды, бүйір етін зақымдап, олардың іріңдеп, ісік ауыруына апарып соғады.

Ондай аурулардың алдын алу жолдары - жайылымдар мен азықтардың механикалық заттармен, әсіресе сым қалдықтары және шегелермен ластанудан сақтандыру болып саналады.

Азықтардың топырақ, қиыршық тастар және құмдармен ластануының салдарынан, олар ішке түсіп, асқазан жолдарының кілегей қабаттарының қабынуына апарып соғып, қарынның қабынуы, гипотониясы, ішектің түйілуі т.б. аруларға ұшыратады.

Малдардың арасындағы кездесетін гиповитаминоздар және минералды заттардың (макро-микроэлементтер) жетіспеушілігінен бұзаулар, торайлар, сирек үлкен малдар топырақ, құм, төсеніштер жеп, жиі іш аурулары-гастрит, энтерит ауруларына ұшырайды. Ішке түскен құм, топырақ түйірлері асқазан мен ішек ішін тітіркендіріп, жарақаттап, кілегей қабаттарының қабынуына апарып соғады да, қарын мен ішектің дұрыс жұмыс жасауын бұзады. Ішектердің кей бөліктерінің қабырға бұлшық еттерінің тартылып, олардың түйіліп қалуына әсер етіп, ауыр ауруларға, астың қалдықтарының жүрмей қалуына дейін апарады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет