2.Белок, қант (углеводттар) майлардың (липид) гигиеналық маңызы.
Белоктар организмде ең маңызды орын алады. Барлық клеткалардың ткандарының және органдардың түзілуінің негізгі материалы болып, ферменттер мен гармондардың және антиденелердің құрамына кіреді. Белоктың биологиялық бағалығы оның амин қышқылдық құрамына байланысты болады. Қазіргі кезде 80 – нен астам аминқышқылдары белгілі болса, оның 9 – алмаспайтын және органинизмде түзілмейтін (лизин, метионин, триптофан, гистидин, фенилаланин, треонин, лейцин, валин және изолицин), үш шартты алмасатың (аргинин, тирозин, цистеин) түрлері белгілі.
Мал рационында жиі, ең қауіпті (критически) түрлері – лизин, метионин және цистейін кейде триптофан жетіспейді. Жоғарғы сүтті сиырларда және өсімтал жас малдарда лизин және күкіртті аминқышқылдарының жетіспеушілігі жиі байқалады. Аминқышқылдарының жоқ болуы немесе жетіспеушілігі зат алмасу процесстеріне, малдардың денсаулығына және өнімділігіне теріс әсерін тигізеді. Рациондағы лизиннің және триптофанның немесе аргининің жетіспеушілігі малдардың өсу-даму функцияларының төмендеуіне апарып соғады. Сол сияқты рационда лизин жетіспесе, кальций, фосфор, магний, темір, каротин және витамин А – ның организмде сіңірілуі төмендейді. Малдар үшін протеиннің негізгі көзі болып азықтар саналса, алмасатын амин қышқылдары организмде түзіліп, ал алмаспайтындар денеде түзілмейді. Мысалы, күйіс қайыратын малдардың аминқышқылдарына 60 % дейінгі сұранысы алдыңғы асқазандарындағы бактериялардың қатысымен түзіледі де, ал қалған бөлігі азық құрамындағы, аминқышқылдарымен қамтамасыз етіледі. Аминқышқылдарының қиын-қауіпті түрлеріне (лизин, метионин цистейін т.б.) өте сұранысы жоғары болып шошқалар мен құстар саналады. Сондықтан олардың рационына синтетикалық (жасанды) аминқышқылдарын қосу қажет. Аминқышқылдары мал өнімдерінен (сүт, ет, балық ұндары) жасалған азықтарда көп болады да, өсімдік белоктарын да аминқышқылдары жоқ немесе өте аз кездеседі.
Мысалы, дәнді дақылдар лизинге, триптофанға және метионинге тапшы болса, бұршақ тұқымдастардың аминқышқылдық құрамы жоғары болады.
Рацондағы аминқышқылдардың тепе-теңдігін сақтамаған жағдайда дәм сезгіштігі төмендеп (триптофан жетіспесе), анемияға ұшырап (лизин, метионин, триптофан т.б. жетіспесе) бауыр майланып, бұлшық еттердің дистрофиясы (семіу) байқалады.
Ұзақ уақыт белоктың жетіспеушілігі организмнің жүдеп содан ткандағы белоктар, майлар және углеводтар (көмірсутегі) кемиді. Мұндайда ткандағы белоктың ыдырауы, оның түзілуінен жоғары болып, организмде азоттың теріс балансы туып, қорғаныс белоктарының, ферменттер мен гормондардың түзілуі төмендеп, қандағы алмаспайтын аминқышқылдарының мөлшері өте кеміп кетеді. Протеиіннің нормадан 10-15 пайызға төмендеуі малдың клеткалық және гуморальдық қорғаныс факторларының белсенділігі төмендеп, тіпті вакцинация жасаған күннің өзінде иммунитеті әлсірейді. Яғни, малдарды толық құнарлы азықтармен көректендірмеген жағдайда, оларды инфекциялық аурулардан вакцинациялаумен (дәрі егу) қорғаудың жоғарғы нәтижесі болмайды. Рациондағы протейіннің өте жоғарғы мөлшері, көмір сутекті заттардың (қанттардың) азаюымен қатар жүріп, күйіс қайыратын малдардың асқазанында көп мөлшерде аммиак түзіледі де, ол қарынның микрофлорымен қабылданбай, қанға түсіп, уландырады. Аминқышқылдарының үдемелі ыдырауының салдарынан және май қышқылдарының толықтай тотықпауынан ткандармен қанда кетонды денелердің мөлшері көбейеді. Мал организмінде ацидоз, интоксикация болып және гипофиздің, бүйрек бездерінің, ұйқы және қалқанша-қарбалас бездерінің гипофункциясы туады. Белоктың артықтығынан пайда болған ацидозға байланысты кальций және фосфор алмасуы бұзылып остеодистрофия (сүйек ауруы) туады. Сөйтіп белок алмасу бұзылып малдарда кетоз (ацетонемия) ауруы пайда болады.
Кетоз – белокты, углеводтты (көмір сутек), липидты (май) және минералды заттардың алмасуы бұзылып, қанда, несіпте, сүтте және дем мен шығатын ауада кетонды заттардың (ацетон, ацетонды сірке және В – окси май қышқылдарының) мөлшерлері көбейіп кетіп, ацидозға ұшырап, «өнім төмендеп», ауру тудырады.
Ірі қара малдарының кетозы рационда белок көп, углевод аз болғанда болады, яғни концентрат (жем) және сүрлем (силос) азығымен азықтандырғанда кездеседі.
Сиырларда кетоз құрамында май қышқылдары көп төменгі сапалы сүрлем, сығынды (жом) және сенаж (сүрленген шөп) бен азықтандырса пайда болады. Мұндай жағдайда көбінесе қарындағы (рубец) микрофлордың ферментатифтік активтігі бұзылып, пропион (антикетогенді) қышқылының түзілуі төмендеп және май қышқылы (кетогенді) көбейеді Кетоз көбінесе буаздықтың соңғы айында, суалтпай сиырды ұзақ сауғанда және жоғарғы, қарқынды сүт түзілу кезінде болады. Бұл кезде өте көп энергия жұмсалады. Ондай жағдайда энергетикалық сұранысы углеводттар мен (көмірсутегі) қанағаттандырылуға тиіс. Рационда қант жетіспесе, ткандардағы белоктар мен липидтер қарқынды ыдырап, соның салдарынан организмде кетондық денелер жиналып, кетоз ауруы пайда болады. Сол сияқты кетоз сиырларды көктем кезінде белогі көп, углеводы аз, жас көк шөпті жерлерге, азотты тыңайтқыштарды пайдаланған жасанды жайылымдарға жайғанда кездеседі. Кетоз малдардың жалпы ашыққанда организмнің энергетикалық сұранысын азық пен қамтамасыз ете алмай, өз денгейіндегі липидтер мен белоктардың қорларын ыдыратып пайдаланғанда шығады да, қанда және ткандарға кетонды деңелердің жиналуына апарып соғады.
Кетонды денелер бұзаудың шаранысынан өтіп кетіп, олардың дұрыс өсуін тежейді. Сүт өнімінің құрамы арқылы адам организміне де қауіп тудырады.
Кетоз бен ауырған сиырдың уызында жалпы белоктың әсірісе иммуноглобулиндардың мөлшері аз болады. Сондықтан осындай уыз емген бұзаулар басқа аурулар мен ауыруға бейім келеді.
Кетоз (кетонурия) қойларда, әсірісе көп қозы беретін саулықтарда, буаздықтың соңғы айында рационда протеин және углевод жетіспегенде, яғни азық тапшылығы туғанда кездеседі. Ашаршылық жылдары (жұт) организмнің энергияға сұранысын саулық іштегі қозысын қамтамассыз ету үшін денесін липидттер, глюкогендер және кетогендік аминқышқылдарының қорын пайдалану арқылы жабады. Содан саулық жүдеп, қанда және несіпте ацетонды денелер жиналып, жалпы улану шығып, орталық нерв жүйелерінің қызыметі бұзылады. Қойлар арасында кетоздан шығын 70 -100 пайызға дейін жетеді.
Кетоз (кетонурия) шошқада көбінесе мегежіндердің буаздықтарының екінші жартысында кездеседі. Кетоз – жалпы зат алмасу процесстерінің бұзылуы мен сипатталып, несіп және қанда көп мөлшерде кетонды денелер жиналып, жалпы улануға ұрындырады да, бауырдың, бүйректің және жүрек бұлшық еттерінен дистрофиясы (ыдырауы) кездеседі. Көп жағдайда ауру малдарды өлімге ұшыратып немесе мезгілінен бұрын өнімін азайтып, өлі немесе әлсіз, төзімсіз торайлар тууына апарып соғады. Шошқа арасындағы кетоз ауруының туу себебі, оларды углеводтты азықтардың (қызылша, сәбіз, картоп) рационда аз болып, ал белокты (комбикорм, жарма, күнжара) азықтардың өте көп орын алғанынан болады. Сондықтан кетоз шошқалардың рациондағы концентратты бөлігі 75 пайыздан жоғары болғанда шығады.
Кетоз ауруының алдын алу үшін ауыл шаруашылық малдарын қажетті протеин мен углеводтты азықтар мен қамтамасыз етіп, олардың рациондағы өзара қатынасын нормативке сәйкес сақтау керек.
Углеводтар – малдар үшін негізгі энергияның көзі болып саналып, өсімдіктердің құрамының құрғақ заттарының ең басты бөлігін түзеді. Углеводтар екі топқа бөлінеді - шикі клечатка және азотсыз экстрактивті заттар (БЭВ).
Күйіс қайыратын малдардың қарнына қант, крахмал, гемицеллюлоздар, целюлоздар және басқа қоспалар түрінде түседі. Содан қарындағы микроорганизмдердің әсерінен күрделі углеводттар жай қантқа айналып, ол одан соң ашып сірке, май, пропион және басқа қышқылдарға ыдырайды.
Мал организмі углеводтар мен ашығуға көпке дейін шыдамды келеді, өйткені углеводттар денедегі белоктар мен майлардың ыдырауларынан да пайда болады.
Рациондағы тез ыдырайтын углеводты азықтардың көп болуы (көп мөлшерде қызылша, картоп т.б.) асқазанның ацедозына ұшыраттады. Ондай ауру, көбінесе мал қарының микробтары жаттығып, бейімделмеген кезде, жаңадан көп мөлшерде рационға углеводты азықтарды тосыннан еңгізгенде болады. Ондай ауру қарындағы, сұйықтың қышқылдығы (РН), норма бойынша 6,2 – 7,0 болса, 4,5 – ке дейін төмендеп, асқазан мүшелерінің жұмыстарының бұзылуымен сипатталады. Малдардың рационында қант пен протейннің қатынасы, орташа есептегенде 0,8 : 1,4, ал сауын сиырларға 1,2 : 1,4 болуы қажет. Малдардың рациондарына углеводы мол азықтар – қызылша, сәбіз, қарбыз, асқабақ т.б. қосады. Жоғарғы өнімді сиырлардың рационына, бұзаулағаннан соң 2,5 ай бойына пропионды натрий (тәулігіне 50 – 70 г) қосып отырған жөн.
Сол сияқты күйіс қайыратын малдардың рациондарына қарындағы микробтардың метонинді түзуін арттыру үшін қосымша құрамында күкірті бар, күкірт қышқылы натрий мен (сульфат натрия) қанықтырып отырады. Рациондағы клетчатка, оның көлемін молайтады да, қарын мен ішектердің жұмысын жақсартып, қозғалысын (жиырылуын) арттырып және ұшқыш май, әсірісе сірке пропионды қышқылдарының көзі болып саналады. Асқазан жұмыстарының қалыпты жүруі үшін малдардың рационындағы клетчатканың углеводтардың жалпы мөлшеріне қатынасы 1:3 болуы керек.
Ұсақ малдарда кетоз ауруы болмас үшін олардың физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты қалыпты рацион мен қамтамасыз ету қажет.
Шошқалардың кетозының алдын алу үшін рациондағы белокты азықтардың бөлігі 75 пайыздан жоғары болмайтындай углеводы көп тамыр түйнекті азықтар, шөп ұндарын тағы басқалар қосады.
Майлар – басқа көректі заттар мен салыстырғанда құрамында оттегі аз, көміртегі және сутегі көп болады да, тотыққан кезде энергияны 2-2,5 есе углеводтарға қарағында көп бөліп, калориясы жоғары болады. Бірақ майлардың бағасы тек энергиясы мен ғана шектелмейді. Структуралы материал есебінде олар клеткалардың протоплазмасының құрамына кіреді. Кейбір май қышқылдары (линолевті, арахидоиды және липолді) зат алмасу процесстерінің жүруін қолдап, малдың өсіп және дамуына қажетті болады да, міндетті түрде азықпенен организмге түсуі керек. Азықтың майы мен денеге майда еритін витаминдер түседі, ас алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етіп, ішектегі көректі заттардың сіңірілуіне әсерін тигізеді. Егер азықта май жеткіліксіз болса, организмде майға еритін витаминдердің гиповитаминозы (А,Д,Е,К) туады.
Рационнан майларды шығарып тастауға, малдар өте төзімсіз келеді. Себебі майлардың құрамы мидың түзілуі және көрегіне қажет болып клеткалардың мембранасы содан құралады. Ұзақ уақыт майдың организмде жетіспеушілігі денедегі көптеген өзгерістердің тууына апарып соғып, терілердің бетінде жаралар пайда болып, қан тамырларының серпінділігі нашарлап, капилярлардың қабырғаларының өткізгіштігі жоғарлап, көптеген органдарға қан құйылу және қан ағу болып, организмнің суға сұранысы артып, сперматогенез (ұрық бөліну) және овуляция (аналық ұрықтын бөлінуі) бұзылып, жалпы зат алмасу елеулі жоғарлап, 39 – 50 пайызға оттегінің пайдалануы артады. Кейінгі кездерде ауыстырылмайтын май қышқылы болып – линолевті қышқыл саналады. Оның жетіспеушілігі ас алмасу процесстерінің бұзылып, дененің табиғи резистенттілігі төмендеп, өнімі азайып, шағылсу қабілеттері нашарлап, малдың қысыр қалуын молайтып, төл басының азаюына апарып соғады. Аналық малдардың рационындағы майдың мөлшерін қалыпты ұстамаған жағдайда, уыздың құрамында линолевті қышқыл жаңа туған бұзаулардың оған сұранысын қанағаттандырмайды. Жас туған төлдің рационына қосымша линолевті қышқылдарының көзі мол шемішке майын қосу организмнің алғашқы кездерде жағдайын жақсартып, инфекциялық ауруларға қарсы тұру қабілетін жоғарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |