Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет45/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

4.Витаминдердің гигиеналық маңызы.

Отызға жуық витаминдер белгілі болса , оны екі топқа бөледі. Майда еритіндер (А, Д, Е, К) және ерімейтіндер (С, В топтары т.б.). Организмде қандай болмасын бір витаминнің жетіспеушілігі – гиповитаминоз, ал артық мөлшері – гипервитаминоз, ауруларын тудырады.

Гиповитаминоздың тууына, көбінесе малдарды дұрыс күтіп – бақпау, бір жақты белокты немесе углеводтты азықтар мен көректендіру, сапасы төмен, улы заттары бар, әсіресе витаминдер мен байланысқа түсетін және алмасу процестерін бұзатын азықтар себепші болады. Малдар арасындағы гиповитаминоздар шығу тегіне байланысты бірінші – сырттан азықпен келетін (альминтарлы) және екінші іштен туатын болып бөлінеді. Витаминдердің жетіспеушілігіне, әсіресе жас малдар, буаз, сауылатың сиырлар, ауру немесе ауырып, жазылған малдар өте сезімтал болады.

Витаминдер, көптеген ферменттердің негізгі құрамына кіріп, белокты, липидті, углеводты және минералды заттардың алмасу процестерінде елеулі роль атқарады. Олар организмдегі алмасу реакцияларына қатысып, әртүрлі физиологиялық процестерге әсер етіп, өсуі, дамуы, қан алмасуына, жыныстық жүйелердің қызметіне, иммунитетіне, өніміне т.б. әсерін тигізіп өзгертеді. Витаминдердің азықтарда жетіспеушілігінен малдардың өнімдерінде де аз болып, азық шығынын жоғарлатады. Витаминдерге малдардың сұранысы олардың түріне, жасына, физиологиялық жағдайына, күтіміне, протеинді азықтандырудың шамасына, тағы басқа стрессті факторларға байланысты болады. Жас малдарға витаминдердің тек сан жағынан ғана емес, түрлерінің толықтығының да үлкен маңызы болады. Ауа райы суық аймақтағы малдардың витаминдерге сұранысы жоғары болады. Организмдегі витаминдердің шығыны стресстік жағдайға (моцион, тасымалдау, айдау, құғындау т.б.) тікелей байланысты болады. Антистрестік мөлшері витаминдердің жай уақыт пен салыстырғанда, 2-4 есе көп болады.

Витамин А (ретинол, антиксерофталмиялық). Жасыл өсімдіктердің құрамында сары түсті пигмент каротин немесе провитамин А болады. Каротин азықпен бірге малдың ішіне түскен соң, қанға және бауырға сіңіріліп, фермент каротиназының әсерінен, одан витамин А түзіледі. Витамин А-ның каротиннен түзілуі, сол сияқты ащы ішектің қабырғасында да жүреді.

Витамин А-ның ең басты функциясы – көздің, терінің, тыныс жолдарының, жыныс жүйелерінің, бездердің, ас қорту органдарының эпителиялдық тканьдарының қалыпты жағдайын сақтап тұру болып саналады. Бұл витамин-эпителидің «қорғаушысы» - деп аталады.

Витамин А жетіспегенде көздің кілегей қабатының эпителиясы қатайып мүйізденсе – ксерофтолмия, терінікі -дерматит, тыныс жолдарынікі – бронхопневмания, ас қазан жолдарынікі – диспепсия т.б. ауруларды тудырады. Организмде витамин А жетіспегенде дененің сыртқы факторларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.

Көптеген органдардың эпидемиалды ткандарының қорғаныс күшінің бұзылуының нәтижесінде организмнің иммуннобиологиялық жағдайы нашарлайды. Рационда каротин жетіспеген соң өнімі төмендеп, өлі төл туып, немесе әлсіз бұзау, ал торайлар соқыр, жетілмеген, әр түрлі дене мүшелерінің кемшіліктерімен туады.

Рационда қант жетіспегенде каротинді сіңіру төмендейді. Витамин А-ның жетіспеушілігі көбінесе, күйіс қайыратын малдарды жүгері сүрлемі және концентраттармен азықтандырғанда кездеседі. Өйткені жүгері сүрлемінің каротині, жоңышқа шөбінікіне қарағанда, үш есе нашар сіңіріледі. Сондықтан, сиырларды жүгерлі сүрлемі мен ылғи көректендіргенде, малда гиповитаминоз білінбейтін түрде жүреді.

Витамин А мөлшері азотты тынайтқыштар пайдаланған жайылымдарда болған малдардың организмінде төмен болады (тынайтқыштағы нитриттердің улы әсерін витамин А бейтараптауға шығындалады). Мұндай жайылымдарда малдарға витамин А мөлшерін 2-3 есе арттыру керек. Каратинді кейбір микроэлементтер (мыс, темір т.б.) ыдыратады. Оның концентрациясы азықты уақытында дайындамай және дұрыс сақталмаса, азайып кетеді. Каротин және витамин А рационда майлар, кабольт және йод жетіспесе, нашар сіңіріледі. Шарушылықта минералды, ферменттерді және техникалық майларды пайдаланғанда каротинге сұраныс жоғарлайды. Гиповитеминоз А болдырмай алдын алу үшін малдарға коратинге бай азықтарды (көк шөптер, шөп және қылтанақ өсімдіктердің ұны, сәбіз т.б.) береді және витамин А препараттарын (микровит А, микробиологиялық коратиннің азық препараты - КПМК) қосады.

Витамин Д (эргокалциферол, антирахитті) – фосфорлы-кальций алмасу процесін қалыптап және сүйек ткандарының түзулуіне әсер етеді. Қарбалас бездердің функциясына әсер етіп, витамин Д, организм мен кальцийді пайдалануына көмектеседі. Витамин Д түрлері Д2 және Д3 болады. Д2 – кальций ферол өсімдіктегі эргостериннен, ал Д 3 - мал терісінде ультракүлгін сәулелерінің әсерінен дегидрохолестериннен түзіледі. Витамин Д жетіспеушілігі минералды алмасуды бұзып, жас малдардың рахит, үлкен малдардың – остеомаляция ауруларына ұшыратады. Ол кезде сүйек ткандарындағы кальцийдің мөлшері азайып, сүйектің беріктігі төмендеп, деформацияға ұшырайды. Бұл ауру малдың қозғалысын шектеп, нерв жүйесінің сезгіштігі жоғарлайды. Малдардың витамин Д-ға сұранысы, оларды интенсивті технологиямен ұстаған кезде (қозғалыс жоқ немесе шектелгенде) 2-3 есе артады. Рахит және остеомаляция ауруларынан сақтандырып, алдын алу үшін малдардың терілерінде витамин Д түзілетін ультра күлгін шамдарымен сәулелендіру қажет.

Витамин Е (токоферол, өсіп-даму витамині) спермогенездің (ұрық түзілу) жүруін қалыптап және жатырдағы нәрестенің өсуін қадағалап отыратын витамин. Бұл витамин жетіспегенде еркек малдардың ұрық жүретін жолдарының эпителиясы дегенеративті өзгерістерге ұшырап, спермогенез процессі бұзылып, ұрықтандыру қабілеті жоғалып, жыныс рефлекстері нашарлайды. Сол сияқты ұрғашы малдардың қысыр қалуы, ұрықтың өспеуі, нәрестенің дамуының алғашқы сатысында іш тастаулар байқалады. Ұзақ уақыт бойына Е витаминнің жетіспеуі ет ткандарының дистрофияға ұшырап, одан біртіндеп фиброзды (талшық) ткандармен алмасуына апарып соғады. Ондай кезде еттің түсі ағарып кетеді. Е – авитаминоз орталық нерв жүйелерінің бұзылуына апарып соғады (мыйшық ұлғайып, жүрісі бұзылып шатқаяқтанып, әртүрлі селкілдек пайда болады).

Ірі қара малдарында Е- витаминнің жетіспеушілігі бұлшық еттердің дистрофиясы және бауырдың некрозы, шошқаларда бұған қоса, қарында жара пайда болады.

Азықтарды дайындау кезінде, әсіресе суын сығып, брикеттер, гранулдар жасап, сүрлемдеу кездерінде Е витамины ыдырап азайып кетеді. Азықта белокты заттардың көп болуы, Е витаминге малдардың сұранысын жоғарлатады.

Е витаминге жасыл шөптер, өніп кеткен дақылдар және жүгері сүрлемдері бай келеді.

Витамин К (филлохинон, антигеморрогиялық витамин) бауырдағы протромбиннің түзілуіне қатысады.

Бұл витаминнің жетіспеушілігі қанның ұюы төмендеп, геморрогиялық диатезға ұшыратады.

К - авитаминоз құстарда жиі кездеседі. Қанның ұюының нашарлауына және қан тамырларының қабырғаларының өткізгіштіктерінің жоғарлауына байланысты денеде көптеген органдарға қан құйылады. Қан алу және қантамырларының зақымдалуы қанның ағуының тоқтамай, кейде өлім мен аяқталуы мүмкін. Витаминнің (К) азықтарда көп тарауына және оның малдардың қарнындағы микроорганизмдермен түзілуіне байланысты бұл витаминге мал организмінің сұранысы байқалмайды. Балапандардың рационына жасыл азықтарды қосу қажет.

К-витамины бар препараттарды ұзақ уақыт жазылмай жүрген жараларды, үсіктерді және күйіктерді емдеуге пайдаланады.

Витамин С (аскорбин қышқылы, антицингот, сүйелге қарсы витамині). Бұл витамин жалпы зат алмасуына қатысып, барлық өмір сүруге қажет организмдегі биологиялық процесстердің амин қышқылдарының, углеводтардың, майлардың т.б. қалыпты жүруіне әсерін тигізеді. Бұл витаминнің пайдасы қан тамырларының қабырғаларының қалыпты болуын қадағалап және зат алмасу процесстерінің улы қалдықтарын организмнен дер кезінде шығарып, денені уланудан сақтандырады.

Витамин С өсімдіктерде көп болып және әсіресе күйіс қайыратын малдардың асқазанында түзіледі. Оның жетіспеушілігіне шошқа, бағалы терілі аңдар, сүт еміп жүрген бұзаулар және жылқылар ерекше сезімтал келеді.

Витамин С антистресстік зат есебінде пайдаланады. Ол тасымалдаған бұзаулардың резистенттілігін жоғарлатып, күйзелісін төмендетеді.

Бұзаулар мен торайлардың алғашқы 10-21 тәуліктік жастарына дейін витамин С организмде жеткілікті мөлшерде түзілмейді де, ол мезгілде витаминның шамасы анасының сүтіне байланысты болады. Шошқаларды қайнатып, пісіріп т.б. өңдеген азықтар мен көректендіргенде витамин С жетіспеушілігі кездеседі, ал бұзауларда пастерленген немесе қайнатылған сүт берілген кезде болады.

С – гиповитаминозын алдын алу үшін рационға өсімдікті азықтарды, немесе сапалы дайындалған шөп, сүрлем, тамыр түйнекті, қылтанақ өсімдіктердің ұндары т.б. қосылады.

В топты витаминдер – жалпы 20 – дан астам болады. Олар өсімдіктер және микроорганизмдердің (бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтар т.б.) қатысуы мен түзеледі. Малдарда В-топты витаминдер ішек - қарын жолындағы микрофлордың әсерінен түзіледі, әсіресе кебеже қарын және жуан ішектерде. Сапасыз азықтар, әртүлі дәрі – дәрмектер, құнарсыз және бұзылған улы заттары бар азықтар іштегі микрофлоралардың активтігін төмендетіп, В витаминнің түзілуін нашарлатып, организмде жетіспеушілігіне ұшыратады. В – топты витаминдердің жетіспеушілігі көбінесе, шошқаларда, жылқыларда және құстарда жиі кездеседі. Күйіс қайыратын малдардың ішінде жас бұзауларда алғашқы 15 – 20 күндік жастарында, олардың организмдегі витамин В түзілуі басталмай тұрған кезде гиповитаминоз болуы мүмкін.

Азықтандыру түрлері малдардың В топты витаминдерге сұранысына әсер етеді. Мысалы, рациондағы углеводты азықтардың көп болуы малдардың В витаминдарға сұранысын арттырады.

Витамин В (аневрин) – углеводтың ортаңғы өнімі – пировиноград қышқылын ыдырататын, карбоксилаза ферментінің негізгі құрамына кіреді де, ол жетіспеген кезде қан мен ткандарға пировиноград қышқылдары жиналып, орталық және шеттік (перифериялық) нерв жүйелерінің қызметтерінің бұзылуына апарып соғады.

Гипо витаминоз В1, малдарда, әсірісе құстарда ас қорту органдарының, жүрек – қан жүйелерінің бұзылуына апарып, жалпы организмнің әлсіздігі, ісіктер пайда болып, қозғалыстардың нормадан ауытқулары, селкілдеп – дірілдеу, аяқ және қанаттардың параличтері (салдануы) байқалады.

Витамин В2 – белоктар және углеводттар алмасуына қатысатын ферменттердің құрамына кіреді де, оның жетіспеушілігінен ас қорту органдарының функциялары бұзылып, дерматит, ерін – тілдердің ауруы және көздің жарықтан жасқаншақтығы байқалады. Жас малдардың өсіп – дамуы тежеледі.

Витамин РР (никотин қышқылы) – тотығу процестеріне қатысатын ферменттің (дегидраз) құрамына кіреді де адамдарда пеллагра (сүйел) ауруын шақырады. Пеллагра сияқты аурулар шошқаларда кездесіп, әлсізденіп, жүдеу, терілердің экземасы (бөрту), қылшықтардың түсуі, талма және паралич болумен сипатталады.

Витамин В12 – күйіс қайыратын малдардың кебеже қарындарында түзіледі. Бұл витамин қан айналыс процестерінің қызметін жақсартады, эритроцидтер мен гемоглобиннің мөлшерін көбейтеді, нукле протеиндердің түзілуін арттырып, жас малдардың өсуін жақсартып, организмнің резистентілігін жоғарлатады. Оның жетіспеушілігі ең алдымен организмдегі қан түзілу процесстеріне теріс әсерін тигізеді. Гипо – авитаминоздар, мал шарушылығында айтарлықтай зиян келтіреді. Көбнесе қысыр қалу, іш тастау, өлі туу, төлдердің өсіп – дамуының тежелуі, ет және сүт өнімдерінің төмендеуі, қойларда жүні азайып, сапасы нашарлау, жалпы сыртқы факторларға, инфекциялық ауруларға төзімділігі төмендеу тағы басқа экономикалық зияндар шектіреді.
Дәріс №13-14 (2 сағ). Сапасыз азықтандырудағы ауыл шаруашылық малдарының аурулары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет