Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Пәннің түсінігі мен негізгі мақсаты



бет2/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1.Пәннің түсінігі мен негізгі мақсаты

Ветеринариялық гигиена немесе зоогигиена (гректің zoon – мал, ал hygienos – емдік, денсаулық жеткізуші – деген сөзінен алынған) – малдарға тиімді күтіп бағу, азықтандыру және өсіру тәсілдерін қолдана отырып, оның денсаулығын арттыруға, өнімін молайтуға тиісті жағдай туғызуға бағытталған ғылыми сала Зоогигиена ғылымының маңызын академик Скрябиннің мына сөзінен түсінуге болады. Ол – «Мен еңбек жолын мал гигиенасынан бастадым, өзімді зоогигиенист деп есептеп, оны ешқашан да тастамаймын. Әр жақсы маман – зоогигиенаны білуі керек, ал зоогигиенаны білмеген дәрігерді мал маманы деп санамаймын» - дейді.

Бұл ғылымның теориялық негізі болып тірі организмдер мен олардың өмір сүретін ортасының диалектикалық байланысы жөніндегі ілім саналады.

Бұл ғылыми ілімді ашқан К.Рульенің оқушысы Сеченов былай деп түсінік берген:

«Бірде-бір тірі организм өзі тұрған ортадан жеке өмір сүре алмайды, одан дара өмір сүру деген оның жүрмеуі, тыныс алмауы, азықтанып қозғалыста болмауы дегенмен пара-пар»

Сондықтан организм деген сөзді сыртқы ортадан бөліп қарауға болмайды. Осы ортаның организмге тигізетін әсерлерін оқыта келе, ветеринариялық гигиена, әр малдың жасын, түрін, тұқымдық ерекшеліктерін ескере келіп, оларға қалыпты (норматипті) жағдайлардың көрсеткіштерін белгілеп береді.

Ветеринариялық гигиена негізгі екі бөлімнен: жалпы және жекелеме гигиенадан тұрады. Жалпы гигиена сыртқы ортаның (ауа, су, топырақ, азық, күн сәулесі т.б.) денеге тигізер әсерлерінің заңдылығын көрсетсе, жекелеме гигиенада осыларды әр малдың түрі, жасы, тұқым ерекшеліктеріне байланыстыра отырып ғылыми түсінік береді.

Ветеринариялық гигиенаның теориясының негізіне сүйене отырып арнайы тәжірибелі іс-әрекеттерін көрсетіп беретін бөлігін – ветеринариялық санитария деп атайды. (Sanitarius – латын сөзінен Sanitas – денсаулық сақтау деген түсінік береді.) Сондықтан санитария – гигиеналық талаптарға сәйкестендіріліп қалыптандырылған (норматиптік) көрсеткіштерді тәжірибе жүзінде қолдану жүйелерінің жиынтығы.

Санитариялық тәжірибе – мал денсаулығын сақтауға бағытталған, гигиена ережелеріне сәйкес ұсыныстардың дер кезінде іске асуын қадағалап отыруға тиіс, яғни ветеринариялық бақылау жүргізеді. Ветеринариялық гигиенаның мақсаты әртүрлі саладағы ғылым мен тәжірибенің негізінде өте күрделі жұмыстардың шешімдерін көрсету болып табылады, анықтап айтқанда:

- сыртқы ортаның көрсеткіштерін (факторларын) денеге гигиеналық ережелермен сәйкестендіру;

- малдарға арналған объектілердің жобалануына, салынуына және пайдалануына ветеринариялық-санитарлық бақылау жасау;

- малдарға физиологиялық көрсеткіштеріне сәйкес қалыпты жағдай туғызу;

- малдарды гигиеналық-санитарлық ережелермен азықтандыру;

- малдардың ауруға төзімділігін арттыру және мал өнімінің сапасын жақсарту;

- сыртқы қоршаған ортаның тазалығын сақтау;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет