Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Мал денсаулығы және қоршаған ортаға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар



бет4/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

1. Мал денсаулығы және қоршаған ортаға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

Бізді қоршаған газдар қоспасынан тұратын ортаны – тіршілік ортасы деп айтса, оны құрайтын ауа, топырақ, су, азық, қора және техникалық жабдықтар, сол сияқты микроорганизмдер оның негізгі бөлшектері болып саналады да, олар мал организмімен тікелей байланыста болып тіршіліктің өсіп дамуына әсерлерін тигізіп отырады. Тірі организмге тәулік, ай, жыл ішіндегі жиі өзгерістерге ұшырап отыратын ортада өсіп-өнуіне тура келеді. Егер ол ортаның өзгеруінің салдарынан, ондағы тірі организм өзінің даму жолындағы қалыптасқан қажетті керегін таба алмаса, олардың, яғни ортамен тірі организмнің арасында қайшылықтар пайда болады. Соның салдарынан тірі организмге ортаның жағымсыз әсері тиіп, онда ауру тудыруы мүмкін. Сондықтан дененің саулығы да оның ауруы секілді ортаның әсерінің туындысы болып есептеледі. Мал өнімі оның тұқыммен берілген (генетикалық) ерекшеліктеріне сәйкес келсе ғана оның дені сау деп саналады. Сондықтан малдың денсаулығы, оның клиникалық және физиологиялық көрсеткіштері мен сипатталып, сыртқы ортаның әсерінен өзгеріске ұшырайды, яғни қоршаған ортаның факторларының өзгерістерін бақылап отырудың гигиеналық маңызы өте зор болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет