Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет49/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

4.Негізгі азықтармен улану.

Азықтарда, белгілі бір себептермен улы (токсинді) заттар пайда болады. Мұндай уланудан сақтандыру үшін азықтарды дайындау технологиясын, сақтау, өңдеу және пайдалану жолдарын ескеру қажет. Себебі, малдардың кейбір кезде улануын тіпті жаңа, сапалы азықтар тудыруы мүмкін. Оған белгілі бір жағдайда (дұрыс сақталмаған, дұрыс дайындамаған) азықтағы заттардың улы түрге айналып кетуі себеп болады.

1.1. Құрамында цианогенді гликозиді бар азықтармен улану. Зығыр күнжарасы, тары, тары тұқымдас сорго, вика, жоңышқалардың түрлері – клевер, люцерна т.б. құрамдарында цианогенді глюкозидтері болады. Сулы жерде цианогенді гликозидтар гидролизденіп, ферменттердің, қышқылдардың әсерінен немесе ашудың салдарынан синил қышқылын түзеді. Циангликозидтер құрғақшылықта немесе қалың жауын-шашында, суықтарда жас өсімдіктерде, сол сияқты таяуда шабылған немесе жас кезінде жатып қалған шөптерде т.б. өсуіне кедергі болған жағдайда жиналады.

Синил қышқылы - өте күшті уу, негізінен ткань аралық тыныс алуды параличтеп, тотығу процестерін бұзып, өлтіре әсер етеді.

Ционогенді гликозидтармен, ірі қара малдары, шошқалар, қойлар, жылқылар және құстар уланады.

Шошқалардың улануы, зығыр күнжарасын қайнатып, келесі күнге қалдырып қойып барып берген кезде де шығады. Сақтандыру үшін күнжараны су мен температурасы 60ºС өңдеп, яғни ондағы фермент линазаны активсіздендіргеннен соң беруге болады. Бірақ зығыр күнжарасын құрғақ күйінде берген дұрыс.

Малдарды құрамында циногенді гликозиті бар шөптермен улануынан сақтандыру үшін, ондай өсімдіктер өскен жерлерге ерте, қуаңды мезгілдерде, жауын – шашындардан кейін бірден жаюға болмайды. Ашыққан малдарды аты аталған өсімдіктер өсіп тұрған жерлерге жаймай, ол жерлердің өсімдіктерін орып шөп дайындауға болады. Сорго және суданканы, алғашқы басы түскен кезде, көк шөп дайындауға пайдаланған дұрыс болады. Суданка, сого және жоңышқаны (клевер) шауып жинағаннаң соң екі айдан кейін ғана пайдалануға болады. Мұндай өсімдіктерді көк кезінде малдарға берер алдында залалсыдандырады (әр центнер көк шөпке 1 кг темір сульфаты немесе гидрокарбонат натрий) қосады.

1.2. Құрамында фотосенсибилизаторы бар азықтар мен улану. Көптеген азық өсімдіктерінің (бұршақ, қызғылт жонышқа, сары жонышқа, эспарцет т.б.), сол сияқты тағы өсетін (шай құрай, бүршік қабыршақ т.б.) өсімдіктердің құрамында фотосенсибилизаторлы немесе фотодинамикалық заттар болады. Малдар да, осы өсімдіктерді жегенен соң фотосенсибилизация туады, яғни күн радиациясының ультра күлгін сәулелерінің әсеріне организмнің жоғарғы сезгіштігі пайда болу. Ондай кезде терінің пигменті жоқ жерлерінде және тері асты клечаткасында қабыну процестері болады. Күннің тура түскен сәулелеріне фотодинамикалық заттары бар өсімдіктерді жегеннен кейін, жоғарғы сезгіштік қойларда, шошқаларда сирек ірі қара малдарында, жылқы және құстар да кездеседі. Көбінесе жүні сирек, тақыр, тері пигментті жоқ, ақ түсті малдар тез уланады. Ауру терінің үстінде суланған бөріткендер және тілме тәрізді қабынулар шығып, қышыма туғызады. Қабынған жерлер өте қызыл түске боялып, ісік пайда болады.

Аурудан сақтандыру мақсаты мен малдарды фотосенсибилизаторлы заттары бар өсімдіктер шыққан жерлерге күн қайтқан, түнгі, бұлтты күндері ғана жаю керек немесе ондай өсімдіктерден шөп дайындап біртіндеп үйретіп, көлеңке жерлерде малдарға беру керек. Қозылы қойларға тарылы шөптерді беруге рұқсат етпейді.

1.3. Құрамында нитриттер мен нитраттары бар азықтармен улану. Кейбір азықтық өсімдіктерде (жүгері, қызылша, күнбағыс, қара бидай, рапс т.б.) нитриттер және нитраттар жиналады да, олардың мөлшері өсімдіктің түріне және сортына, вегетация (өсіп-өну) сатысына, азоттық тыңайтқыштарға, ауа райына т.б. факторларға байланысты болады. Өсімдіктердегі фотосинтезге қолайсыз жағдайлар (құрғақшылық, ұзақ жоғарғы температура, немесе суық, бұлтты күндер) нитраттардың жиналуының қарқынын арттырады. Организмге нитраттардың әсіресе нитриттердің түсуі, оны улануға апарып соғады. Бұл азотты минералдық заттардың азықтарда болуына өте сезімтал шошқалар, одан соң ірі қара, қойлар, жылқы сол сияқты құстар болып саналады.

Қант қызылшасы және жүгерінің балауыз-сүт кезінде көп мөлшерде нитраттар жиналады. Белгілі бір жағдайда олар азотты қышқылының тұзына (нитрит) айналады, ал олар нитраттарға қарағанда 10 есе улы келеді. Өсімдіктердегі нитраттардың нитриттерге айналуына әртүрлі себептер әсер етеді: өсімдіктердің өздерінің ферментері, айналдырғыш заттар (металдар, көмірсутектері) денитрификациялайтын бактериялар, әсіресе азықтар бұзылғанда, тағы басқа факторлар. Бұлардың ішінде ең маңызды орынды денитрификациялайтын (азот ыдырататын) бактерияларға береді.

Қант қызылшасымен улану көбінесе, оларды қайнатқан, пысырған кездерде болады. Ондай жағдай қызылшаны қайнатқаннан соң ұзақ уақыт (5 сағаттан ұзақ) суытып немесе толықтай қыздырмай қойғанда кездеседі. Қызылшаны қайнатқан кезде аман қалған немесе ауадан түскен денитрификациялайтын микробтар ондағы нитраттарды улы нитриттерге айналдырып жібереді де, малдар организміне зиянды әсерін тигізеді.

Қант қызылшасы мен малдарды, әсіресе ірі қара, сирек шошқаларды азықтармен (артық мөлшерде бұзылған, шіріген тамыр түйнектер т.б.) дұрыс көректендірмеген жағдайда, олардың ішінде жаппай улану кездеседі. Күйіс қайыратын малдардың рационында қант көп болған жағдайда да улану ауруы шығады. Оның себебі бұл малдардың ас қазандарында тек қана глюкоза қортылады да, қалған қант түрлері қышқылға айналады. Сондықтан күйіс қайыратын малдарға артық мөлшерде қант қызылшасын бергенде, оның қарнында көп мөлшерде сүт қышқылдары жиналып, РН-ын төмендетіп, 4,0-ке дейін түсіріп жібереді де атанияға (қарынның қозғалысы жоғалу) апарып соғады. Бұл кезде қандағы сүт қышқылының мөлшері 10 есеге дейін жоғарлап, денедегі қышқылдық-сілтілік тепе-теңдікті бұзып, организмді ацидозға ұшыратады. Ол міндетті түрде орталық нерв, тыныс алу жүйелерін және жүрек, қан айналыс жұмыстарының бұзылуына апарып соғады. Ірі қара малдарында, оларға көп мөлшерде көк кезінде, әсіресе балауыз-сүт өсу сатысында берген, жүгері улануға ұшыратады. Уланудың негізгі себебі болып, нитриттер мен нитраттардың көп мөлшерде жүгерінің жер үсті бөлігінде, сүт-балауыздың сабағында болуы болып саналады.

Қант қызылшасымен уланудан сақтандырудың жолы оны рационға аз мөлшерден, біртіндеп еңгізу және шикі күйінде беру болып табылады, тамыр түйнекті азықтарды пысырып-қайнатып малдарға берген кезде, міндетті түрде оның көп тұрып қалмауын ескеру қажет. Пысырған қызылшаның суын малдарға беруге рұқсат етілмейді және қоюын суығаннан соң 5 сағаттан кешіктіріп пайдалануға болмайды. Неғұрлым ұзақ ұстаса, соғұрлым оның құрамында улы зат көбейеді. Сол сияқты, тәуліктік мөлшері шикі қант қызылшасынікі 10-12 кг-нан, көжесі – 40 кг-нан артық болмауы керек те, оны үш мезгілде беру қажет. Күйіс қайыратын малдарды жүгері егілген жерлерге, әсіресе, сүт-балауыз сабақты кезінде, жаюға болмайды. Жүгеріні шауып, ұсақтап беруге болады. Өйткені ол кезде малдар оның ішінен тек қана сүтті сабағын теріп жей алмайды. Бірақ шабылған және кесілген көк жүгеріні ұзақ уақыт үйіп ұстауға болмайды. Ондай жағдайда ол өздігінен қызып (жанып) бұзылып кетеді.

Рационды нормалап құрған кезде азықты өңдейтін (пысыратын) судағы және азықтардың өз ішіндегі тәуліктік нитраттардың дозасын әр кг тірі салмағына шаққанда ірі қара малдарына – 0,2; жылқы, қойларға – 0,4; шошқаларға – 0,6; құс, қояндарға – 1,0 грамнан артық болмауы керек. Егер, азық өсімдіктерінде нитриттер мен нитраттардың мөлшері 0,2 %-тен көп болса, барлық көк массасының 40 пайызы углеводты өсімдіктерден болып, 2-3 тәулік бойы шұңқырды жаппай қояды (улы заттардың азотты қышқылының тотықтарының түзілуінен сақтау үшін)

1.4. Құрамында фитогармоны бар азықтармен улану. Кейбір өсімдіктердің түрлері (клевер, люцерна, жүгері т.б.) әсіресе олардың қарқынды өсіп және гүл атқан кездерінде құрамында горманалды әсері бар заттар жиналады. Елеулі маңызды болып құрамында фитоэстрогенді, антиэстрогенді, антигонодотропинді т.б. өсімдіктер саналады. Бұл фитогармондар малдардың эстрогенді және гонодотропинді гармондарының әсерін арттырып немесе тежеп, ұрғашы малдардың дамып өсуіне жыныс органдарының дайындығын қамтамасыз етіп және жыныс белгілерінің екінші қайталануына, сол сияқты алмасу процесіне жан-жақты әсерін тигізеді.

Фитогармондардың өсімдіктердің құрамына жиналуына әр түрлі факторлар әсерін тигізеді. Олар өсімдіктің түрі, өсу сатысы, вегетация кезі, ору саны, тыңайтқыштар түрі, ауа райының ылғалдылығы т.б. болып саналады. Фитоэстрогеннің максималды мөлшері қызыл клеверде гүлдеуінің бас кезінде болса, люцернада гүлдеудің соңында болады. Фитогармондардың мөлшері жайылым шөптерінде де және жүгеріде олардың қарқынды өсу кезі көктемде көбейеді. Бұл заттарды өсімдіктердің өсу және гүлдеу гормоны деп есептейді. Азық өсімдіктерін дайындау кезінде ауада кептіру экстрогенді активтігін төмендетеді. Жасанды өңдеу (шөп ұнын дайындау) фитогармондарды консервациялайды (бекітеді). Эстрогенді заттардың азықтағы активтілігін артыру, оларды сүрлегенде болады.

Қойларға жайылымда, құрамында фитоэстрогені бар жер қабатындағы клевердің бөлігімен көректендіргенде, буаз саулықтарда іш тастау, төл бермеу, жатыры түсу т.б. байқалады. Қысыр саулықтар мен қошқарларда желіні өсіп, сүт бөлінуі кездеседі. Саулықтардың 100 басқа шаққандағы төл саны 10-30 басқа дейін төмендейді. Оған себеп аналық қойдың шағылыстан өтпеуі, нәрестенің жатырда өлуі, туған төлдің шығыны болып саналады.

Ірі қара малының жайылымда құрамында эстрогенді шөпті жегенде шағылысқа келу күйті бұзылады, төл бермей, нимфоманияға (қашақ) ұшырап, буаз кезінде күйлеп, аналық ұрықта шоқтану (кисть) өзгерісі туып, сыртқы жыныс органдары және желіні ісіп өсіп кетеді.

Эстрогені бар өсімдіктен (клевер, жүгері, люцерна) дайындалған сүрлем сиырдың қысыр қалуына әсерін тигізеді, кейбір құнажындарда желінінен сүтке ұқсас секрет бөлінеді. Мұндай сиырлардың ұрықтануы рационнан сүрлемді шығарып және ем көрсеткеннен 7-8 апта өткен соң ғана болуы мүмкін.

Мал организміндегі горманалды тепе-теңдікті бұзылудан сақтандыру үшін, оларға люцерна және клевердің гүлденген кезінде көп мөлшерін бермеу керек және көктемде тез көктейтін өсімдіктерге жаймау, сол сияқты жүгері мен көректендірмеу, әсіресе сүрлеген, ішінде эстрогенді гормондары бар көк шөптерін табиғи жағдайда ғана кептіріп беру керек, ал жасанды тәсілдермен кептіргенде олар жойылмай, тек бекіп қалады. Құрамында эстрогенді заттар бар өсімдіктерді ауа мен күнде кептіріп және басқа эстрогені жоқ азықтармен қосып сүрлеп беруге болады.

1.5. Картоп, картоп жапырақтары және көжесі мен улану. Малдардың картоп пен және оның жер бетіндегі сабағы және жапырағы мен уланудың себебі, олардың құрамындағы гликоалколоид соланиннің кездесуінен болады.

Картоптың құрамындағы соланиннің мөлшері, оның сортына, климат, ауа райы, географиялық аймаққа, топырақ сапасына, сақталуына т.б. байланысты болады. Өте жас, өңген, күн көзінде жатып қалған, үсікке ұрынған, көгеріп-шіріген кортоптарда, сапалы дұрыс өскендерге қарағанда, соланин әжептәуір көп болады. Кортоптың жер беті бөліктерінде (бардасында) соланиннен басқа токсикоз тудыратын органикалық қышқылдар және майлар (сивушты) болады.

Картоппен улану көбінесе ірі қара малдарда, шошқаларда, сирек қой, ешкі және жылқыларда кездеседі. Ұзақ уақыт бойы картоп пен азықтандырғанда ірі қара малдардың терісінде картоп бөріткені деген тері ауруы пайда болады. Ондай бөрткендер көбінесе жүні жоқ желін, тұмсығы, жыныс органының айналасына шығады. Ол азықты жегеннен кейін қолма қол емес, бірнеше аптадан соң болуы мүмкін. Бұзылған кортоптар мен азықтандырғанда малдарда іш тастау немесе әлсіз, өлі төлдер туады. Сондықтан малдарды тек таза, сапалы картоптар мен көректендіру қажет.

Қыс аяғында, көктемде картопты шығындап бөлгеннен (брак) кейін, оны ұзақ (1 сағаттан кем емес) жоғары температура мен өңдеп малдарға беруге болады. Суын міндетті түрде төгіп тастайды. Ірі қара малдарын картоп көжесімен азықтандырғанда рационға жеткілікті мөлшерде қатаң азықтар қосып, міндетті түрде малдарды қосымша мелмен көректендіру керек.

Картоптың сабағымен жапырағы көк кезінде кептіріп сүрлегенде де улы, малға беруге жарамайды. Сүрлемнің барлық мөлшерінің 25 %, дұрыс араластырып, картоп сабағы мен жапырағын қосып дайындауға рұқсат етіледі.

1.6. Мақта күнжарасы және шротымен улану. Мақта күн жарасының уландыру қасиеті-өсіп тұрған мақта дәніндегі гликозид тәріздес, госсипол деген затқа байланысты болады. Оның мөлшері ауа райына, сортына, өскен жерінің топырағына т.б. факторларға қарап әртүрлі болады. Мақта дәнінен майын бөліп алған кезде күнжара шроты құрамында госсипол көп (002 % артық) қалады.

Госсиполға әсіресе шошқалар, одан кейін жылқы және ірі қара малдары сезімтал келеді. Госсипол жан-жақты әсері бар-клеткаға, нерв және қан тамырларына зиянын тигізеді.

Малдардың мақта күнжарасы мен улануы, оларды ұзақ уақыт бойы көректендіргенде болады. Оның себебі госсиполдың организмнен жай бөлініп, біртіндеп жиналуына байланысты болады. Госсиполдың өте күшті бір жерге әсер ету қасиеті де болады. Ол ішкі асқазан органдарының клегей қабаттарын қабындырып тіпті некроз тудыруы мүмкін. Госсиполға бұзаулар өте төзімсіз келеді. Мақта күнжарасын қабылдаған сиырлардың сүті мен бұзаулардың организміне госсипол түсіп уландырады. Бұзауларда ондай жағдайда ұзақ тышқақтау, әлсіздік, жүдеу байқалып, жүрек соғу бұзылып, өлім жітімге ұшырайды.

Малдардың госсипол мен улануынан сақтандыру үшін, олардың рационына мақта күн жарасын аз мөлшерде, біртіндеп, сақтықпен қосу керек (малдың түрі жасына байланысты 0,1-3,0 кг). Сиырлардың бұзаулауына 10-15 тәулік, ал мегежіндердің торайлауына 10 тәулік қалғанда рационнан күнжараны алып тастау керек.

Бұзауларға күнжара беруді 2 айлығынан, торайларға – 3 айлығынан бастайды да, 2-3 аптадан кейін рационнан шығарып тастап, 2 апта бойына үзіліс жасайды. Мақта күнжарасын ыстық пен (булау, қайнату) және сілті ертіндісі мен залалсыздандыруға болады.

1.7. Түйе бұршақ (донник) өсімдіктері мен улану. Түйе бұршақ өсімдігінің уы шамалы, қумарин шіру процессінің нәтижесінде улы-дикумаринге айналады. Улану ірі қара малдарына, олардың түйе бұршақтан дайындалған шөп немесе сүрлем мен көректендіргенде байқалады.

Дикумарин – К витаминнің антагонисі (қарсылас) болып саналады да, бауырдағы протромбиннің түзілуіне кедергі жасайды, яғни антикоагулянт (ұйытпайтын) болып есептеледі. Организмге дикумариннің ұзақ уақыт түсуі қан тамырының қабырғаларының өткізгіштігін артырады да, соның нәтижесінде геморрогиялық диатезге ұрындырады (қан ағып тоқтамау ауруы).

Бұл уланудың тууы және клиникалық белгілері малдарды бұзылған түйе бұршақ шөбімен немесе сүрлемемен көректендіргеннен кейін ұзақ уақытынан соң (2-3 аптадан) байқалады. Түйе бұршақ сүрлемінің бұзылу шамасы мен оның улылығының арасында тікелей байланысы болады, яғни неғұрлым көп бұзылған болса, солғұрлым уы көп болады. Бірақ түйе бұршақтан дайындалған сүрлем қандай бұзылған болса да, өзінің қош иісін (арамат) жоғалтпай, сүрлемнің ыдырауын білдірмейді де, түйе бұршақтан жасалған азықтарға (шөп, сүрлем) баға беруде қателіктер жіберіледі.

Түйе бұршақ азықтары мен уланудан сақтандыру үшін, оның сапасын жақсарту қажет. Организмде дикумариннің жиналып және К витаминін ыдыратпауы үшін, түйе бұршақтан дайындаған сүрлемді немесе шөпті басқа азықтармен бірге 10 тәулік бойына малды көректендіріп, 20 тәулік үзіліс беріп алмастырып отырады.

Түйе бұршақ азықтарын беріп жүрген кезде малдарға хирургиялық операциялар жасауға (қанның ұюы нашарлағаннан соң ағуы артады) болмайды.

1.8. Карбамид пен улану. Карбамид – күйіс қайыратын малдардың рациондарының жетіспеген протейінінің орнын басу үшін қосылатын химиялық зат болады.

Карбамид пен уланудың себебі болып, оны өте көп мөлшерде азыққа қосып берген кезде, организмде түзілген аммиак малдың ас қазанындағы микрофлора мен белок түзуге пайдаланып үлгермей, қанға түсіп, организмді интоксикацияға ұрындыруында болады.

Карбамидпен уланудан сақтандыру үшін, малдарды оған біртіндеп үйретіп ( 10 – 15 тәулік ) және оның қалыпты мөлшерін 60 – 150 гр. ірі қараға, 10 – 15 гр. қой малына тәулігіне үш рет беру қажет.

Уланудан сақтандырудың басты бір жолы болып малдардың рациондарында асқазандағы микрофлоралардың өсуіне әсерлі азықтарды еңгізу болып саналады. Күйіс қайыратын малдарда мочевинаның азотын белок түзуге, кебеже қарындағы, кітапша және тақия қарындағы микрофлорлар пайдаланады. Ол белок жанадан пайда болған микробтардың денесін құруға жұмсалады. Бірақ микробтардың белокты түзуі үшін энергия қажет болады. Сондықтан мочевина мен азықтандырғанда мал қарнына оны мен қоса углеводтты азықтарда түсуі керек және толықтай кальций, фосфор, каротин және өте маңызды микроэлементтер мен қамтамассыз етілуі қажет. Мочевина мен көректендірудің алдында жүдеп арыған, әлсіз және ауру малдарды бөліп тастайды.

Ең пайдалы және қауіпсіз болып малдарды карбамидті қоспа концентрат түріне (АКД), минералды аммонийдің премиксі (МП – 8, МП – 15 т.б.), толық рационды қоспа ретінде немесе грануланған азық түрінде көректендіру болып саналады. Азықтарды белокты емес азот пен қанықтыруға рұқсат етілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет