Дәріс №1 Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру



Дата16.09.2023
өлшемі18,47 Kb.
#181252
Байланысты:
Лекция-1694506660447


Дәріс №1
Бағалау жүйесінің тарихи дамуы. Бағалаудың өлшемдеріне түсінік беру
Бағалау – білім беру үрдісіндегі қажет басты құрама бөліктердің бірі. Бұл үрдісте оқытушы окушының ағымдағы және қорытынды үлнәтиже-рімі туралы ақпаратгы жинақтайды және талдайды. Бағалаудың мақсаты, міндеттері, пәні, нысаны, принциптері, әдістері, түрлері және құралдары білім беру үрдісінің барлық қатысушыларына (мектептің әкімшілігі, мұғалімдер, ата-аналар және оқушылар) түсінікті болуы керек.
Бағалау жүйесі – бұл оқыту мәселелерін болжаудың және жетістіктерін өлшеудің негізгі құралы. Бұл құрал білім берудің сапасын, оның әлемдік стандарттарға сәйкестігін анықтауға, білім беру саласындағы заманауи міндеттерге сәйкес болмаған жағдайда оны білім беру стратегиясы мен тактикасы бойынша нәтижелі шешімдерді қабылдауға, білім берудің мазмұнын, білім берудің күтілетін нәтижелерін бағалаудың түрлерін де жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бағалау – алынған нәтижелерді және жоспарланған мақсаттарды салыстыру үрдісі.
Қазіргі уақытта барлық деңгейлердегі жетекші мамандар мен басшылар педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарымен жабдықталмаған. Мектептер (әдіскерлер) бақылау және қадағалау аспаптарын және құралдарын өз беттерінше жасайды. Мұндай құралдардың мазмұны мен құрылымы зерттелінетін нысанның ерекшеліктеріне, түрлеріне және қадағалау мен бақылаудың әдістеріне байланысты анықталады.
Білім беру үрдісінің әр бір жеке тұлғасы үшін қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын оқушылардын және олардың ата-аналарының азаматтық құқықтарын қамтамасыздау үшін жағдайларды жасау керек. Бастапқы, негізгі орта және жалпы (толық) орта мектепті бітіруші оқушылардың оқу дайындығының деңгейін педагогикалық бақылаудың аспаптық құралдарын жасауды орталықтандырылған, яғни жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Бағалау үрдісін қайта қараудың өзектілігі білім берудің заманауи міндеттерімен, білім берудің деңгейін хапықаралық стандарттарды және білім берудің сапасына қойылатын талаптарды ескере отырып жоғарлату, білім берудің нәтижелерінің шынайы болуын қамтамасыздау және елден тыс жерлерде қазақстандық мектептердің түлектерінің бәсекелестікке қабілетті болуы мақсатында бағаға және оқушының оқу жетістіктерін бағалауға қойылатын бірыңғай талаптарды жасау қажеттілігімен анықталады. Қазақстанның нәтижелеріне жасалған талдау 2011–2020 жылдардағы ҚР білім беруді дамыту Мемлекетгік бағдарламасының аясында білім беру саясатының басты бағыты ретінде білім беру сапасын бақылаудың ұлттық жүйесін жетілдіру үшін келешекте өзекті мәселе екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Бағалаудың дәстүрлік бес балдық жүйесі. Педагогикалық тәжірибеде кеңінен қолданып жүрген бағалаудың бес балдық шкаласы бойынша әдістемесі қарапайым және үйреншікті бол-ған. Алайда, оның бірқатар кемшіліктері бар: субъективті және баға қоюшыға тәуелділік бар, дифференциалдық қабілеттілігі төмен. Қазіргі мектептердегі бес балдық бағалау жүйесі бағалардың шынайылығын ба-қылауға мүмкіндік бермейді. Оқушы алған бағасын не өзіне, не ата-анасы-на не үшін алғанын нақты түрде түсіңдіре алмайды –деген бағаларын салыстырып айтуға болады. Әдеттегі ауыл мектептерінің оқушылары қала мектептерінің оқушыларына қарағанда білім деңгейі бойынша төмендеу. Кейде керісінше, ұстаздың тәжірибесіне байланысты ауьш балаларының білімі жоғарылау болады. Бұны тек келесі себептермен түсіндіруге бола-ды: бағалардың нақты және айқын критерийлері жоқ. Осының салдарынан бағалау мұғалімнің толық еркінде (қойғысы келсе, қояды). Кейде оқушы-ның бір жыл бойы оқып еңбектен ұпайы соңғы емтиханда бір сұрақтың арқасында шешіліп отырған жағдайлар да болады. Кейде педагогикалық ұжымның арасындагы қарым-қатынастардың да оқушылардың бағаларына кейде оң және кейде теріс әсерлері тиіп жатады.Қазіргі уақытта мектеп-тердегі бағалау жүйесін жан-жақты жетілдіру керек. Тек қана мектептерде ғана емес, сонымен қатар ЖОО-да да қолданыстағы бағалау жүйесін же-тілдіру керек. Жалпы қарапайым нұсқада алғанда мектептердегі мұғалім-дер бағалау жүйесіне келесі талаптарды қойып отыр, оқушы қаншалықты табысты оқып, білім алып жатқанын анықтауға мүмкіндік беруі керек;-оқушының тэжірибелік дағдыларды қаншалықты анықтай алуы керек, қандай танымдық қасиеттерінің және қаншалықты дамығандығын анық-тай алуы керек;-бағалаудың жүйесінде оқушының өзін-өзі дамуын баға-лауы қарастырылуы керек, бағалау жүйесінде оқушыны оның табыстары үшін марапаттау және қолдау механизмдері болуы керек, жүйеде «оқушы-мұғалім», «сынып жетекшісі және ата-ана», «педагогикалық ұжым жәнеәкімшілік» байланыстары қарастырылуы керек.
Осындай жан-жақты критерийлермен қамтамасыздалған бағалау жүйесі оқу үрдісін қалыптастыруға жүйелі түрде қарауға мүмкіндік бере-ді, яғни оның тұтастығын қамтамасыз етеді. Құзыреткішіктерді қалып-тастыруға негізделген жаңадан қалыптасып келе жатқан білім беру пара-дигмасы, жаңадан пайда болған білім стандартгары оқушылардың же-тістіктерін бағалаудың бірыңғай критериалды технологиясын жасауға және қолдануға келіп тоқтайды. Бағалаудың мұндай бірыңғай критериал-ды технологиясы, толықтай және жан-жақты жүйелі болуы керек, пән ара-лық сипатқа ие болуы керек, оқушының оқу-танымдық құзыреттіліктері-нің қалыптасуына әсер ете алуы керек, бағалау үрдісінің ұйымдастырушы-шық және педагогикалық негіздерін анықтай алуы керек,осы технология-ны іске асыру үшін нақты моделі (түрі) болуы керек. Бағалаудың әр түрлі жолдарының пайда болуы, әрине, жеке тұлғаны қалыптастырумен, оның құзыреттіліктерінің дамуына апаратын жалпы педагогикалық концепция-ның нақты орнығуымен байланысты. Осының бәрі бағалау жүйесінде қазіргі тенденциялардың пайда болуына әкелді. Нәтижеде біз бағалаудың критериалды технилогиясына келіп тоқтадық. Бұл жүйенің тағы бір қыры – ол алдын-ала жоспарланған жетістіктернәтиже, яғни, жалпы алғанда қажетті құзыреттіліктернәтиже оқушының қаншалықты және қандай дең-гейде сәйкес екендігін салыстырып қарауға мүмкіндік береді. Осы орайда оқу құралын дайындаудағы мақсат 12-жылдық білім берудің басты жағдайларын ескере отырып оқытудьщ нәтижелерін критериалды бағалау-дың қазақстандық жүйесінің пайда болу себептерімен, оның мақсат-міндеттерімен, стратегиясымен, әр бір оқушының білім алу үрдісінде құ-зыреттіліктерді қалыптастырудағы жетістіктерінің жоғары болуын қамта-масыз етеді, критериалды бағалау технологиясына қатысты материалдар мен болашақ мамандарды, яғни пән мұғалімдерін таныстыру.Оқу құра-лында негізгі бөлімдер келесі сұрақтармен байланысты болды, критериал-ды бағалаудың ғылыми негіздері: пәндік және пән аралық нәтижелерді ба-ғалаудың критерийлерінің жобалары болып, 12-жылдық білім беру жүйесінің талаптарына сәйкес критериалды бағалау жүйесінің негізгі сү-рақтары;-жеке тұлғаның басты құзыреттіліктер және функционалдық сауаттылықтар бойынша қалыптасуын бағалау және өзіндік бағалау меха-низмі, оқушылардың білім алу жетістіктерін қадағалауға қойылатын та-лаптар. Қорытынды бағалауға қатысты мәселелер. Критериалды бағалау технологиясының маңызы туралы Үкімет тарапынан да айтылып жатқаны баршамызға бұхаралық ақпарат көздерінен белгілі. 2012 жылы 11 қыр-күйекте
ҚР Үкіметінің «2012–2016 жылдар аралығы мектеп оқушыларының функцоналдық сауаттылықтарын дамыту бойынша жұмыстардың Ұлттық жоспарының орындалуы барысы туралы» мәжілісінде сол кездегі білім және ғылым министрі Б.Т. Жумагулов «...біз болашақ 12-жылдық білім берудің мазмұнына мүлде жаңа әдіснаманың негіздерін енгіземіз. Ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты дамытудьщ 4 негізгі базалық механизмдерін бөліп көрсетуге болады. Солардың бірі білім берудің нәти-желерін бағалау жүйесін модернизациялау болып табылады. Функционалдық сауаттылықты дамыту «алған білімді қайта көрсету – түсіну, қолдану жүйелеу және жалпы қорытынды жасау» жаңа критерийлер жүйесі бойын-ша білім жетістіктерін бағалауда мүлдем жаңа әдістерді талап етеді» екендігін атап өткен болатын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет