Басқару психологиясы- әртүрлі әлеуметтік құрылымдардағы адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынас мәселелерін зерттейтін қазіргі әлеуметтік психологияның маңызды саласы.
Менеджемент психологиясының негізгі зерттеу пәні психологиялық білімдерді басқару іс-әрекетінің әртүрлі мәселелерін шешуде процесінде тиімді қолдана алу болып табылады.
Әлеуметтік психологияның басқару теориясының объектісі әртүрлі құрылымдардағы, топтар мен ұжымдардағы экономикалық, саяси өндірістік міндеттерді шешудегі адамдардың өзара әрекеттік формасы болып табылады.
Менеджмент ғылым ретінде XIX-ғ. аяғы мен XX ғ. басында пайда болып, өзінің дамуында бірнеше кезеңді басынан кешірді.
«Менеджмент» ағылшын сөзі оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол күші» деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, ат тізгінін ұстау шеберлігін білдірген. Кейін бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.
Менеджменттің 50 ден астам анықтамасы бар.Соның бірнешеуіне ғана тоқталайық.
Беларус ғалымы Н.И.Кабушкиннің ойынша, менеджмент бұл адамдардың еңбегін, мінез-құлығын және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.
Көрнекті америка экономисті В.В.Леонтьевтің анықтамасы бойынша «менеджмент бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновация, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы».
Ал біздің Қазақстандық ғалымдарының пікірінше мемлекет қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын
қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған
білімдермен кәсіби қызметтердің саласы.