Басқару ғылымы мектебі (сандық тәсіл) және оның басқару теориясына қосқан үлесі. Шет елдегі басқару теориясының жаңа бағыттарының бірі «басқару ғылымы» деп аталатыны басқару ғылымына сандық тәсілдер мен дәл ғылым аппаратын енгізуге тырысуымен сипатталады.
Жаңа мектептің ең көрнекті өкілдеріне Р.Акофф, Л.Берланфи, С.Бир, А.Гольдбергер, Р.Каллин, Р.Люс секілді ғалымдар жатады. Бұл мектептің қалыптасуы кибернетика мен операцияны зерттеумен байланысты. Алғашқыда операцияны зерттеу сандық талдау әдістерін тұтастай, оны бөлімдерге жіктемей дайындаумен шектеледі. Кейіннен операцияны зерттеу ұылымының дербес саласы ретінде қалыптасып, негізгі екі бағытта дамытылды.
Біріншісі, басқаруда неғұрлым жиірек кездесетін құбылыстың матеметикалық моделін құруға, запастарды басқаруға, ресурстарды бөлуге, жұмыс уақытын реттеуге т.б. болды.
Екіншісі,жүйені зерттеуге «жүйе техникаларын» құруға айрықша мән берді.