Дәріс № 1
Басқару психологиясына кіріспе.
Дәріс мақсаты: Білім алушыларда басшы психологиясы туралы білімдерді қалыптастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1. Басқару психологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
2. Басқару психологиясының негізгі ұғымдары.
3. Басқарудың әдіснамалық түсініктері.
4. Басқару мектептері. Басқару деңгейі.
ХХ ғасырдың басына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінбеді. Алғаш рет ол жайында Ф.У.Тейлордың 1911 жылы «Ғылыми менеджменттің қағидалары» атты еңбегінің пайда болуымен айта бастады. Онда басқарушы еңбектің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басшысы, танымал француз инженері А.Файоль менеджмент қағидаларының бір ізді жүйесін сипаттап өтті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліне бастады.
Сол уақытқа орай психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның қосылуынан, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде пән аралық қолданбалы ғылым «психологиялық менеджмент» пайда болды.
Басқару психологиясының пәні: менджер іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне ықпал ету механизмдері, еңбек ұжымын және ондағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлар.
Психологиялық менеджмент ғылым әрі тәжірибе ретінде басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған.
Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмысжасаудың әртүрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс.
Еңбек ұжымының қызмет етуінің психоогиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлға аралық өзара әрекеттестіктің еномндері, еңбек мотивациясы, әлеуметтік-психологиялық ахуал және нақты өнімді шығару немесе қызмет көрсету бойынша біріккен еңбек іс-әрекетіне енген басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдеріне іс-әрекеттің нәтижесі немесе шешім қабылдау процесі ретінде мақсат қою жатады. Адамның тұлғасы әрі сл тұлғаны басқа адамдардың қабыладуы, үстем болу және басғыну ұмтылысы, дәреже, әлеуметтік үміттер және т.б.адамдар мен жұмыс жасаудың психологиялық факторларының негізін құрайды.
Психологиялық менеджмент практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пауда болды. Психологиялық менеджмент психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |