Басқарудың классикалық (әкімшілік) мектебі және оның басқару теориясына қосқан үлесі (1920-1950). Келесі өкілі А.Файоль пікірі бойынша әкімшілік өзіне мына функцияларды құрайды: өндірістік, коммерциялык, қаржылық, несиелік, есептік бухлік,әкімшілік.
а)Басқару қағидаларын дамыту; б)Басқару функциясын бейнелеу; в)Ұйымды басқарудағы жүйеленген әдіс. Файоль әкімшілік басқару көрнекті өкілі. Файоль өзінің негізгі «жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік» (1916) атты еңбегінде капиталистің әкімшілік қызметіне жалпы көзқарасын қарастырып, осының негізінде әкімшіліктің етудің кейбір қатаң міндетті принциптерін тұжырымдайды. Файоль пікірінше әкімшілік ету жан жақты қызмет ауқымын қамтитын басқарудың бір бөлігі және техникалық, коммерциялық, ақша қаражаттарын іздестіру, қорғаныстың, бухгалтерінің әкімшілік салаларын қамтиды. Файоль әкімшілік басқарудың бірқатар принциптерін ойластырып мұның өзі оның пікірінше кез келген ұйымға қолдануға жарайды. Оның менеджменттерге арналған 14 қағидаларына басқарушының қызмет міндеттерін қалай орындауы тиіс екендігін көрсетеді: 1)жұмысты бөлісу, 2)билік, 3)тәртіп, 4)дара басшылық, 5)бағыт билігі, 6)жеке мүддені жалпы мүддегебағындыру, 7)ақы төлеу, 8)орталықтандыру, 9)ерархиялық тізбек, 10)Реттілік, 11)Әділеттілік, 12)Қызметшілердің тұрақтылығы және қызмет лауазымына бөлу мерзімі, 13)ынта ықылас, 14)ерекше рух. Әкімшілік функцияныталдай отырып Файоль оның 5 элементін бөліп көрсетті: жоспарлау, ұйымдастыру, басшылық ету, үйлестіру, бақылау.
Достарыңызбен бөлісу: |