Негізгі ұғымдар: қарым-қатынас, педагогикалық қарым-қатынас, қарым-қатынас түрлері, симпатия, антипатия, эмпатия, қарым-қатынас стильдері, сөйлеу шеберлігі.
Жоспары:
1. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық ретінде.
2. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы.
3. Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің сөзі.
Педагогикалык қарым-қатынас туралы түсінік. Әрбір адам әлеуметтік ортада өмір сүргендіктен басқа адамдармен ақпарат алмасады, тәжірибесімен бөліседі, бірігіп ынтымақтастық қарым-қатынастарды сақтауға тырысады. Яғни, қарым-қатынас үнемі әлеуметтік, ұжымдық сипатта болады. Сондықтан қарым-қатынасты адамның әлеуметтік ортаға бейімделуінің негізгі факторларының бірі деуге де болады. Олай болса қарым-қатынас - айнала қоршаған дүниемен адамдар арасындағы байланысты тұрақтандырушы.
Жалпы ойланып қарасақ қарым-қатынасты орнату өнерін жақсы меңгерген адам өмірде де көп жетктіктерге жете алады, жұмысында да беделі, абыройы жоғары болып қоршаған адамдардың сый-құрметіне бөленеді. Соңғы жылдары қарым-қатынас мәселесі көп ғылымдардың зерттеу пәніне айналды. Онымен философтар, әлеуметтанушылар, мәдениеттанушылар, экономистер, саясаттанушы-лар, заңгерлер, психологтар мен педагогтар, менеджерлер тығыз айналысуда. Әр ғылым бұл феноменді өз мақсаттары мен міндеттері тұрғысынан зерттеу үстінде.
Ғылым аралық ұғым ретінде қарым-қатынас - өзара іс-әрекеттер қажеттіліктері-нен туындайтын және ақпараттармен алмасуды, өзара түсінісуді, қабылдауды қамтитын адамдар арасындагы байланыстарды орнатудың және даытудың күрделі процесі ретінде қарастырылады.
Педагогикалық іс-әрекетте де қарым-қатынастың алатын орны өте жоғары, себебі педагогтың негізгі атқаратын қызметтері болып табылатын тәрбиелеу, оқыту, білім беру дамыту қалыптастыру процестерін қарым-қатынассыз көз алдына елестету мүмкін емес.
Педагог мамандығына байланысты кәсіби-педагогикалъқ қарым-қатынас ұғымы қолданылады. Жәй қарапайым күнделікті тұрмыстық қарым-қатынас пен кәсіби-педагогикалық қарым-қатынастың айырмашылығы өте көп. Мысалы, адам өзінің жақын танысымен кездесіп қалып бір мәселе жайлы сөйлесіп тұрса ол жәй тұрмыстьтқ қарым-қатынас болады.
Егер мұғалім балалар алдында сабақ беріп тұрса - бұл мүлде басқа қарым-қатынас. Екінші жағдайда мұғалім қарым-қатынасты оқушылар ұжымымен арнайы күнтізбелік жоспардағы бір тақырыпқа байланысты сабақ жоспары бойынша ойластырып ұйымдастырады.
В.А.Сластенин педагогикальқ қарым-қатынас деп педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттерінің мақсаты мен мазмұнынан туындайтын қатынастарды орнатып дамытуды, өзара түсінушілік пен әрекеттестікті ұйымдастырудың күрделі процесін атайды.
Педагогикалық қарым-қатынаста педагог жетекші рөль атқарады, себебі ол баламен болатын қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін алдын ада көптеген педагогикалық міндеттерді анықтайды, сол міндеттерді шешудің тиімді жолдарьн іздестіреді. Қарым-қатынасқа байланысты қойылатын міндеттер коммуникативтік міндеттер деп аталады.
Педагогика ғылымында коммункативтік міндеттерді шешудің негізгі кезеңдері анықталған:
-қарым-қатынас жағдайын бағдарлау кезеңі (мұғалім сыныптың мандай екенін, олармен қандай стильде сөйлесу керек екенін, қандай оқушыларға сөйлеудің қандай әдістерін қолдану керек екенін анықтайды);
- өзіне көңіл аударту кезеңі (пауза, сөз арқылы көңіл аударту, қимыл арқылы - кесте көрсету, көрнекілік құралдар көрсету, тақтаға жазу, т.б.);
- тыңдаушылардың қарым-қатынасқа даярлығын анықтау кезеңі (тыңдаушылар аудиториясындағы қарым-қатынаста жағымды психологияльқ ахуалдың барын не жоғын анықтайды);
- вербальдық қатынасты орнату кезңі (ақпаратты ең тиімді жолмен ұғынықты, логикалъқ жүйелі түрде сөйлеу);
- мазмұнды және эмоционалды іскері байланысты ұйымдастыру кезеңі (тіл құралын дұрыс қолдану, ацпаратты баяндаудың логикалыығы, монологтың орнына диалогтық қатынас орнату, сұрақтар қою арқылы аудиторияның зейінін тақырып көлемінен алшақтатпау, цызыцты проблемалъщ сүрацтар цою, оцушылардың түсінген не түсінбегенін, қабылдау деңгейлерін анықтау).
В.А.Кан-Каликтың зерттеуінше педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік даму динамикасы бар, ол түрлі сатылар бойынша іске асырылады.
1. Сабақты не іс-шараны өткізуге Дайындалу процесінде болатын қарым-қатынасты жобалау сатысы {жоспаp құру, қарым-қатынастың моделін құру);
2. Қарым-қатынасты тікелей ұштастыру сатысы (қарым-қатынастың алғашқы кезеңі, «коммуникативтік шабуыл» жасау).
3. Қарым-қатынасты басқару сатысы (оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару, ойларын жвтектеу, іс-әрекет түрлерін ауыстырып отыру қарым-қатынасқа бөгет болып тұргған психологиялық кедергілерді азайту).
4. Педагогикалық қарым-қатынастың барысын және нәтижелерін талдау сатысы (қорытынды сатысы, кері байланыс арқылы қарым-қатынас нәтижесін бағалау, қарым-қатынастың тигімділік деңгейін анықтау).
Тәжірибеде бұл қарастырылып отырған педагогикалық қарым-қатынас сатыларының ұйымдастырылу ұзақтығы іс-әрекет мақсаты мен мазмұнына байланысты созылмалы немесе тым қысқа болуы мүмкін.
Педагогикалық қарым-қатынас барысында мұғалімнің жалпы мәдениетінің бір қырын байқауға болады. Қарым-қатынас орнатуда мұғалім тек сөйлеуші емес сонымен қатар жақсы тыңдаушы да бола алуы керек. Мұғалімдердің өз шәкірттеріне үлкен құрметпен және сеніммен қараулары, оқу процесінде балалар жауабын тыңдауда оларды қолдап, құптап, олардың ойларына, жауаптарына ризашылығын білдіріп отырса, педагогикалық қарым-қатынас әсерлі де тиімді болып, табысты нәтижесін көп күттірмейтін болады.
Сондықтан әр болашақ мұғалім педагогикалық қарым-қатынас түрлерін, оны ұйымдастыру сатыларын, оның кәсіби іс-әрекеттегі маңызды ерекшеліктерін арнайы зерттеп үйренгені абзал.
Педагогикалық қарым-қатыныс түрлері. Адамның күнделікті өмірінде қарым-қатынастың сан-алуан түрлері кездеседі. Психологиялық-педагогикалық іс-тәжірибеде мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастар мынандай негізгі төрт түрге бөлініп қарастырылады:
1.Вербальды қарым-қатынас.
2.Вербальсыз қарым-катынас.
3.Интерактивті қарым-қатынас.
4.Перцептивті қарым-қатынас.
Педагогикалық қарым-қатынас
|
Вербальды қарым-қатынас
|
Вербальсыз қарым-қатынас
|
Интерактивтіқарым-қатынас
|
Перцептивті қарым-қатынас
|
Сурет 1. Педагогикалық қарым-қатынас түрлері.
Вербальды қарым-қатынас - бір адамнан екінші адамға не болмаса бір топ адамдар арасындағы сөз арқылы ақпараттармен алмасу процесі. Сөз адамдарға ғана тән, аса маңызды құдіретті күш және вербальды қарым-қатынастың негізгі құралы.
Сөздің қадірін халық даналығында сақталған мынандай мақалдармен атап көрсетуге болады:
«Өнер алды қызыл тіл»,
«Жақсы сөз -жай азыгы»,
«Жақсы сөз - жарым ырыс»,
«Жанды жаралайтында сөз, емдейтін де сөз»,
«Айтыған сөз, атылган оц»,
«Білетініңді айта берме, бірақ не айтатыныңды біл» т.б.
Адамның сөйлеу шеберлігі арқылы оның дүниетанымының кеңдігін, ақылдылығын, мәдениеттілігін, тәрбиелілігін, тіпті мінезін де байқауға болады. Сондықтан көптеген адамдардың сөйлеу шеберліктерінің жетіспеушілігі олардың осал жерлері болып табылады.
Сөздік қарым-қатынас адам миының үлкен жарты шарларының жұмысымен байланысты. Адамның әрбір сөзі бір нәрсені білдіреді, яғни оның мазмұны бар.
Қарым-қатынасқа қатысушы адамдар айтылған сөзді жақсы түсініп қабылдаулары үшін олар бір тілде (қазақ,, агылшын, орыс т.с.с.) сөйлесулері керек. Сонымен қатар әрбір айтылған сөз ұғынықты, анық, әсерлі болуы маңызды.
Сөздің қысқа да нұсқа болғаны дұрыс себебі әр адамның үлкен көлемді ақпаратты кабылдауънда, оны меңгеріп санасына сіңіруінде өзіндік ерекшеліктері болады.
Сонымен қатар, мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тілдің байлығы мен тазалығы, оны басқа тілдермен араластырмай, алаламай сөйлеуі кұлаққа жағымды естіледі, және педагогтың абыройы мен беделін жоғарлатады.
Кейбір адамдарда сөйлеу барысында қисынсыз бір сөздерді қыстырып сөйлеу әдетке айналып кеткен. Мысалы, «яғни», «әрине», «демек», «ана барғой», «жалпы», т.б. сөздердің орынсыз қайталана беруі тыңдаушыларға жақсы әсер береді деп айту қиын. Керісінше бұндай сөздердің көп қайталануы адамның сөз қорының аздығын немесе сөйлеу мәдениетінің төмендігін аңғартады. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру үшін адам арнайы жаттығуы қажет.
Сөздік (вербальдық) қарым-қатынас арқылы ғылыми ақпараттарды бала санасына жеткізуде нақты тәжірибеден алынған мысалдар, қызықты фактілер, орынды мақал-мәтелдер тыңдаушылардың қызығушылықтарын арттырып, олардың назарын такырыпқа шегелей түседі.
Вербальды қарым-қатынас екі түрге бөлінеді: аксиалды және ретиалды.
Достарыңызбен бөлісу: |