Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері



бет15/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Дәріс 7
Бездік эпителий
Ең ертеде дамыған эпителий ішек және тері эпителийі болып саналады.

Жоғары сатыдағы жануарларда олар тосқауылдық, сорғыштық, бездік шығарушы осмос реттейтін қызметтер атқарады.

Без эпителийі метаболизм процесінде пайда болған секреттерді сыртқы ортаға шығарып отырады. Ерекше секрет ретінде гормондарды айтуға болады.

Эпителий организм бездерінің негізгі массасын құрайды. Бездегі эпителиальдық клеткалардың қызметі – организм тіршілігіне қажет заттарды клеткаларда түзіп, олардан бөліп шығару. Бездер организмде секрет бөлу қызметін атқарады. Олардың көпшілігі қалыптасқан жеке органдар. Басқалары органдардың бөлігі болып саналады. Бездер экзокриндік және эндокриндік болып бөлінеді. Экзокриндік бездер секрет түзуші немесе бездік бөлімі мен шығарушы өзектен тұрады. Экзокриндік бездердің жіктелуі осы бөлімдерінің құрылысына негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бөледі. Эндокриндік бездер бездік клеткалардан тұрадыжәне олардың шығару өзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, қалқанша және қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс аралшықтары т.б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға, яғни эпителиймен астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын секреттер бөледі.

Бездердің қызмет ететін ұлпаларының ең негізгісі – эпителий ұлпасы. Безлдер екіге бөлінеді: бір клеткалы және көп клеткалы. Бір келткалы бездердің пішіні де, орналасуы да әртүрлі болып келеді. Эпителиальдік клеткалардың ішінде орналасса, онда эндоэпителиальдік бездер деп аталады. Өзінің секрет бөлуіне байланысты да ажыратылады: қанға немесе бос кеңістікке. Сонымен қатар белоктық, мукополисахаридтік және басқа да секреттер бөліп шығаруына байланысты қарай бөлінеді.

Көп клеткалы бездерде 2 түрлі клетка болады: секреторлы, секретті сыртқа шығаратын клеткалары. Осы клеткалардың құрылымы мен функциясы әртүрлі болып келеді. Біріншісі сол безге тән спицификалық секрет бөледі. Екіншісі секрет өтетін каналдардың құрамын құрайды. Безді клеткалар кейде сүзгіш және механикалық қасиетімен қатар секреторлық функциясында атқарады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет