Дәріс 8
Қан
Қан мен лимфа мезенхимадан пайда болатын ерекше артық ұлпалар. Олар клеткалар мен плазмадан тұрады. Қанның негізгі қызметтері:
Тасымалдаушы – оттегіні өкпеден ұлпаларға, көмір қышқыл газды ұлпалардан өкпеге апарады. Ол тыныс алу қызметі; қоректі заттарды тасымалдау – оны трофикалық қызметідеп атайды және гормондар мен ферменттерді өндіретін жерден (бездерден) басқа мүшелерге жеткізу.
Гемеостатикалық – ішкі ортаның тұрақтылығын сақтау.
Қорғаныс – фагоцитоз, гуморальді және клеткалық иммунитет.
Плазма – сұйық зат, 90-93 % судан, 7-10% құрғақ заттан тұрады. Оның ішінде 6,6-8,5% белоктар, 1,5-3,5% органикалық және минеральді заттар.
Клеткалық элементтері: эритроциттер, лекоциттер, қан пластинкалары (тромбоциттер).
Достарыңызбен бөлісу: |