Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Клетканың мембранды және мембранды емес органеллалары туралы түсінік



бет4/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Клетканың мембранды және мембранды емес органеллалары туралы түсінік.

Органеллалар – маңызды қызмет атқаратын, барлық клетканың микроқұрылымдары үшін міндетті компонент.

Мембранды және мембранды емес органеллалар түрін ажыратамыз. Мембранды органеллаларға эндоплазматикалық тор, митохондрия, лизосома, пероксисома жатады.

Мембранды емес органеллаларға рибосома, клеткалық орталық, цитоқаңқа және олардың элементтері жатады.


Клетка мембраналарының құрылымдық-химиялық сипаттамасы.

Клеткалық мембраналарға митохондрияның, эндоплазматикалық тордың, Гольджи аппаратының, лизосоманың, пероксисоманың плазмолеммасы, кариолеммасы, мембранасы жатады. Барлық мембраналардың табиғаты жұқа (6-10 нм) липопротеидті пластар болып табылады. Олардың негізгі химиялық компоненті липидтер (40%) және белоктар (60 %), сонымен қатар – көмірсулар (5-10 %).


Плазмолемма.

Плазмолемма – сыртқы клеткалық мембрана. Оның қалыңдығы – 10 нм.

Плпзмолемманың сыртынан гликокаликс қаптап жатады. Оның қалыңдығы 3-4 нм. Оның құрамына перифериялық белоктар және көмірсулар, гликолипидтер және гликопротеидтер кіреді. Гликокаликс клеткалардың сыртқы ортамен байланысуына қатысады (рецепция, адсорбция).
Дәріс 3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет