Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері



бет8/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Митохондриялар

Митохондриялар – барлық эукариот-клеткаларының құрамында болады. Митохондрияны басқаша хондриосом, хондриом, хондриоконт деп те атайды. Әр түрлі клеткаларда митохондрияның пішіні әр түрлі болып келеді. Олар кейде түйіршек тәріздес, кейде таяқша, л кейде жіпше тәріздес те болады.

Митохондрия көлемі жағынан да біркелкі болмайды. Егер митохондрияның жуандығы тұрақты болса, оның ұзындығы едәуір өзгеріп тұруы мүмкін. Ол макисмальды 7 мкм болса, ал минимальды 1-2 мкм болуы мүмкін. Бір клеткада орналасқан митохондриялар өзінің көлемін оп-оңай өгертіп тұра алады. Митохондриялардың саны клетканың дифференциация деңгейімен және функциональды белсенділігімен тура байланысты. Жас клеткалардың митохондрияларының саны қартайған клеткаларға қарағанда анағұрлым артық болады. Митохондрияның құрамында клетканың тыныс алуына қажетті фермент тізбектері болады. Митохондрияда органикалық субстраттардың тотығуы және АДФ фосфорлануы нәтижесінде АТФ синтезделеді, сондықтан да митохондрияны клетканың күш беретін станциясы деп атайды. Бұл процесс тотығу-фосфорлану процесі деп аталады.

Электронды микроскоп арқылы зерттеулер митохондрияның нәзік құрылысын толық анықтады. Митохондрия екі мембранамен қоршалған (ішкі және сыртқы). Митохондрияның сыртқы және ішкі қуысы болады. Сыртқы қуысы екі мембрананың арасындағы қуыс. Ішкі қуысында матрикс деген зат болады.

Сыртқы мембрана заттардың митохондрияның ішіне енуін және шығуын реттейді. Ішкі мембрана күрделі өсінділер-кристаларды жасайды. Әр түрлі клеткаларда кристалардың орналасуы және құрылысы әр түрлі болуы мүмкін (13-сурет).

Митохондрияның ішкі мембранасының ішкі бетінде өте ұсақ (диаметрі 90 А) саңырауқұлақ тәрізді денешіктер орналасады. денешіктердің құрамында тотығу және фосфорлау процесіне қатысатын АТФ-аза ферменті болады.

Митохондрияның сыртқы қуысында киназа ферменттер және май қышқылдпрдың алмасуын реттейтін ферменттер орналасады.

Митохондрияның матриксінде ДНҚ, РНҚ, рибосомдар, нуклеотидтер, аминоқышқылдар, ферменттер т.б. заттар бар. Митохондрияның ДНҚ-асы баетриялардың ДНҚ-сына ұқсас. Рибосомдар да солай, бактерияның 70 s рибосомдарындай болады.

Сондықтан да митохондрияны жартылай автономиясы бар органоид деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет