Дәріс 1 Цитология және гистология ғылымдарының мазмұны. Онтогенезде ұлпалар қалыптасуының кейбір жалпы заңдылықтары. Цитология мен гистологиядағы зерттеу тәсілдері


Дәріс 6 Эпителиалды ұлпалардың құрылысы мен классификациясы. Жабынды эпителий



бет13/29
Дата25.05.2020
өлшемі173 Kb.
#71014
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29
Байланысты:
Дәріс 1-15. Цитология және гистология 2019-2020

Дәріс 6
Эпителиалды ұлпалардың құрылысы мен классификациясы. Жабынды эпителий.
Эпителий деген сөз «эпи» (үстінде) «тели» емізікше деген сөзден пайда болған. Рюши деген ғалым терінің үстінен қаптайтын солай атаған. Эпителий ұлпалары денені сыртынан қаптайды, шырышты және серозды қабықшаларды ішінен астарлап жатады және безедерді құрайды. Эпителий екі үлкен топқа бөлінеді: жабынды және бездік.

Жабынды эпителийді шекаралық деп атайды, себебі ол организмнің ішкі ортасын сыртқы ортадан қоршап тұрады. Сонымен бірге эпителий организммен сыртқы ортаның арасындағы зат алмасуына қатысады.

Бездік эпителий секреттерді бөледі.

Эпителий ұлпасы эпителиоцит клеткаларынан тұрады.

Эпителий ұлпаларының мынадай белгілері бар:


  1. Эпителий – шекаралық ұлпа, организмнің ішкі ортасын сыртқы ортадан бөліп тұрады. Дененің сыртында жабынды эпителий болады. Ішек, асқазан, бүйрек, жатырдың қуыстары, перикардиалық, плевралық және құрсақ қуыстары эпителийімен астарланған.

  2. Эпителий клеткалары біртұтас қабаттарды құрап дәнекер ұлпаларын сыртынан берік қаптап тұрады.

  3. Эпителийде клеткааралық зат өте аз, немесе болмайды. Сондықтан клеткалар бір-біріне өте тығыз орналасады.

  4. Эпителий сыртқы ортадан басқа ұлпаларды сақтап, өзі жиі зақымданады. Сондықтан эволюция барысында эпителийдің регенерациялық қасиеті күшее түскен. Регенерация клеткалардың тез көбеюімен қамтамасыз етіледі. Бірақ безді эпителийдің клеткалар тез көбеймейді.

  5. Эпителий клеткалары – полярлық клеткалар. Клеткалардың екі полюсі: апикальді мен базальді құрылыс және қызмет жағынан бірдей болмайды. Мысалы ішектің эпителиоциттері апикальді жағында микробүрлер бар. Сонымен бірге органоидтар да клеткада біркелкі орналаспайды. Гольджи аппараты апикальді жағында, түйіршікті эндоплазмалық тор базальді жағында. Клетканың полярлығы сыртқы және ішкі ортаның бірдей еместігіне байланысты. Мысалы, эпителийдің сыртқы бетінде мүйізді қабат қалыптасады. Омыртқасыз жануарларда кутикула, хитин, бақалшақ пайда болады. Эпителийдің секреттері апикальді жағына қарай бөлініп, сондай арнаулы құбылыстарды жасайды.

  6. Эпителий әрқашан базальді мембранада жатады. Базальді мембрана дегеніміз клеткааралық зат, эпителийді және оның астындағы дәнекер ұлпасын бір-бірінен бөліп тұрады. Эпителийдің қоректенуі базальді мембрана арқылы болады, диффузды түрде. Қантамырлар және лимфатамырлар эпителийде болмайды. Кейбір заттар эпителий арқылы дәнекер ұлпаға сыртқы ортадан келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет