Дәріс 15
Нерв ұштары. Синапстар
Екі нейронның бір бірімен түйісетін жерін синапс деп атайды (грек sinapsis – жалғау). Кейде синапс нейрон мен эффектор немесе рецептор арасында да болады.
Екі нейронның арасындағы синапстың бірнеше түрі болады. 1) аксо-соматикалық (бір нейронның аксоны басқа нейронның денесімен жалғасуы); 2) аксо-дендритикалық (бір нейронның аксоны басқа нейронның дендриттерімен түйіседі; 3) аксо-аксондық (екі нейронның аксондарының арасында).
Синапстың құрылысы
Аксонның соңғы жағы кішкене кеңейтілген болып келеді. Оның ішінде өте майда диаметрі 40-100 нм синапс көпіршіктері жиналады. Сол маңайда көптеген ұсақ митохондриялар кездеседі. Түйісу аймағындағы аксонның мембранасы қалыңырақ болып келеді. Оны пресинаптикалық мембрана деп атайды. Екінші нейронның мембранасын постсинаптикалық мембрана деп атайды. Екі мембрананың арасында 20 нм шамасында синапс саңылауы болады. Сонымен синапстық құрылысы бірнеше бөлімдерден тұрады: 1) аксонның кеңейтілген ұшы (ішінде синапс көпіршіктері бар; 2) пресинаптикалық мембрана; 3) синапс саңылауы; 4) постсинаптикалық мембрана.
Синапс көпіршіктерінде қоздыруды өткізуге жағдай тудыратын медиатор болады. Медиатор физиологиялық белсенді зат. Ол қоздырылған нейронның ұшынан бөлінеді. Медиаторлар әртүрлі болады. Соған қарай нейрондар бірнеше түрге бөлінеді: 1) холинэргикалық (медиатор – ацетилхолин); 2) моноамирэргикалық (медиатор – дофамин, норадреналин, серотонин, норэпинефрин); 3) пептидергикалық (пептидтерді бөледі); 4) аминоқышқыл медиатор бөлетін нейронда; 5) пуринэргикалық (медиатор – АТФ).
Синапс өз бойымен өткізеді. Нейронға жеткен импульс медиатордың синапс саңылауына түзілуін қамтамасыз етеді. Медиатор постсинаптикалық мембранаға жетіп оның потенциалын өзгертеді. Сонымен синапс жүйке жүйесіндегі қоздыруды күшейтеді, немесе азайтады. Ол құбылыс көп жағдайлармен байланысты (мысалы, Na, K, Cl иондарын концентрациясына т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: |