Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу



бет15/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45
3 Жер мониторингін ұйымдастыру және жүргізу
Жер мониторингiн жүргiзудi ұйымдастыруды жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Жер мониторингi бойынша мемлекетаралық және халықаралық бағдарламаларды iске асыру Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен жасасқан келiсiмдерi мен шарттарында айқындалатын тәртiппен және жағдайларда жүзеге асырылады. Меншігіне, құқықтық режиміне және пайдалану мерзіміне қарамастан ҚР-ның барлық жер қоры мониторинг объектісі болып табылады.
Қазіргі уақытта мониторингтің түрлері көп. Әр салада мониторингті түрлі факторлар бойынша топтастырады. Жер санаттарына байланысты мониторинг жеті түрге бөлінеді.
Әкімшілік-территориялдық бөлінуі бойынша жер мониторингі үш түрге бөлінеді:
1.ҚР жерінің жер мониторингі;
2.Облыс жерлерінің жер мониторингі;
3.Қала және аудан жерлерінің жер мониторингі.
Территорияны қамтуы бойынша мониторинг келесі түрлерге бөлінеді:
1.глобальды;
2.ұлттық;
3.аймақтық;
4.локальды.
Глобальды мониторинг – планетамыздағы барлық жердің күйін бағалауға мүмкіндік береді және төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізіледі.
Ұлттық мониторинг – республика деңгейінде арнайы органдармен жүргізілетін мониторинг.
Аймақтық мониторинг – белгілі бір физикалық-географиялық, экологиялық немесе басқа да шекаралармен шектелген ірі аймақтар мен территория шегіндегі процестер мен құбылыстарды бағалауға мүмкіндік береді.
Локальдық мониторинг – аймақтық деңгейден төмен орналасқан объектілерде, тіпті жеке жер учаскелерінде және қарапайым ландшафты-экологиялық кешендерде жүргізіледі.
Өзгеру сипаты бойынша фондық және импактты мониторингтің түрлері қарастырылады.
Фондық жер мониторингі адамның ешбір әсері тимейтін жерлердің күйін бақылау жүйесі болып табылады және ол биосфералық қорықтарда жүргізіледі.
3. Жер мониторингін жүргізу принциптері
Мақсаты мен талаптарына байланысты жер мониторингінде келесі жүргізу принциптері бөлінеді:
әртүрлі мәліметтердің бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы;
әдістер мен технологиялардың бірыңғайлылығы;
мәліметтердің дәлдігі;
мәліметтердің толық болуы;
жер мониторингін үздіксіз жүргізу;
көрнектілік принципі;
мәліметтерге қол жетімділігі;
арзандылығы мен тиімділігі;
орталықтан басқару принципі.
Бір-бірімен сыйымдылығы және салыстыруға болатындығы принципі жер мониторингін жүргізудің негізгі принципі болып табылады. Оның маңызы бірыңғай топтастырғыштарды, нормативтік-техникалық негіздердің бірыңғай мәліметтерін, бірыңғай мемлекеттік координаталар мен биіктіктер жүйесін қолдануда.
Әдістер мен технологиялардың бірлігі принципінің мақсаты мониторингті келісіп жүргізуде.
Мәліметтердің дәлдігі және сенімділік принципі жер мониторингі мәліметтерінің нақты күйі мен пайдалануына сәйкестігін қарастырады.
Мәліметтердің толық болуы принципінің маңызы белгілі мәселелерді шешу үшін ақпарат толық және жеткілікті болуында.
Жер мониторингін үздіксіз жүргізу принципінің маңызы жер қатынастарында, кейбір категориялардың саны мен сапасында, жер қорын таратуы мен құрамында болып жатқан өзгерістерге байланысты мониторинг ақпаратты жүйелік немесе мерзімдік жаңарту арқылы жүргізуде.
Көрнектілік принципін қолданып мониторингті жүргізу уақытында түрлі карталарды, сызбаларды, атластарды, есеп берулерді қолдану.
Мәліметтерге қол жетерлік принципі – мемлекеттік немесе коммерциялық құпия болатын мәліметтердің басқаларына қол жетімді болу керек.
Арзандылық пен тиімділік принципі бойынша жер мониторингінің мәліметтерін қабылдау, жүйеге келтіру, сақтауды қамтамасыз ететін әдістер, технологиялар мен тәсілдер қолданылады.
Орталықтан басқару принципі жер мониторингін ҚР-сы бойынша бірыңғай әдістеме арқылы және ҚР-ның жер ресурстарын басқару Агенттігімен жүргізуді қарастырады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мемлекеттік территориалдық жер торабы қалыптасқан. Ол әртүрлі табиғи аймақтардағы 600 астам стационарлық және жартылай стационарлық экологиялық бекеттерді қамтиды. Жер күйін бағалау жүйелі бақылауларды өзгерістердің бағыты мен интенсивтілігін талдау және алынған көрсеткіштерді нормативтік көрсеткіштермен салыстыру арқылы жүргізіледі. Жер күйінің көрсеткіштері белгілі мерзімге қатысты абсолюттік және салыстырмалы мәндер арқылы көрсетіледі. Жер күйін бағалаудың нәтижелері бойынша өзгерістердің дамуы мен бағытын сипаттайтын тақырыптық карталар, диаграммалар мен кестелерді қосып жылдам мәліметтер, баяндамалар, ғылыми болжамдар мен ұсыныстар жасалады.
Қазақстан Республикасында жер мониторингін жер ресурстарын басқару Агенттігі және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі және басқа да мүдделі мемлекеттік органдар жүргізеді. Жер мониторингін техникалық қамтамасыз ету тиісті мемлекеттік органдар мен жер ресурстарын басқару жергілікті комитеттерінде ақпаратты жинау, өңдеу және сақтау орындары бар автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы жүргізіледі. Керекті ақпаратты алу үшін жер мониторингінде қашықтықтан зерттеу, жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар, фондық бақылаулар қолданылады. Қалалар, облыстардың жер ресурстарын басқару комитеттері 1 наурыздан қалдырмай тиісті органдарға аймақтардағы жердің күйі жайлы баяндамалар береді, ал өте қауіпті процестерді анықтағанда жылдам мәліметтер береді. Жер ресурстарын басқару Агенттігі мен қоршаған ортаны қорғау министрлігі аймақтық жер мониторингі және мемлекеттік жер кадастры материалдарын жинақтап қорытады және 30 сәуірден қалдырмай Үкіметке ҚР-ғы жерлердің күйі мен пайдалануы жайлы мемлекеттік баяндама ұсынады. Кәсіпорындар, мекемелер, азаматтар, халықаралық ұйымдар, шетелдіктер мен жеке тұлғалар жер мониторингі мәліметтерімен белгіленген тәртіппен пайдаланады. Жер мониторингінің республикалық және облыстық бағдарламаларын песпубликалық бюджеттен және жергілікті бюджеттерге түсетін жер салығы мен жалға берілетін жерлер үшін төлемдер есебінен қаржландырылады. Жер мониторингін жүргізу кезінде ақпаратты алу жолдары:
дистанциондық зондтау;
жер бетіндегі түсірістер мен бақылаулар;
мәліметтер қорын пайдалану.
Жер мониторингің жүргізу үшін ақпаратты жинау түрлі түсірістер, ізденістер, тексерулер (топографиялық-геодезиялық, топырақ, мелиоративтік), арнайы бақылаулар арқылы жүргізіледі. Жер қорын зерттеу мақсатымен түрлі министрліктер мен ведомстволар жүргізетңн тексерістер, бақылаулар мен түсірістер салалық нормативтік-техникалық құжаттар незігінде жасалған болатын. Бірақ жер қорын зерттеу бірыңғай мемлекеттік тәсілдерді талап етеді, өйткені жер ресурстары қоршаған табиғи ортаның маңызды бөлігі, ауылшаруашылық, орман шаруашылығының басты өндіріс құралы және кәсіпорындар мен мекемелерді орналастырудың кеңістік негізі болып табылады. Жер мониторингі табиғи ресурстардың басқа мониторингтері мен кадастрларының арасындағы байланыс рөлін атқару керек және оған мемлекеттік статус беру керек. Әртүрлі деңгейлердегі экологиялық жағдай туралы ақпаратты жердің карталық негізіне салынған графикалық мәліметтерден тұратын экологиялық жағдай жоспарының көмегімен алуға болады. Жүргізілетін мониторингтің түріне қарай картографиялық негіздің әртүрлі масштабтарын қолданады. Бақылаулар жер қорының барлық категориялары бойынша жылжымалы зертханаларды пайдаланып түрлі полигондарда, эталон учаскелерінде, стационарлық және жартылай стационарлық алаңдарда жүргізіледі. Ақпаратты алуды едәуір арзандатуға болатын әдістердің бірі – қашықтықтан зондтау. Бұл әдіс мониторингті қарапайым, тез және қол жетімді құралдармен жүргізуге мүмкіндік береді. Қашықтықтан зондтау – объектіден алыс, яғни тікелей контактсыз, жүргізілген өлшеулер нәтижесінде объект жайлы ақпарат алу. Қашықтық мониторинг – табиғи процестерді алыс байланыс құралдары арқылы ақпаратты автоматты түрде беретін және тіркейтін ұшқыш және аэроғарыштық аппараттар, жер бетіндегі аспаптардың көмегімен бақылау. Ғарыш аппараттарынан және биіктегі ұшақтардан жасалынған түсірістер жер мониторингін глобальды, республикалық және аймақтық деңгейде жүргізгенде қолданылады. Локальды жер мониторингін жүргізу және аэроғарыштық ақпаратты дәлдеу үшін кіші аваиация көмегімен түсірістер жүргізіледі. Аэрофототүсірістер көмегімен алынған ақпарат зерттелетін объектілердің фото түсі, геометриялық өлшемдері және басқа да ерекшеліктері бойынша ажырату арқылы жер бедерінің физикалық элементтерін дешифрлеуге түседі. Жердің күйі жерді пайдалану карталары, ландшафтық карталар, топырақ эрозиясы мен дефляция карталары, топырақ карталары, жердің шектен тыс сулануы мен су басу карталары, жердің ластануының карталары, агрофимиялық карталар түрлерінде көрсетіледі. Аэроғарыштық мониторингтің ерекшеліктері ақпаратты алудың жоғарғы жылдамдығы, қазіргі уақыттағы компьютерлік техниканың көмегімен өңдеу, сақтау, топтастыру және пайдалануды ұйымдастыруда. Мысалы, қашықтықтан зондтау мәліметтерінің төтенше экологиялық жағдайларда жылдам ғарыштық мониторингті жүргізуде маңызы зор және олар шөлейттенудің келесі параметрлерін анықтауға мүмкіндік береді: гумус горизонтының қалындығы, ауылшаруашылық телімдердің өнімділігі, грунт суларының деңгейі, сызықты және беттік топырақ эрозиясының параметрлері, өсімдіктердің түрлері, т.б. Қашықтықтан зондтау экологиялық тиімді. Осылайша, кейбір мәліметтер бойынша гидрометеорологиялық қамтамасыз етуде спутник ақпаратын қолданғанда экономикалық шығындар мен алдын алынған зардаптардың сомасы оны алу үшін кеткен шығындардан он-он бес есе көп.
Жер ресурстарының күйін жылдам бағалауға арналған техникалық құралдардың кешені келесі мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
экологиялық және функционалды күйін бағалау үшін табиғи кешендер, энергетика, байланыс, өндірістердің жер учаскелерін жылдам жер бетіндегі және қашықтықтан зерттеу жүргізу;
картографиялық жұмыстарды жүргізу үшін аэрофототүсіріс жүргізу;
геологиялық және гидрогеологиялық процестердің, қала территорияларының зиянды процестерінің, орман және су қорларының мониторингін жүргізу;
табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың масштабтары мен салдарын анықтап бағалау;
мемлекеттік жер кадастры мен жерді пайдалану және қорғауды мемлекеттік бақылауды ақпараттық қамтамасыздандыру;
ҚР-ның үкәмет органдары басқару шешімдерін қабылдау мақсатымен табиғи және шаруашылық кешендер жерлерінің күйі жайлы жылдам және дәл ақпаратты алу;
Мәліметтердің автоматтандырылған базаларын құру және жаңарту.
Жер мониторингі жұмыстарын әрі қарай жүргізу және дамыту үшін қажет:
жер мониторингінің технологиялық және ақпараттық базаларын кұру қажет;
жер бетінде де қашықтықтан да зондтау техникалық құралдарын қолданып кері процестерді уақытымен алдын алу және жою іс-шараларын әзірлеу мен іске асыруды қамтамасыз ету мақсатымен ҚР-ның территориясында жер мониторингін кезеңмен жүргізуді ұйымдастыру;
басқа да министрліктер мен ведосмтволармен біріге отырып экологиялық мониторингтің құрамында жер мониторингінің көп сатылы ақпараттық жүйесін құру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет