Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:
жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;
арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау;
Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүсеге асады:
су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу;
алдын-ала таңдалып алынған пункттердегі су объектілеріне жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни:су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәлімет; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.
Әрбір нақты жағдайда анықталатын арнайы заңдылықтармен зерттеулердің міндеттерін құрайтындар мыналар:
өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;
су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін
әсерін анықтау;
суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;
коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың
ығарылуын бағалау және т.б.
Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін участок таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты- біріншілік мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет. Гидроэкожүйелер сапасының мониторингі мақсатқа сай басқарудың бұрынғы Жалпы мемлекеттік жүйеде, адам үшін, сонымен қатар биота үшін қауіп тудыратын суды тұтыну орындарындағы бақылау пунктерінде жүргізіледі. Бақылаудың негізін кешенділік, жүйелілік, гидрологиялық жағдайлардың сипаттарымен келісе оларды жүргізу мерзімін анықтау құрайды. Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі принциптері 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі. «Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» құжатының 2.2 пунктіне сәйкес, елді мекендерінің шегінде орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы суаттар үшін бекітілген шекті–рауалы концентрацияны (ары қарай ШРК) қолдану керек. Су объектілерінің сапасын бағалауда үнемі қолданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық гидробиологиялық индексі жатады. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Экономикаклық және әлеуметтік Кеңесімен европалық статистиктер конференциясының 37 пленарлық сессиясында қабылданған (Женева, 12-16 маусым 1989 жыл) тұщы судың экологиялық сапасының стандартты статистикалық жіктемесіне сәйкес су объектілерінің жағдайларына әртүрлі әсер етуіне байланысты судың сапасы көрсеткіштердің 7 тобы бойынша анықталады (1.1 кесте), одан кейін судың жіктемелік класын анықтайды.
1 Кесте – Су сапасының класын анықтау критериялары