Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Сараптау ұйымының қызмет саласы мен жұмыс түрлері



бет45/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
Табиғатты пайдалануды басқару ЭҚ311
5. Сараптау ұйымының қызмет саласы мен жұмыс түрлері
8. Сараптау ұйымының қызмет саласы энергия көздері, жылу және электр тораптары, тұтынушылардың жылу және электр тұтыну қондырғылары болып табылады, олар үшін сараптау ұйымы жұмыстардың мынадай түрлерін:
1) жылу және электр энергиясы шығындарының нормативтік техникалық сипаттамаларын анықтау жөніндегі есептеулердің энергетикалық сараптама жүргізуді; 
2) жөндеу жұмыстарының көлеміне энергетикалық сараптама, энергия жабдықтарына қайта құру мен жаңғырту жүргізуді;
3) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша, соның ішінде қайта құрылатын, жаңғыртылатын және жаңадан салынатын объектілер бойынша энергетикалық сараптама жүргізуді; 
4) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу саласында инженерлік және консультациялық қызметтер көрсетуді
5) зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және электр жабдықтары мен тораптарды сынау жөніндегі зертханаларды пайдалануға сараптамалық баға беруді; 
6) электр және жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және тұтыну саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеуге және қайта қарауға қатысуды; 
7) энергетикалық және сынақ жабдықтарды, тораптарды зерттеу жөнінде белгіленген тәртіппен қызметтер көрсетуді және қорытындылар беруді; 
8) заңнамаға сәйкес ғылыми-зерттеу, жобалау және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді;
9) электр энергетикасы саласында лицензияланатын қызмет түрлері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге біліктілік талаптарының сәйкестілігіне сараптамалық бағалар беруді; 
10) электр энергетикасы мен энергия үнемдеу мәселелері бойынша сот талқылауларын жүргізу кезінде тәуелсіз сараптау қызметтерін көрсетуді
11) техникалық қызметшілерді энергетикалық жабдықта жұмыс істеуге дайындау және қайта дайындау бойынша қызметтер көрсетуді; 
12) электр энергетикасы саласы мамандарының біліктілігін арттыру жөнінде қызметтер көрсетуді
13) энергетикалық жабдыққа қызмет көрсетуші қызметкерлердің білімін білікті тексеруге қатысуды; 
14) энергетикалық жабдықтағы және өндірістік жарақат алған жағдайларда тораптардағы технологиялық бұзылушылықтар мен авариялардың себептері мен мән-жайларын тексеру жөнінде қызметтер көрсетуді; 
15) электр және жылу энергиясын пайдаланудың тиімділігін талдаумен энергия үнемдеу мәселелері бойынша ұйымдарды зерттеу жөнінде қызметтер көрсетуді және ұсынымдар беруді
16) авариялық және технологиялық бронь актілерін белгіленген тәртіппен жасау жөнінде қызметтер көрсетуді жүзеге асырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет