Бақылау сұрақтары 1. «Жабайы» табиғаттың ортасын қорғау жүйесi қандай?
2 Дүниежүзiнде ерекше қорғалатын табиғи территориялар
3 Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялар белгілі?
Әдебиеттер Дәріс 12 Экологиялық ресурстанудың экономикаға, халықтың әлеуметтік жағдайына әсері Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешені еліміздің халық шаруашылығының аса маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз құрамында отын ресурстарының өндірісі мен өңделуін, оларды түрлендіру мен тікелей жеткізушілерге пайдалану үшін қолайлы болатындай түрінде және белгілі бір сапалық параметрлерімен жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіпорындарды, ұйымдарды, құрылыстар мен технологиялық объектілерді біріктіреді. Қазақстан өзінің табиғи ресурстарының есебінен өзін отын-энергетикалық ресурстармен толықтай қамтамасыз етіп және отынды республиканың аймағынан тыс шығару және электрқуатының берілісін жүзеге асыра алады. Мұнай өндірісі оның тұтыну мөлшерінен 1.4 есе асады. Республикамызда көмір, мұнай, газ, гидроресурстар, жанғыш тақтатастар, гидротермальдік түрлер бар. Отын өндірісі аса жағымды техникалық-экономикалық көрсеткіштермен сипатталуда. Екібастұз алабындағы көмір өндірісінің жоғары дәрежедегі үнемділігі баршаға мәлім. Қазақстанның аса бай мұнай және газ кеніштерінің тау-геологиялық және экономикалық көрсеткіштері бірегей болып келеді. Алайда отын-энергетикалық ресурстар республиканың аймағы бойынша аса шашыраңқы түрде орналасқан. Отын энергетикалық кешенін дамыту барлық халық шаруашылықтық мәселелерді шешудің негізі болып табылады, сондықтан Қазақстанның энергетикалық бағдарламасында келесідегідей ұйымдастыру-экономикалық шаралары ескерілуі тиіс:
-отын энергетикалық кешені мен соған байланысты болып келетін салаларды оларды дамытуға арнап материалдық және қаржылық ресурстарды көбірек бөлу арқылы нығайту;
-республиканың өндірістік күштерінің орналасуын отын тұтынушыларды Қазақстанның негізгі отын-эенергетикалық базаларына жақындату бағытында жетілдіру;
-отын энергетикалық кешені салаларында нарықтық механизмдерді өндіріс арқылы реттеумен әзірлеу;
Қазіргі кезде отын-энергетикалық ресурстардың басым бөлігі тікелей отын және энергия ретінде тұтынылуда, соның өзінде оларды прогрессивті бағыттар бойынша тұтыну мөлшері тым төмен (34,1%). Отын-энергетикалық ресурстардың небәрі 0,3%-ы ғана химиялық және мұнай-химия өнімдерінің өндірісіне жұмсалуда. Отынның оны өңдеу, сақтау және тасымалдау кезіндегі шығындары едәуір болып келеді, олар газ бойынша 32%, мұнай бойынша – 29%-дан артық, көмір бойынша – 13% құрайды. Жуық шетел елдерімен нарыққа көшу кезінде шаруашылық қатынастардың бұзылуы жағдайларында дербес энергетикалық жүйені қалыптастырып, дайын өнімді алуға дейін өз отындық шикізатының өңделуін ұйымдастыру қажет. Қазақстанда электроэнергетикасын дамыту ісін көмір, су ресурстары тәрізді дәстүрлі көздердің өзіндік базасына негізделумен жүзеге асыру керек. Мұнай өңдеу өнеркәсібінде алғашқы кезектегі мәселеге Павлодар және Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыттарын өзіміздің шикізатпен қамтамасыз ету, сондай-ақ мұнай өңдеу өнімдерінің өз еліміздегі өндірісін арттыру мәселесі жатады. Республикадағы отын-энергетикалық кешенінің ерекшелігі сол, ол елдің ішіне қарағанда іргелес жатқан республикалардың отын-энергетикалық кешенімен неғұрлым көбірек ықпалдасқан. Бұл келесідегідей себептермен түсіндіріледі:
•шикі мұнайдың өз еліміздегі өндірісі мен мұнай өңдеу зауыттарының қуаттылықтары оларды өңдеу үшін жеткілікті болса да республика мұнай өнімдерін сырттан әкеледі;
• Батыс Қазақстанның шикі мұнайы әрекеттегі мұнай құбырлары бойынша Ресейдің Еділ жағалауы аумағына жеткізіледі, ал республикамыздың Солтүстік-Шығыс және Оңтүстік кәсіпорындары батыс-сібір мұнайын сырттан әкеледі.