- Басымдылық принципі. Табиғат заңдылығының қоғам заңдылығынан үстемдігі. Табиғат және қоғам жүйесінде табиғат заңдылығы қатаң ескеріліп, сақталып отыруы керек. Табиғат-қоғам бірлестігі табиғат заңдылығымен берілген, олар өзара тығыз байланысты. Осы байланыс бұзылмау үшін адамзат өзінің табиғатпен қатынасын табиғат заңдарына сүйене отырып жүргізуі керек. Табиғатқа ықпал жасау сол табиғат заңдылығының негізінде болуы керек. Бұл принципті сақтамау қоғамның дамуын тежеуге әкеп соғады.
- Табиғатты пайдалануды әлеуметтік қажетке бағыттау-табиғатты адам игілігіне айналдыру болып табылады. Табиғат байлығын пайдалануда қоғам мүддесі жеке салалардағы өндірістік мүдделерден жоғары қойылуы керек.