Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру



бет5/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Табиғат байлықтарының қоғамдық пайдалылығын арттыру және ұлғаймалы қалпына келтіру. Сонымен, табиғат қорғау және оның байлықтарын тиімді пайдалану бір-бірімен тығыз байланысты кешенді мәселе және олардың жиынтығын табиғат пайдалану деп атаймыз. Табиғат пайдалану экономикасы ғылымның жеке саласы ретінде өзге ғылымдармен бйаланысты дамиды және көптеген мәселелерді қамтитын сипатта болады. Табиғат қорғау мен пайдалануды үйлестіру қажеттігі күмән тудырмайтын ақиқат.Былайша айтқанда, табиғат пайдалану міндетті түрде оны қорғаумен ұштастыруды талап етеді. Оның үстіне ол бүкіл әлемдік мәселе болып табылады. Сондықтан табиғат пайдалану экономикасы экология-экономикалық байланыстарды қоғамдық өндірістің, табиғат қорғау, оның байлығын ұлғаймалы молайтудың экономикалық тиімділігін арттыру үшін саналы түрде басқару деп қарас тырамыз. Табиғат пайдалану түсінігі табиғат қорғауды қамти отырып көп мағынада қолданылады.
Табиғат пайдалануда жіберілген кемшіліктердің бірі-мәселені жеке биологиялық, физикалық, механикалық, географиялық, құқықтық, денсаулық сақтау, философиялық тұрғыдан қарастыру. Мәселенің әлеуметтік-экономикалық жақтары нашарлау зерттелді. Жеке өндірістің салаларында да табиғат жүйесінің жеке заттары оларды өсіру, қорғау, пайдалану тұрғысынан қарастырылып, кешенді зерттеуге көп көңіл бөлінбеді. Егер мәселе табиғатты пайдалану тұрғысынан зерттелсе, табиғат қорғау назардан тыс қалдырылды және керісінше, табиғат қорғау шараларын қарастырғанда тиімді пайдалану мәселесі ойластырылмады.
Табиғат қорғау және пайдалану мәселелері табиғи кешендер бойынша, аймақ бойынша және жеке табиғат жүйелерін, ресурстарын пайдалану бойынша, жалпы кез келген жағдайда кешенді қарастырылуы керек. В.И.Вернадскийдің айтуы бойынша биосфера біртұтас зерттелуі керек, өйткеніжеке организмдердің дамуы бүкіл биосфераның эволюциялық дамуымен байланысты.
Табиғат пайдалану мәселелерін зерттеудің біртұтастығына жету өте күрделі. Сондықтан оған жеке мәселелердә іс-тәжірибелік тұрғыда зерттеу арқылы жетеміз. Сонымен қатар табиғат қорғау мен пайдаланудың жалпы мәселелерін қарастыру арқылы нақты мәселелердің шешімін табамыз. Жалпы заңдылықты білмей жеке мәселелер шешілмейді. Зерттеуде жалпыдан-жекеге, абстракциядан-нақтыға, одан іс-тәжірибеге көшу әдісі қолданылады.
Табиғат пайдалану халықаралық мемлекеттік және аймақтық (жергілікті( мәселе. Сондықтан барлық деңгейде қарастырылады. Табиғат пайдалану дәрежесін бағалау әдістері барлық деңгейді қамтитын және алдын алу сипатында болуы керек. Өйткені табиғатқа әсерді, оның сипатын, зиянын алыдн алу бағалау оны болдырмау шараларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Табиғат пайдаланудың мемлекеттік және жергілікті мәселелерін экономикалық механизмдерді жетілдіру арқылы шешуге болады. Бұл табиғат пайдалану экономикасының міндеті. Сонымен қатар табиғат пайдалану экономикасы табиғат қорғау заңдарына сүйенеді және заңдардың орындалуын ұйымдастыру, бақылау, экономикалық ынталандыру тәсілдерін үйретеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет