Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі 1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырады және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ оларға антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілетін бақылау;
2) аталған бақылау объектілерінің жай-күйін бағалау;
3) олардағы өзгерістерді болжау қамтылады.