Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар


- Өндірісті экологиязациялау принципі



бет3/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Табиғатты пайдалануды басқару ЭҚ311
- Өндірісті экологиязациялау принципі. Өндірісті экологиязациялау-табиғат қорын түгесілмейтін, оған нұқсан келтірмейтін технология арқылы өндірісті ұйымдастыру, экологиялық еңбектің өнімділігін арттыру. Өндірісті экологизациялау мына бағыттарда жүргізіледі: экологиялық жүйелерді сақтау, қалпына келтіру; шикізат өндіруде озық техънология қолдану; шикізат қорларын үнемді пайдалану; қалдықсыз және аз қалдықты технология қолдану; табиғат қорғау шараларын кеңіту; өндірісті экологиялық талаптарға сәйкес орналастыру; табиғи ортаны ластауды азайту, жою т.б.
Табиғат байлығын пайдаланушы салаларда ұлғаймалы өндіріс мына төмендегі шарттар сақталғанда мүмкін болады:
- шикізат өндіру қарқыны материалдық өндіріс қарқынынан төмен болуы керек;
- шикізатты тиімді пайдалану арқасында өңдеуші салалардың өсу қарқыны өндіруші салалардың өсу қарқынынан артық болуы керек;
-қалдықсық аз қалдықты технология және табиғатты қорғау құрылымдарын қолдану қарқыны табиғатқа нұқсан келтіруші салалардың өсу қарқынынан басым болуы керек;
-табиғат байлығын қалпына келтіру шараларының дамуы табиғат байлығын өндіруші салалардың өсуінен кем болмауы керек;
-табиғатты қорғауға жұмсалатын қаржының өсу қарқыны барлық материалдық өндіріске жұмсалатын қаржының өсу қарқынынан артық болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет