Сұрақтар: Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы. – Ауыл шаруашлығы кәсіпорынның орналасу моделі. - Өнеркәсіп кәсіпорынының орналасу моделі. – Қызмет сферасы кәсіпорынның орналасу моделі.
Шаруашылықтың секторлық және салалық құрылымы Шаруашылық саласы деп – бір типтегі тауарлар өндіретін немесе қызмет жасайтын (киім, аяқ киім, жинақ және т.б.) кәсіпорындар тобын айтамыз. Функионалдық қасиеті (қызметі) бірыңғай салалар тобын - шаруашылық секторы деп айтамыз. Шаруашылық секторы: алғашқы (бірінші) секторға (аң аулау, балық аулау, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі) бөлінеді. Бұл сектордың басты мақсаты табиғаттан өнім алу (мысалы, шикізат өндіру)
Екінші сектор (өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, энергетика), басты мақсаты бірінші сектор шығарған өнімдерді өңдеу.
Үшінші сектор (көлік байланысы, қаржы, басқару, халыққа әртүрлі қызмет ету (услуги), сауда). Басты мақсаты бірінші және екінші сектордың жұмысының жүруіне және тауар мен байланыс арқылы тұтынушылармен өзара қарым-қатынасты атқарады.
Ауыл шаруашылығын кәсіпорындарының орналасу моделі Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының орналасу моделін алғашқы рет неміс географыИогон Фон Тюнен (1826ж) ұсынды. («Изолированное государство в его отношении к сельскому хозяйству и национальной экономии» кітабын қараңыз).
Тюнен ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі үш факторын қарастырады: 1) көліктік шығын; 2) өндірістік шығын; 3) табиғат жағдайы және табиғат ресурстары (топырақ құнарлығы, агроклиматтық ресурстар (жарық, жылу, ылғал) және т.б.).
Ауыл шаруашылығы өндірісін орналасу моделінде Тюнен мынандай қағиданы қарастырды: Нақты өнімді өткізетін рыногы бар белгілі бір аймақта ауыл шаруашылығы өнімін өндіретін, сыртқы әсерлерге тәуелді емес ауыл шаруашылығы аймағын айтады. Ауыл шаруашылығы өнімдері көлік-арба көлігімен тасымалданады және олар көлік пен өндірістік шығынды қосқанда бір-біріне тәуелді болады.