Дәріс №1. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру түсінігі, мазмұны және шешетін мәселелері. 1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру



бет17/19
Дата02.10.2024
өлшемі100,11 Kb.
#205517
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
ИШЖО дарыс

6.4 Дала жолдарын жобалау
Жобаланатын ауылды жердің жолдары үш түрге бөлінеді:
1. Дала магистралдары;
2. Машина-тракторлық агрегаттар жүру жолдары;
3. Қосымша жолдар.
Олар келесі талаптарға сәйкес болулары керек:
- неғұрлым қысқа;
- түзу;
- шаруашылықта пайдалануға ыңғайлы;
- техникалық талаптарға сәйкес (еңістігі, бұрылу бұрыштары);
- орман жолақтарымен үйлестіріне орналстыру;
- өзгертуге кететін шығынның аз болуы.
Жыртылған массивтер аралығындағы және олармен елді мекендер аралығындағы қатынастарды қамтамасы етулері тиіс. Негізгі тасымал бойынша екі бағытта өте көп қытымал жасалғанда егістік массиві үлкен болса, жолдың ені - 8-10м, ал кіші болса жолдың ені 6-8м болады.
Танаптардың қысқа қабырғаларын бойлай орналасқан көмекші жолдар, техникаға қызмет көрсету үшін қолданылады, олардың ені - 6-10м.
Дала қостарын және су көздерін жобалау. Дала қостары келесі түрлерге бөлінеді: тұрақты, уақытша, жылжымалы. Оларды орналастыру жайында сұрақтар өндіріс орталықтарын орналастырғанда шешіледі. Олардың түбегейлі шешімі ауыспалы егіс территориясын ұйымдастырғанда жасалады. Орналасқан орны, ауданы, шегарасы белгіленеді. Дала қостары және су көздері ауыспалы егіс массивінің ортасында, суға жақын орналасуы керек. Оларға жетуге ыңғайлы жол болуы керек, жақсы санитарлық – гигиеналық жағдайда, рельеф бойынша жоғары жерде орналасуы керек.
Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыспалы егіс алқабын ұйымдастыру әдісі.

  2. Күрделі рельефте танаптарды және учаскелерді орналастыру ерекшеліктері.

  3. Топырақты өндеу бағытын контурлы жобалаудың әдісі қандай.

  4. Ауыспалы егіс танаптары неге біркелкі болады, ал біркелкі болмаған жағдайда олардың орташа мөлшерден ауытқуы неге байланысты болады.

  5. Орман жолақтарының орналасу бағыты.

  6. Орман жолақтарының ені және конструкциясы;

  7. Орман жолақтарының аралықтары қалай анықталады?

7 Дәріс. МАЛ АЗЫҚТЫҚ АЛҚАПТАРДЫҢ ТЕРРИТОРИЯСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет