2.1 Өндіріс бөлімшелерін және оның орталықтары шаруашылық жер массивінде орналастыру
Өндіріс бөлімшелерін орналастыруды жобалау жұмыстарын жүргізгендегі қойылатын ең басты талап:
- өндіріс бөлімшесінің жеріндегі ауыл шаруашылық алқаптардың құрамы, ара қатынасы жоба бойынша есепке алынған уақытта белгіленген бөлімшедегі еңбек ресурстарының мөлшері, бөлімшенің мамандығына және салалар ара қатынасына, белгіленген мал басын азықпен қамтамасыз етуге сәйкес болуы керек;
бөлімшенің жер массиві біртұтас, конфигурациясы дұрыс;
шаруашылық орталықтары мен негізгі ауылшаруашылық алқаптарның арасы жақын болуы керек.
Табиғи және мал азықтың ауыспалы егістіктерден алынатын мал азығының балансын құра отырып жобалаушының өндіріс бөлімшелері арасында әртүрлі өнімділі ауылшаруашылық алқаптардың дұрыс бөлгенін анықтауға және тексеруге болады.
Әр бөлімшеге, оның шаруашылық орталығына жақын жатқан жерлер берілуі тиіс.
Шаруашылық орталықтары оның жерінің ортаңғы кезінде орналасуы керек. Егер шаруашылық орталығы оның жерінің ортаңғы кезіне орналаспаса, транспорттың тасымал шығыны көбейеді, ал көліктік шығын өнімнің өзіндік құнын жоғарылытады.
Шаруашылық бөлімшелерінің жерлерінің сапасы әртүрлі болса, топырақтардың бонитет баллына байланысты әр бөлімшеге оның жерінің сапасына қарай әртүрлі өсімдік өнімділігін әртүрлі жобалау керек.
Ыңғайына қарай жерлерінің шегаралары табиғи (өзен, жыра) және жасанды (жол, канал) ғимараттар арқылы өткені дұрыс. Жер бөлігі өзен немесе жол кесіп өтсе ол ыңғайсыздыққа әкеледі: Жерді өңдеу, суару қиындалады. Егістіктің жері тұтас және үлкен болғаны жақсы, ең кіші дегенде ауыспалы егістіктің бір танабы орналасатындай болғаны жақсы.
Ашық далалы жерлерде, ірі жыртылған массивтерде өндіріс бөлімшелерінің шегаралары түзу сызық ретінде, ыңғайына қарай бір-біріне параллель және перпендикуляр жүргізіледі. Өйткені тікбұрышты, төртбұрышты кейін танаптарға, шаруашылық учаскелеріне бөлгенде, олар дұрыс конфигурациясы, механикалық өңдеуге ыңғайлы болады.
Рельефтің күрделі жерлерінде шаруашылық бөлімшелерінің шегаралары суайырық (водораздел), тольвег, жыралар арқылы жүргізіледі.
Шаруашылық бөлімшелерінің саны, олардың орталықтарының мөлшері, орналасуы жобалау жолында бірнеше вариантта жасалады да, олардың ішінен ең тиімді деген вариант таңдалып алынады. Варианттарды салыстыру бір, жоба бойынша алынған, уақытқа жасалады.
Жобалау ең бір тиімді деген вариантты қараудан басталады.
Көбінесе бұл қазіргі кезде қалыптасқан территориялық ұйымдасу. Бұл варианттың өндірістік, инженерлік-құрылыстық қоғамдық және экологиялық талаптарға сәйкестігі анықталады. Қазіргі кезде қалыптасқан және жаңадан жобаланған варианттар технико-экономикалық, экологиялық көрсеткішкер арқылы бір-бірімен салыстырылады.
Бұл жобалау мәселесін шешуге көбінесе келтірілген (приведенные затраты) шығындар қолданылады келтірілген шығындар бір уақыттың және әр жылдық шығындардан тұрады тұрғын үй. Бір уақытта шығын, мәдени-тұрмыстық өндірістік үйлер мен ғимараттарды, инженерлік-коммуникациялық ғимараттарды жол салу бағасынан тұрады, ал әр жылдық-транспорттық, әкімшілік - басқару, тұрғын және өндірістік зоналарды инженерлік ғимараттарды пайдалану (эксплуатация), амортизациялық шығындардан тұрады.
Варианттарды салыстырғанда малды айдау радиустары аралықтары, суару жағдайлары жақсы болуы керек. Малдың қырылу, арықтау, өнімділігін азайтуға шалдыратын жағдайларды болдырмауға варианттар қабылданады. Кейде шаруашылық орталықтары ретінде далалық стан, жаздық лагерлер орналастырылды. Жаңадан құрылыс жүргізу тек қана өндіріске байласнысты болмайды, қазіргі кезде бар өндіріс ғимараттарын түгел пайдалануға да байланысты. Жағдайға қарай жаңа құрылыс жүргізгенше, бұрыңғы құрылыста толық, тиімді пайдаланған жөн.
Бір уақыттағы шығынды есептеу үшін:
1. жаңа құрылысты жүргізу құны;
2. қазіргі кездегі бар ғимараттардың қалдық құны;
3. физиқалық және моральдық тозуы анықталады. Бұл көрсеткіштерді «Шаруашылықтың негізгі фондын» бағалау материалдарынан алуға болады. Бір жылдық шығынын көбінесе ұлғайтатын көрсеткіш – көліктік шығындар. Көліктік шығындарға жататындар:
1. Шаруашылық ішіндегі тасымалдау (даладан шаруашылық орталықтарына және кері);
2. А/ш машиналарын және құралдарын айдау және тасымалдау;
3. Жұмысшыларды жұмыс орнына және кері тасу;
4. Шаруашылық басшылары мен мамандарды тасу;
5. Малды бір жерден екінші жерге айдау;
6. Өнімді шаруашылықтан тыс тасымалдау.
Көліктік шығынның мөлшері негізгі екі көрсеткішке байланысты: 1. тасу аралығына;
2. жүк айналымының мөлшеріне.
Жүк айналымының мөлшері а/ш өсімдіктерінің өнімділігіне және егіс алқаптарының ара қатынасына байланысты болады.
Транспорттық шығынын мөлшерін негізгі екі көрсеткішке байланысты болады; тасу аралығы және жүк айналымының мөлшері, жүк айналымы - ауылшаруашылық өсімдіктерінің өнімділігіне, егіс аймақтарының ара қатынасына байланысты болады.
Жүк айналымы: жүктің тасымалдау мөлшері 1 т. груздың тарифтың тасымалдау бағасына көбейтіледі. Транспорттық шығынды табу үшін жүктің тасымалдау мөлшерін оның 1 тоннасын белгілі аралыққа, км. тасымалдау тарифтық бағасына көбейтеді.
Автомобиль кері қайтарда бос келеді, сондықтан жүрісті жүк пайдалану коэффициенті (0.5-0.6) енгізіледі. Барлық тасылатын жүкті есептеу өте қиын болғандықтан «Есепке алынбайтын жүктерді тасымалдау” коэффициенті колданылады 1.2.
1) Шаруашылық ішінде тасымалдау бағасын есептеу формуласы мынандай болады:
С1 = О ж.т.х1.2 • Ат
0.5
онда: О ж.т. – жүк тасымалдау көлемі, тонна.
Ат – тариф бойынша 1т. жүкті белгілі орташа аралыққа км. тасымалдау бағасы. (Тарифтік анықтамадан алынады).
2) Техниканы айдау (перегон) шығыны келесі формуламен есептеледі:
С2= Пагр х R х Пп х Qми
С2= R1/1 х ҺQ + R2/2 х ҺQ +Rn / n х ҺQ
Пагр – айдалатын комбайн, тракторлардың саны.
R1, n – әр техниканың өтетін аралығы, км жылдамдылығы және айдау тасымал саны.
ҺQ – әр техниканың 1 машина – сағаттық бағасы (құны), теңге (у.е.) (шартты бірлікте).
3) Жұмысшыларды тасымалдау шығыны:
С3 = Пр х R Пd авто х Пп езд. х Qм.е
Па
онда: Пр – жұмысшылар саны, адам
Па – автобустық сиылмалығы, адам
Пd, П т.ж. – бір жылдық тасымалдау күндегі және бір күндегі тасымалдау жиілігі.
Qм.е – машинаның 1 сағ. жұмыс істеу бағасы.
4) Мамандарды тасымалдау шығыны:
С4 = ПмR х Пкүн х Q
онда: Пм – мамандар саны
Q – 1 км. жол құны
5) Фермадан жайылымға және кері мал айдау шығыны:
С5= П бас х П айдау саны х А азайған салмақ
онда: П бас – мал басы, айдау саны
А арықтау – айдауда жоғалтатын мал салмағы.
6) Шаруашылықтан сыртына тыс тасымалдау:
С6= Q х п х а
онда: Q – ш.т.т. мөлшері
Һ – өлшем бірлігі
А – тасымалдау құны (т/км)
Жалпы келтірілген шығын (Кпр) келесі формуламен есептеледі:
К пр = К х Ен + С
онда: К – бір уақыттық (единовременные)
Е – капиталдық шығынның тиімділігін көрсететін коэффициент.
С – жылдық (жыл сайындық) шығын.
Достарыңызбен бөлісу: |