1.4 Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу.
Шаруашылықтың экономикалық және әлеуметтік жағдайын зерттеу үшін және әрқарай даму жолдарын білу үшін соңғы өткен үш-бес жылдың жылдық есеп беру көрсеткіштері зерттеледі. Келешек 5-10 жылдық әлеуметтік және экономикалық дамуы жайында жоспарлар қаралынады. Осы зерттеулер арқылы шаруашылықтың жағдайын мінездемелей мына деректер жиналады:
- өндіріс мамандығы және РАПО (райондық агроөндірістік бірлігіндегі (ААӨБ) шаруашылық аралық байланыстары жайында құрамында атқаратын міндеті;
- егістік көлемі, егістік құрамы, органикалық және минералдық тыңайтқыштар енгізу, дала жеміс-шөп өсімдіктері көпжылдық өсімдіктер және мал азықты а/ш пайдаланулар, өсімдік шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;
- мал басы түрімен, породосы және жастары бойынша топтары, өрісі структурасы, азықтың жеткіліктілігі, малдардың өнімділігі, мал шаруашылығының өнімі және оны пайдалануы;
- көмекші салалардың барлығы даму көрсеткіштері;
- өндіріс салалары, өндіріс бөлімшелері, елді мекендер бойынша адам еңбегінің жеткіліктілігі (трудообеспеченность);
- техниканың барлығы, оны пайдалануды ұйымдастыру түрлері, мал, өсімдік және көмекші салалардағы негізгі жұмыстардың механикаландыруы;
- тұрмыс, мәдени-тұрмыстық және өндірістік құрылыстардың барлығы, жағдайы (состояние) және құны, басқа да территорияны инженерлік жабдықтау;
- энергиямен қарулануы, еңбек өнімділігі, өнімнің өзіндік құны, ақшалай кіріс, оны бөлу, өндіріске жұмсалған қаржы, еңбек ақы.
Аудандық жерге орналастыру схемасын және басқа болжау, жобалауға дейінгі жасалатын схемаларды зерттеп, олардың қолдану жайын тексеріп, керекті көшірмелер жасалады.
Территориялы инженерлік жабдықтау (мелиорациялық, орман-мелиорациялық, елді мекенді пландау және салу, т.б.) жобалары, немесе мәдени-техникалық, эрозияға қарсы және басқа шаралар бойынша техно-жұмыс жобаларының копияларын, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті деректерді жазып алу керек (кейін территорияны орналастырғанда пайдалану үшін).
Осы камералдық дайындық жұмыстарында жиналған материалдарды зерттей отырып, далалық жұмыстардың көлемін, мазмұнын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |