1.5 Далалық дайындық жұмыстар. Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттеледі, камералдық жиналған материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылады.
Далалық дайындық жұмыстарының негізгі мақсаты территорияның іс жүзінде қалыптасқан жайын анықтап, жобалау авторларының жер пайдаланудың территориясымен және өндіріс ұйымдастырылуымен танысып. Бұл жұмыс жобалау институтының мамандары және жерге орналастыру жұмысы жүргізілетін шаруашылық мамандары кіретін комиссиямен жүргізіледі.
Жобалау институтарында кәзіргі кеде жиналған көп пландық және зерттеу материалдары көп болғандықтан далалық зерттеу жұмыстары оларды жер бетімен жай ғана салыстырумен аяқталады.
Әсіресе жыртылған жер көпжылдық өсімдіктер, мәдени шабындықтар және жайылымдардың көлемін өсіретін жағдайлар іздестіріледі. Бұл жағдайда негізгі эрозияға қарсы, және басқа табиғатты қорғау және мәдени-техникалық шаралар белгіленеді.
Жерге орналастыру зерттеу жұмыстарының результаты журналда, актіде және сызбада белгілеледі.
Журналда трансформацияланатын учаскелердің нөмірі, көлемі көрсетіледі, оларға сапасы жайында мінездемелер беріледі (рельефі, топырағы, өсімдіктері, оценка баллы, өнімділігі және т.б.) арқарай пайдалануы жайында – қай пайдалану ретінде, ауыспалы егістігі, ол үшін жасалатын жақсарту жұмыстары жайында.
Сызбада, журналды көрсетілген трансформация өндеу жұмыстары жүргізілетін контурлар мен жер массивтері көрсетіледі. Өндіріс бөлімшелерінің қазіргі кездегі жағдайы, оларды өзгерту жайында. Келісімдер, өндіріс орталықтарының орналасуы, құрғатылған және суландырылған жерлердің шегаралары, олардың өзгеруі жайында, көпжылдық өсімдіктердің, инженерлік ғимараттардың орналасуы жайында.
Егістіктердің соңғы екі жыл бойынша орналасуы жайында мәліметтер жиналады. Планда горизонтальдар болмаған жағдайда бетпейлердің ұзындығы және ені көрсетіледі.
Жерге орналастыру зерттеу Актісінде жерді пайдалану және территорияны ұйымдастыру жайында шешімдер беріледі:
- Жерге орналастыру жұмыстары қалтитын жер иелерімен жер пайдаланушылардың шаруашылық әрекеттерін мінездемелейтін (көрсететін) статистикалық және экономикалық материалдарды, жылдық есеп берулердің (отчет) және перспективалық пландардың (программалардың, концепциялардың) деректерін жинау және жүйелеу. Мысалы: а/ш өсімдіктерінің өнімдер, малдың түрлері мен сандары шаруашылық-ұйымдасу құрылымы, өндірістік бөлімшелерінің, елді мекендердің, халықтың саны, өндірістік және мәдени-тұрмыстық объектілердің бар екендігі жайында деректер әр жерге орналастыру жұмыстары қамтитын шаруашылық және елді мекен бойынша бөлек-бөлек жиналады.
- Меншікті жерді және жер пайдалануды жаңадан құру, өзгерту және қайтадан құру (реорганизация), мал шаруашылық комплекстерін шаруашылық аралық агроөнеркәсіптік ұйымдарды белгілі бір территорияға таратып қоныстандыру, орналастандыру және басқа жұмыстар бойынша жасалған облыстық және аудандық болжамдау жерге орналастыру схемаларын, аудандық пландау (жоспарлау) жобалары мен схемаларын талдау.
- шаруашылық аралық жерге орналастыру шешетін сұрақтарға қатынасы бар мелиорациялау, сурау, жол салу, елді мекенді жоспарлау және басқа жобалар мен схемаларды жинап зерттеу.
- Суармалы егіншілік жағдайында суландыру жүйелерінің жобаларын, әр учаске бойынша суару бағытын, осы учаскелерді реконструкциялау және жаңадан суландырылатын жерлерді игеру жобаларын зерттеу.
- Меншікті жерлердің, жер пайдаланудың шегараларындағы құрылымындағы кемшіліктерді, халықтың орналасуындағы а/ш жерлерінің құрамындағы және құрылымындағы кемшіліктерді, антроногендың және табиғи-климаттық (ауа-райы) факторлеріне кері әсер етуін анықтау.
- Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобасын жасау үшін.
- Ыңғайлы масштабта құрама план жасалады (масштабы 1:100000 ұсақ болмайды).
Құрама жоспарға келесі деректер түсіріледі: меншікті жерлер мен жер пайдаланулардың шекаралары, а/ш жерлер, орталық мекендер, бөлімшелердің мекендіктері, шаруа қожалығының хуторлық мекені, бөлек тұрған құрылыстар (комплекстер, фермалар, қыстаулар және т.б.), жолдар, ирригациясының жүйелер, байланыс және электрлік желі; сумен қамтамасыз ету, суландыру көздерімен, ерекше режимде пайдаланулары.
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жұмыстары шешетін сұрақтарға, оның мазмұнына байланысты, түріне, жобалау жұмыс торының көлеміне байланысты жинайтын материалдардың тізімі, мазмұны, көлемі, толықтылығы өзгереді.
Кейбір ауыл шаруашылық тық емес жер пайдалануда бөлгенде қосымша мына құжаттар жиналады: бөлінетін учаскеде пайдалы қазбалардың барлығы; объектісінің орналасу схемасы: әр жыл бойынша салу кезегі көрсетілген, объектінің генералдық планының схемасы; құрылысты қаржылау құжаты.
Жиналған зерттеу, ізденіс және жобалау материалдарын зерттей, талдай келіп дала ізденіс жұмыстарының көлемі анықталады.
Жобалалауға жердің зерттелулігінің керекті дәрежесіне байланысты далалық ізденіс жұмыстары жерге орналастыру жұмыстары жүргізілетін жерді түгел немесе жартылай қамтиды.
Ізденіс жұмыстарында шаруашылықтың адамдары қатысады.
Дала ізденіс процессі мына жұмыстардан тұрады:
- Шегаралардың және межелік белгілердің сақталуы; жер меншігінің және жер пайдаланудың құқықтық, жерді есепке алу және пландық-картографиялық құжаттарға сәйкес келуі.
- Жерге орналастыру қамтытын жерлердің топырағы, рельефі, өсетін өсімдіктер, өндірісте қолданылуының жиналған материалдарға сәйкес келуі тексеріледі, топырақтың құнарлығы және а/ш пайдаланулардың (угодий) өнімділігі анықталады.
- Елді мекендер және шаруашылық орталықтардың, су қамтамасыздай, негізгі жолдар, ғимараттар жер бетінде тексеріледі.
- Жерге орналастыру қамтитын жер массивтерінің мекенді елдермен, шаруашылық орталықтарымен, үлкен жолдармен, су көздерімен байланыстарын байқау, тексеру.
- Басқа иеге немесе пайдаланушыға тапсырылатын жердегі құрылысының және ғимараттың, көпжылдық өсімдіктердің және бітпеген өндірістің (жыртылу, удобрение енгізу, себу және басқа) бағасы анықталады.
- Мүдделі жер иелері мен жер пайдаланушылардың тілектері мен үсыныстарын біліп тоғайындау (оформление).
Дала ізденісінің нәтижесі әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша актіленеді, оған ізденіс сызбасы қосылады.
Сызбада ізденістің барлық элементтері мен детальдары түсіріледі, басқа жер иелеріне және жер пайдаланушыларға берілетін жерлер көрсетіледі.
Камералдық және даладық ізденіс жұмыстарының нәтижелері бойынша ш.а.ж орналастыру жобасын жасауға әзірленген пландық негіз қаралып (уточняется), жобалау жұмыстары қамтитын жер иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы дайындалады.