Дәріс 1 Жыраулық поэзиясының даму жолдары Дәрістің мақсаты



бет5/5
Дата31.01.2018
өлшемі0,87 Mb.
#36551
1   2   3   4   5

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Бұқардың Абылай туралы екі өлеңін кім

орысшалап хатқа түсірді?

2.Бұқар жыраудың өлеңдерін кім

жинастырды?

3.Бұқар шығармашылығын зерттеген кімдер? 

Дәріс 12 Көтеш ақынның өмірі, шығармашылығы 
Дәрістің мақсаты: Көтештің қолма қол өлеңдер шығаратын жүйрік ақын,әрі

таза қазақ түсінігіндегі ақын екендігін дәлелдеу.



Тірек сөздер:Күрелкінің бауыры күнде дауыл,аңыз,Қартайғанда қатының

дұшпан болды т.б.



Дәрістің жоспары: 1.Көтештің өмірінен мәлімет.

2. Бала кезінен ақын ретінде елге атының кең

жайылуы,әсіресе Абылай хан алдында көзге түсуі.

3. Көтеш шығармашылығы туралы профессор

Ысмайыловтың пікірі, бағасы.

4. Сондай-ақ бізге жеткен өлендері туралы

әңгіме аңыздар.

5. Өлім, өмірінің соңғы кезеңі туралы деректер.

6. Көтештің суырып-салма ақын екендігі.

ХVIII ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі алатын орыны.

7. Шығармашылығын талдау.

8.Көтеш шығармларының жинақталуы. Мәшһүр

Жүсіптің бұл жұмыстағы атқаратын істері.

Көтеш-18ғасырда өмір сүрген ақын. Қазіргі Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туып өскен. Арғы атасы-Тұрлыбек.Халық аңызы бойынша,ақын 1798 жылдары 80 жастан асқан кезінде өмірден озған екен.

Көтеш ақындықпен жас кезінен шұғылданған. Әуелі елдегі айтыс дәстүрі бойынша танылып, арнау өлеңдер айтып жүрген.Кейін әлеуметтік мәселелерге үн қосып, елінің тарихын, жауға қарсы жорықтарын, өз дәуірінің келелі мәселелерін көтеріп отырған.

Көтешті біз ақындар поэзиясының бастапқы өкілі, аты мәлім ақындық өнердің тұңғышы дейміз.Себебі,бұған дейінгі көркем сөз өкілдері не шешен, не жырау аталған және сол аттарына сай шығармалар қалтырған. Ал, Көтеш болса , нағыз ақпа ақындарға тән қасиеттерімен танылып, сол ақындар поэзиясы үлгісін ұстаған, қара өлең, қайым өлең жанр түрлерін байытқан.Ақынның бізге мәлім шығармалары бұл пікірлерімізді толық дәлелдей алады. Өзінің мазмұны жағынан әлеуметтік, қоғамдық, тұрмыстық мәселелерді кеңінен көтеріп, әр түрлі лирикалық өлеңдерін шығарған.Ақындарша айтысып,арнау, ойнақы терме, сынай арнауларда айтып жүрген.

Қалмақтан қазақ жерін босату күресіне белсене араласқан әрі батыр, әрі ақын саналған ол Жасыбай, Олжабай батырлар бастаған Сүйіндіктердің қалың қолдарымен бірге жүріп, әрбір күрес нәтижелерін сөз еткен. Аталмыш батырлар туралы ұзақ жырларды толғап жүрген. Әсіресе, Жасыбайдың жау мергені оғынан қапыда қаза тапқаны ел қабырғасын қайыстырған шақта күңіренген қазақ қолымен бірге ақын Жасыбай батырдың қабірі алдында өлең шығарып айтып, жауынгерлердің намысын оятып, кек алуға үндеген. Осы тұста Олжабай атынан шығарған Көтеш сөзі деген өлең жолдары халық есінде сақталған.

Көтеш -өлеңді көп шығарған төкпе ақын. Оның әлі жиналмай, ел аузында жүрген сөздері көп. Соның бірі ақынның «Жасыбай батырдың әйелін жұбатуы» -деген толғауы. Бұл толғауды бізге 1970 жылы Төкен Оразов табыс еткен болатын. «Жұбату» халықтық көңіл айту стиліндегі шығарма.

Ақын шығармалары өз кезінің талай тақырыптарын көтеріп, ішкі сыртқы ел қайшылықтарына үн қосқан. Ол өз еліндегі кемтарлар тұрмысын, әлеуметтік теңсіздіктерді де, халықтың мұң – шерлерін де толғана жырлады. «Ақтабан шұбырынды » оқиғасынан мол хабардар Көтеш сол ауыр оқиғаны тебірене толғап, халық қайғысына үн қосады. Ә. Жиреншиннің болжауынша, ел арасына кеңінен мәлім «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңін шығарған осы Көтеш.

Қазақ ССР Ғылым академиясының қолжазба қорында Көтеш айтқан осы «Қаратаудың басынан көш келеді » өлеңінің бір нұсқасы жатыр. Оны Көтеш құдаларына кәде ретінде айтыпты - мыс. Текстің ұзын – ырғасында айырмашылық көп емес. Кейбір өлең тармақтарының соңғы жағына бірер жол жаңадан қосылған:

Қара таудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Жақсы қыздың үйіне күйеу болсаң,

Табақ табақ алдыңа төс келеді...

Қалмаққа қарсы соғыс аяқталып, ішкі егестер қозған кезде Көтеш Абылай езгісіне қарсы күрескен ерлер жағында болып, сол ханға қарсы топтың сойылын соғып, Бөгенбай, Қазыбек, Олжабай бастаған топпен бірге Абылайдың зорлық – зомбылығын әшкерелеген. Ел арасындағы «Көтештің «Ер Олжабай », «Ботан » атты жырлары болушы еді. Ол жырларында ақын Абылай ханды қара ниет етіп көрсеткен... Хан қарақшыларынан ақын көп қуғын да көрді. Өле - өлгенше алдына мал салмай, кедейлік зардабын шегіп өтті. Ақыры елден кетіп, сол қарақшылар қолынан қаза тауып еді » - деген аңыздар осыны аңғартады.

Тіпті бұл жай ғана аңыз емес, кейбір тарихи шындыққа да сай дерек. Жыраудың Олжабай батыр мен Қазыбек биді қолдап отырғанын осы дәуірдің ауыз әдебиетін зерттеуші Н. С. Смирнова да растайды. «Қазақ әдебиеті тарихының 1-томында «Олжабай жалғыз емес, оны Көтеш ақын да қолдайды...» - делінеді. Бұл тарихи шындық.

Абылай, Ботанды сен өлтірдің,

Есіл ер жазығы жоқ неге өлтірдің?

Хан басың қарашамен даулы болып,

Үстіне ақ орданың қол келтірдің.


Абылай, күйіп кетті салған қалаң,

Мейрамға не еді сенің жапқан жалаң?

Жанайды дәл бүгін күн босатпасаң...

Болады ертең жесір қатын – балаң ...

Бұл сөздерді Көтеш Абылай барымташылары ұстап әкеткен Мейрам руының Ботан, Жанай деген ерлерін босатпақ болып, артынан қуып барған қол атынан айтса керек.

Көтеш ел адамдарына қаратып арнау өлеңдерін шығарып жүрген. Шоң, Шормандар дауына өлеңімен араласқан ақын баққұмар билердің тіл табыспай, күшке салып, шабысқан ниеттерін сезіп, оларға өзінің жалынды сөзін айтып табыстырады.

Көтеш ішер асқа,мінер атқа зар болып өткен. Бұған оның өлеңдеріде айғақ. «Жарқымбайға» деген өлеңінде ақын өзінің тымағының тысын байдан сұрап алғандығын ескертеді.

Көтеш сөздері ақыл ретінде де айтылады. Кәрі ақын тәубеге келіп, атаны бала, ананы қызы сыйлап, ағаны іні қадірлеп, көршілерде бір-бірімен санасып, тыныштықпен өмір сүрсе деп армандайды. Көптеген адамгершілік ақылдар айтады. Бірақ адамның бәрі бірдей емес, ағайын тума да, бір туғандар да өздерінше өседі. Бірі үмітті ақтаса, екіншісі ақтай алмайды.

Көтеш өлеңсіз сөз сөйлемеген.Ол кез келген сөзін тұспалдап, өлеңдете жөнелетін қас жүйріктің өзі болған.

Көтеш-тұспалдап, мәтелдеп сөйлеуге де,сынап-мінеп не мадақтап сөйлеуге де ұста болған заманының ділмәрі. Оның «Қара кемпір Наман-ай, ниетіңнің жаман-ай», «Атадан ұл тусын,ұрпақ жолын қусын», т.б. тұспал сөздерін ел жұрт осы күннің өзінде мәтел ғып қолданады.

Уақ Жарқынбай деген Көтешке «Ақындық ата жолыңмен қуған өнеріңіз бе» -деп сұрапты, сонда Көтеш сынап,арғынның арғы аталарына ақындық өнер бітті деп, ежелгі ақын Қотаннан келе жатқан өнерді жалғастырушы өзі екенін айтыпты

Қазақта Арғын аға болған зерек,

Басқадан ол кісінің жөні бөлек.

Арғынның түп атасы ақын Қотан,

Өлеңге бізден үстем болса керек, депті.

Осы өлең жолдарының бір нұсқасын Жанақ ақын да айтады. Бұған қарағанда екеуі де арғынның атақты жырауын өздеріне пір санаған болса керек.

Көтеш өлеңдері түгел жиналған жоқ.Бірақ ақынның біз жоғарыда еске салып өткен өлеңдерінің өздері-ақ оның кезінде ірі ақын болғанын байқатады.

Көтешке тете арқада Тәтіқара , Шал , Қобылан , Тоқаұлы ,Өске , Балабек , Ысқақбай, батыста Абыл , Есет , Ақтан , оңтүстікте Жанкісі тағы басқа бір топ ақындар өмір кешкен.........


Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Көтеш туралы профессор Е.Ысмайылов

қандай пікір айтты?

2 .Көтештің хандық дәуір әдебиетінен

алатын орны қандай?

3.Көтеш шығармашылығының зерттелуі

жайлы не білесіздер?


Дәріс 13 ШАЛ ақынның өмірі, шығармашылығы 
Дәрістің мақсаты: Шалдың негізгі жырлаған тақырыбы –адам өмірі,өмірінің

мәні, «фәни мен бақи», дін екендігін түсіндіру.



Тірек сөздер:Дін, фәни,бақи,ақыл-нақыл, үлгі,кәрілік т.б. 

Дәрістің жоспары:1.Шал ақынның өмірінен мәлімет,шыққан ортасы,

анасының Үйсін Төле бидің қызы екендігі..

2.Шал ақын Шоқан Уалихановтың айтуы, бағалауы

бойынша “Қазақ халқын құраған рулар жайлы тамаша

эпос жасаған адам”.

3.Шалдың -өз дәуірінен даналығын бойына сіңірген кең

тынысты, қуатты ақын болғандығы.

4.Шалдың ұрпақтарының бірі белгілі ақын Нұржан

Наушабаев екендігі.

5.Шалдың 15 жастан “ақын” ретінде аты шығуы.

6.Шалдың хат тануы, оған “Мен өзім талай сөзді хатпен

жазған” деген өлеңнің дәлел болуы.

7.Шал импровизатор, төкпен ақын. Жырлаған негізгі

тақырыбы-адам өмірі, өмірінің мәні, “фәни мен бақи”,

дін екендігі.

8. Шал шығармашылығында өзіндік мәні көрінген

лирикалық поэзиясының да кезігуі.

Шал ақын – XV-XVIII ғасырлар әдебиетіндегі ең көрнекті тұлғаның бірі. Тұңғыш рет «Он бес деген жасым-ай» атты толғауы «Жаңа әдебиет» журналында (1958, № 5) жарық көрген. Егер ақынды 1831 жылы дүниеден кеткен деп есептесек, бір ғасырдан соң өлеңі баспа бетіне жетіпті.

Екінші дерек 1958 жылы Ғалым Малдыбаевтың «Қазақ әдебиеті» (№ 48) газетінде жарияланған «Шал ақын кім?» деген мақаласымен ашылды. Шалдың арғы тегінен, өмірбаянынан мәліметтер берілді. Бұрын кейбір оқулықтарда, зерттеулерде аты ғана аталып жүретін Шал жөнінде мақала авторы біраз қысқа хабарлар айтып, кейінгі зерттеушілердің алдына жобалы қазық сала кетеді. Желіге тартқандай сегіз өлеңін іріктеп, оқушының алдына жайып салады. Әр түрлі тақырыпты қозғайтын осы сегіз өлеңнің өзі Шалдың шымыр, шешен кісі екендігін дәлелдегендей еді.

Ғ. Малдыбаев кәріқұлақ қариялардың айтуы бойынша ақынның қай жылдың төлі екендігін анықтайды. Және 15 жасынан бастап-ақ өлеңмен әуестене бастағанын ескертеді. Сынау, мінеуге, өсиет сөздерге жиірек барғанын айтады. Ғалым ақсақал айтқан алғашқы деректер «XVIII – XIX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары» (Алматы, 1962) деп аталатын кітаптың жекелеген авторларға түсінік беретін тұсында (389-390-66.) қайталанады. Егер «Қазақ әдебиеті» газетінің 1958 жылғы 28 қараша күнгі №48 санында Шалдың 18 шумақ немесе 70 жолдай жыры басылса, қазақ ақындары шығармаларының жинағында 11 өлеңі, яғни 600 жолдай өлең жарияланды.

Осы жинақтың «Кіріспесінде» Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент мүшесі Ы. Дүйсенбаев Бұқар жыраудың әдебиеттегі лайықты орнын айта келіп: «Бұқар, Тәтіқара, Ақтамберді, Шал ақындар қазақ әдебиетінің жаңа кезеңін бастайды, жеке ақындар творчествосы туады. Сөз жоқ, бұл ақындардың шығармалары әр алуан, кей сәтте біріне-бірі қайшы да келіп отырады. Біз бұл жерде әдебиетімізде болған жаңа құбылысты, ауыз әдебиетінен басқа, белгілі авторлары бар жаңа әдеби үлгілер пайда бола бастағанын, кейін осыдан барып жазба әдебиетіміздің негізгі қаланғанын ескертпекпіз», – деп, әрі күрделі, әрі құнды да қызық пікірмен ой тастап кетеді. Міне, бұл секілді ескертпелер Шал жөніндегі кейін туған шағын мақалаларға мұрындық болған сияқты.

Бұл кітапқа енгізілген 11 өлеңнің өзі Бұқар мен Дулаттың арасында Шал секілді сері ақынның тұрғандығын айқындай түседі. 1965 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Үш ғасыр жырлайды» кітабына, марқұм Ғали Әбетовтың көрсеткеніндей, «35 өлеңі оқушылар қауымына ұсынылды, жалпы көлемі – 441 жол». Жинақтың Ысқақ Дүйсенбаев жазған «Алғы сөзінде» Бұқар жырау Қалқаманұлынан кейін Шал Құлекеұлының аты аталып, поэзиясына баға беріледі. «...Қарт ақын ізгілікке сенеді, адамның жарқын жақтарын жырлауды көксейді» деп, Шал мұрасының негізгі тақырыптарына назар аудартады.

1967 жылы шыққан «Ертедегі әдебиет нұсқаларын» құрастырушылар Шалдың афористік поэмасын Қожа Ахмет Иассауи философиясымен салыстырады. Осы кітаптың Шал туралы бір сөзінде «Шал өлеңді жазып та шығаратын болған. Бірақ, ол ең алдымен импровизатор ақын еді» делінген. Ақынның өлеңді жазып шығаруы жайында әлі күнге нақтылы деректер жоқтың қасы. Ал, импровизатор екендігіне ешкімнің таласы болмаса керек. Сосын «Шал мұрасынан біздің заманымызға жеткені – мың жарым жол шамасындағы өлең мен бірнеше ғақлия қара сөздер» дейді. Біздіңше, Шалда қалыптасқан ғақлия жоқ, бұл жайлы да үзілді-кесілді пікір айта қою қиын.

Филология ғылымының кандидаты Мұхтар Мағауин «Қобыз сарыны» монографиясында Шал поэзиясына арнайы тоқталып, талдау жасайды. Бас жағында Шалдың туған жылын 12 жылға кері шегеріп, яғни 1748-1819 жылдар аралығында өмір сүрген деп есептейді. Ғалым Малдыбаевтың айтуынша, «Шал 1760 жылдың төлі сияқты». М.Мағауин Шоқан пікіріне сүйенеді. Шоқан Шалдың эпикалық дүниелер құрастырғанын ескертеді. Ендеше, сол Шал жинақтаған аңыздардан ең болмаса үзінді, жұқана қалмауы қалай, әлде Шоқанның айтып отырғаны басқа Шал ма? Біріншіден, туған жылына келетін болсақ, Ғ. Малдыбаев көрсеткен 1760 жыл шындыққа бір табан жақын тұр. Өйткені, ол Шалды әлі ұмыта қоймаған кәріқұлақ қарттардың дерегіне сүйеніп беріп отыр.

Егер Шалды 1748 жылғы деп шегерсек, одан біздің ұтарымыз шамалы, оның үстіне бізде нақтылы деректер жоқ сондықтан алғашқы дерекке тоқтаған абзал деп ойлаймыз.

Ысқақ Дүйсенбаевтың «Ғасырлар сыры» кітабында «Әдетте, біз әдеби шығарманың қасиеттері мен ерекшеліктеріне басымырақ көңіл бөлудің орнына, қалайда сол ақын-жыраулардың өздерімен көбірек шұғылданып, оларды талай саққа жүгіртумен әурелендік» деген жанды пікір бар. Расында да, біз Абайдың алдында өткен бірқатар ақындардың шыққан тегін, үрім-бұтағын тәуір білеміз де, поэзиясына келгенде жадағай сырғытып өте шығамыз. Сонда олар егіздің сыңарындай бір-бірінен айнымай шыға келеді.

Ақындық мұра сол өзін шығарған ортаға тығыз байланысты. «Литература вся целиком, как целое и в своих отдельных частях, зависит от действительности. Она зависит от нее, получая от действительности и воздействуя на нее; зависит в своих внешних отношениях и внутренних, зависит содержанием и формой. При этом типы зависимости весьма разнообразны», – деп академик Д.С.Лихачев бекерге айтпаған.

XV–XVIII ғасырлардағы қазақ ақындары шығармаларының өздері өмір сүрген қоғамдық ортамен байланысты болмаса, соншалықты шыншыл, сыншыл терең поэзия тумаған болар еді. Мазмұн мен түрдің бірлігі де содан.

Шал шығармалары туралы да соны айтуға тура келеді. Шал өлеңдерінің қоғамдағы теңсіздік, заман, адам жайы анық көрініп тұрады, бірақ біз әлі атығайлық айтқыш қарттың батыр әкелеріне, өлеңдеріне сырттай тамсанып, іштей сыналап ене алмай жүрміз. Мен марқұм Ғали Әбетовтың «Шал ақын жайындағы жаңа деректер» деген мақаласын ден қоя оқыдым. Автор біраз материалдарды қараған екен. Әйтсе де, әңгіменің дені Күлеке батыр жөнінде де, соңғы бір-екі беті Шал өлеңдеріне арналады. Күлекенің батырлығын, батылдығын аша түсетін фактілерге қаныға түсеміз де, енді Шалдың өзі хақында азырқанып қаламыз.

Оның үстіне Шал толғауларына әлі толық текстологиялық талдау, барлау жасалған жоқ. Ол дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулардың шығармалары кейде біріне-бірі атастырылып, араласатын жағдайы бар. Бұқардікі Шалға, Шалдікі Көтешке ауысып кетіп жүреді. Бәрін бір ізге түсіретін уақыт жеткен сияқты. Әсіресе, ғұмыр, адамның жасы, тіршілік мәнін қозғайтын жырлар тұсында бұлар өзара үндесіп, кейде жолма-жол қайталанып кетеді. «Бұл дүниенің мысалы», «Он бес деген жас қайда», «Асқар таудың өлгені», т.б. өлеңдер бірнеше нұсқамен әрқайсысында кездеседі. Кейде мұндай ұқсастық айтушылардан да, жинаушылардан кетуі мүмкін. Дегенмен аражігін ажыратқан ақын-жыраулар мұрасын араластырмаған абзал.

Шоқанның Шал жайындағы айтқан сөзіне орай екі пікір айтылып келеді. Ең алдымен, Шоқанның өзіне сөз берейік: «Из преданий о происхождении киргиз замечателен джир ахуна из племени аргын, из рода атыгай и поколения Худайберди и отделения его Баймбет-Чала, современника прадеда моего, хана Аблая. Знающих эту эпопею теперь очень мало, по крайней мере, я до сих пор не имел случая ее слышать». Сонымен, Шал эпикалық генеология жасаған екен, әлі қолға ешнәрсе түскен жоқ деген сөзді М.Мағауин, Ғ.Әбетов қоштайды да, зерттеуші Қ.Өмірәлиев мүлдем кереғар ой білдіреді. Үшінші оппонент: «Шал ақынның өлеңдері деп жүрген өлеңдер Шоқан айтқан XVIII ғасырда жасаған Шал ақынның өлеңдері емес, XIX ғасырдың орта тұсы мен XIX ғасырдың екінші жартысында жасаған өзге бір Шал аттас ақыннын өлеңі» дейді.

Сонда тарихта екі Шал болғандай көрінеді. Шоқанның айтып отырған Шалы Күлекенің Шалынан әріде өткен сияқты. Шоқан таратып айтпайды. Әдебиет тарихында екі Шалдың болуы да шындыққа сыйыспайтын нәрсе емес. Бірақ, біздің білеріміз әдебиет тарихында бір-ақ Шал бар. Ол – Шал ақын Құлекеұлы.

Бұқар мен Шал поэзиясы жеке ақындар творчествосының басталғандығының куәсі. Жеке ақын, жыраулар фольклордан іргені үзілді-кесілді ажыратып алмағанмен, поэзияға «Мен өгіз терісі талыспын», «Әр жерде қадыр, құрмет көрген жанмын», «Мен, мен едім, мен едім» деген тіркестер енгізе бастады. Әдебиетке автордың өзіндік көзқарасы, стилі, тақырыбы енді. Сөйтіп, ауыз әдебиетінен бөлініп шықты. Бұқар мен Шал өлеңдері осы тұрғыдан алғанда өздері дәуір кешкен заманның қайшылықты көрінісін айнытпай бере білді, халыққа жақын, хан мүддесінен қашық поэзия жасады. Бұлар өлеңге қоғамдық сипат беріп, ұйқасты сөзді үлкен күшке айналдырды. 

Дәрісті бекіту сұрақтары: 1.Шал «Қазақ халқын құраған рулар жайлы

тамаша эпос жасаған адам» деген пікірді

кім айтқан?

2.Шал неше жасынан өлең шығарған?



3.Шалдың қазіргі кезде ұрпақтары бар ма,

бар болса кімдер?

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет