Дәріс №4
Гидросфераның химиялық экологиясы
Дәріс мақсаты: Гидросфераның химиялық экологиясымен; гидросфераның ластану негіздерімен, ластандырушы заттардың химиясымен таныстыру.
Табиғи сулардың негізгі ластану көздері.
Радиоактивті ластану.
Мұнаймен ластану.
Ауыр металдармен ластану.
Табиғи сулардың негізгі ластану көздері
Жер планетасындағы судың жалпы мөлшерi - 1386 млн.км3. Бұл судың 96,5% Əлемдiк мұхитқа тиесiлi. (13-кесте). Мұхиттардың орташа тереңдiгi 3704 м ал ең тереңi — 11034м. Жер қойнауының жоғарғы бөлiгiнде түрлi тереңдiкте жер асты суының қоры бар. Тұщы сулар əдетте, 150-200 м тереңдiкте орналасады да, тереңдеген сайын тұздана бередi. Жер астындағы тұщы сулардың көлемi жер бетiлiк тұщы су көлемiнен 100 есе көп. Су табиғатта үш түрлi агрегат күйде (қатты, сұйық, газ) кездеседi. Қазiргi кезде адамзат қоғамында бiр жылда тұщы судың 3000 км3 шамасы жұмсалады. Суды ең көп пайдаланатын ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығында пайдаланылған судың төрттен үш бөлiгi қайтарылмайды. Мысалы, 1 тонна бидай өсiру үшiн барлық вегетациялық кезеңiнде 1500 тонна, 1тонна күрiшке — 7000 тонна, мақтаға 10 000 тонна су жұмсалады.
2 кесте Жердегi су қорлары
Судың типi
|
Көлемi мың км4
|
Əлемдегi қоры, %
|
Жалпы мөлшерi
|
тұщы су мөлшерi
|
Əлемдiк мұхит
|
1 338 000
|
91,5
|
-
|
Жер асты сулары
|
23 400
|
1,7
|
-
|
Оның iшiнде тұщы су
|
10 530
|
0,76
|
30,1
|
Мұздықтар,қар
|
24064,10
|
1,74
|
68,7
|
Жер асты мұздары
|
300
|
0,022
|
0,86
|
Көлдер
|
176,40
|
0,013
|
-
|
Тұщы
|
91,0
|
0,007
|
6,26
|
Ащы
|
85,40
|
0,006
|
-
|
Батпақтар суы
|
11,47
|
0,0008
|
0,03
|
Өзендер суы
|
2,12
|
0,0002
|
0,006
|
Биологиялық су
|
1,120
|
0,0001
|
0,003
|
Атмосфера суы
|
12,90
|
0,001
|
0,04
|
Судың жалпы қоры
|
1 385 984,61
|
100
|
-
|
Тұщы су қоры
|
35 029,21
|
2,53
|
100
|
Атмосфера сулары – жауын – шашын сулары.
Қала ағынды сулары – тұрмыс ағындылары.
Өнеркәсіп ағынды сулары. Оны барлық өндіріс салалары береді. Құрамында жоғары дәрежедегі концерогенді, уытты элементтердің және заттардың арсеналы болады.
Ауылшаруашылық тыңайтқыштарын немесе пестицидтерді орынсыз қолдану. Олар жер асты сулары арқылы ластайды.
Өндіріс қалдықтары және
химиялық заттарды қолдану
атмосфера гидросфера өзен және көлдер
планктон және бентос
балықтар
топырақ және жер асты сулары
1 – сурет. Теңізге ластаушы заттардың түсу жолдары
Өнеркəсiпте 1т өнiм алу үшiн болат, шойын — 15-20 м3, кальцийленген сода — 10, күкiрт қышқылы — 25-80, азот қышқылы — 80-180, синтетикалық жiбек — 300-400 м3, синтетикалық талшық — 500, мыс — 500, пластмасса — 500-1000, синтетикалық каучук — 2000-3000 м3 т.с.с. су жұмсалады. Қуаты 300000 квт/сағ. Жылу электр станциясына жылына 300 км3 су қажет. Соңғы жылдары өзен, көл, теңiз бен мұхит суларының ластануы қатты байқалуда. Табиғи суларды ластаушы негiзгi көздер төмендегiлер:
1) өндiрiс орындарынан шыққан поллютанттар бар атмосфералық сулар;
2) фекалийлер, детергенттер, микроорганизмдер (олардың iшiнде патогендi де) бар тұрмыстық сулардан құралған ағызынды сулар;
3) суды көп пайдаланатын қара металлургия, химия, орман химия, мұнай өңдеу өнеркəсiптерiнiң ағызынды сулары.
Өндiрiстiң дамуына жəне суды пайдаланудың артуына байланысты ағызынды сулардың мөлшерi де артып отыр. 60 жылдардың өзiнде-ақ жыл сайын əлемде 700 млрд м3 ағызынды сулар жиналатын едi. Өзендердiң ластануы соңғы жылдары қатты байқалып отыр. Мысалы, тек қана Рейн өзенi жыл сайын 941 т. сынап, 1040 т. мышьяк, 1700 т. қорғасын, 1400 т. мыс, 13 000 т. мырыш, 100 т. хром мен 20 млн т . түрлi тұздармен ластанады. Жер бетiндегi ең лас - Жерорта теңiзi болып табылады. Ағызынды сулардың зиянды əсерiнен ондағы балықтардың 80 пайызы қырылып қалған. Кемелердiң апатқа ұшырауынан, танкер резервуарларын жуған судан жəне мұнай өндiру жұмыстары кезiнде жыл сайын Əлемдiк мұхит сулары 12-15 млн т. мұнаймен ластанады. Судың бетiндегi мұнай қабаты атмосфера мен гидросфера арасындағы газ алмасу процесiн бұзып, оттектiң жетiспеушiлiгiнен гидробионттардың қырылып қалуына себеп болады. Ауыл шаруашылығы да суды ластаушы көздердiң бiрi болып саналады. Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар топырақтан шайылып, суға түседi. Мал шаруашылығында түзiлген өлi органикалық заттар (көң, шiрiндi, мочевина) топырақтан суға түсiп, олардың көп массасы улы əсерi болмаса да, су экожүйелерiне едəуiр əсер етедi. Органикалық заттары бар ағызынды суда биогендi элементтер əсiресе, азот пен фосфор көп болады, олардың əсерiнен суда фитопланктон жаппай көбейiп дами бастайды, əсiресе көк жасыл, қоңыр балдырлар тез көбейiп, жоғарғы сатыдағы су өсiмдiктерiнiң қарқынды дамуына жағдай жасайды. Бұл организмдер өсiп, дамып, өлiп, нəтижесiнде судағы органикалық заттардың массасы артады. Аэробты организмдердiң оттекпен тыныс алуы нəтижесiнде тез арада оттектiң жетiспеушiлiгi туындайды. Сондықтан су тiршiлiкке жарамсыз болып, онда анаэробты процестер басым бола бастайды. Бұл процесс эвтрофикация деп аталады. Эвтрофикация дегенiмiз — суда табиғи, не антропогендiк факторлар əсерiнен биогендi элементтердiң жинақталуы нəтижесiнде су объектiлерiнiң биологиялық өнiмдiлiгiнiң артуы. Анаэробты процестер судың екiншi реттiк ластануы болып табылады. Эвтрофикация - суға оңай тотығатын минералды тыңайтқыштардың түсуi, не егiстiктерден азот пен фосфор тыңайтқыштарының шайылуы нəтижесiнде де болуы мүмкiн. Атмосфераның ластануына қарағанда сулардың ластануы көбiрек қауiп туғызатын себептерiн төмендегiше деуге болады:
1) сулы ортада өздiгiнен тазару, ауаға қарағанда əлдеқайда жəй жүредi;
2) судың ластану көздерi өте көп;
3) сулы ортада жүретiн табиғи процестер ластаушылар əсерiне сезiмтал жəне олар атмосферада жүретiн процестерге қарағанда жер бетiндегi тiршiлiк үшiн аса маңызды болып табылады.
3 кесте Ауыз суындағы химиялық қосылыстар мен элементтердiң зиянсыз концентрациялары
Рет №
|
Атаулары
|
Судағы мөлшерi, мг/л
|
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
|
Қорғасын
Мышьяк
Фтор
Бериллий
Молибден
Нитраттар
Полиакриламид (ПАА)
Стронций
|
0,1
0,05
0,7-1,5
0,0002
0,5
10,0
2,0
2,0
|
Достарыңызбен бөлісу: |