Морфологиялық сипаттаамасы және биологиялық ерекшеліктері.
Сорттары.
Егістік ноғатық-бір жылдық бұршақты өсімдік. Ол кіндік тамырлы, жақсы тармақталған. Сабағы-төрт қырлы, бұтақтанады, қатты жатып қалады, биіктігі 60-80см. Жапрағы біржұп қауырсынды, ұшы тармақталған мұртшамен аяқталады.Гүлшоғыры - 1-2 гүлді шашақгүл. Гүлдері – ақ және көк. Бұршақбасы - 2-3дәнді. 1000 дәннің салмағы сортына байланысты 100-160гр. Дәннің түсі- ақ, сұр, қоңыр немесе шұбар.Біздің елімізде ноғатықтың негізінен ақ дәнді сорттары егіледі.
Ноғатық тұқымы 2 -3C температурада өніп, көктері 6-8С дейінгі қысқа мерзімді үсікті көтереді. Жылуды жалпы қажет етуі көп болғанымен, вегетатциялық кезеңінің ұзақтығы 80- нен 110 күнге дейін.
Ноғатық құрғақшылыққа өте төзімділігімен ерекшеленеді.
Ноғатық топыраққа онша талаптар қоймайды. Оған жеңіл құмдауыт және саз, бірақ өте ылғалданбаған топырақтар жарай берсе, қара топырақтарда өзін жақсы сезінеді. Қазақстанда ноғатық дақылының Кинельская7, Степная 287 және Али-бар сорттары Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстарында аудандастырылған.
Агротехникасы.
Ауыспалы егісте ноғатық күздіктермен отамалы дақылдардан кейін орналасады. Пішенмен көказыққа оны сүрі жер дақылы ретінде егеді. Топырағын өңдеу ерте жаздықтардікіндей. Негізгі тыңайтқыш ретінде фосфор мен калийді пайдаланады. Суыққа төзімділігі жоғары болғандықтан, оны ерте мерзімде кәдімгі қатарлы немесе тарқатарлы әдістермен себеді. Дәннің ірілігімен себу тәсіліне байланысы себу мөлшері гектарына 0.8-1.5 млн дән, немесе 150-250 кг. Себу тереңдігі 6-7см, жеңіл топырақтармен ылғал жеткіліксіз жағдайларда 10см дейін. Тұқымды себер алдында нитрагинмен өңдейді. Ноғатықты сепкеннен кейін танапты нығыздайды, ал қажет болса көктеуге дейін және кейін тырмалайды. Өте ластанған топырақтарда гербицидтермен өңдеу жүргізіледі. Тұқымдық учаскелерде гүлдеу кезеңінде таржапырақты сиыржоғышқаның өсімдіктерін өтап тастайды. Сиыржоңышқаны жапырағының құрылысы бойынша, ал гүлдеу кезінде қызыл – көк гүлімен ажыратады. Ноғатық біркелкі піседі, бұршақбастары жарылып кетпейтіндіктен егінді екіфазалы тәсілмен бұршақбастың 80% піскенде орады. Орғаннан кейін дестені 2-3күн кептіреді, сонан соң комбайынмен бастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |