Бөрібұршақ. Халық шаруашылығындағы маңызы Дәнді бұршақ дақылының ішінде бөрібұршақ дәні мен көк балаусасында ең көп мөлшерде ақуыз болатындығымен ерекшеленеді. Бөрібұршақ құрамында ащы және улы алколоидтардың болуынан көп уақытқа дейін малға жем ретінде пайдаланылған жоқ. Қазіргі кезде біржылдық және көпжылдық бөрібұршақтардың алколоидсыз сорттары бар. Бөрібұршақтың дәнінде ақуызбен қатар майларда болатындықтан, оның дәні лак-бояу, пластмасса, сабынқайнату және басқа өнеркәсіп түрінде шикізатқа пайдаланылады. Бөрібұршақтың басты маңызы-құм, күлгін және басқа да құнарсыз топырақтардың құнарын арттыру мен физикалық қасиеттерін жақсарту үшін,оның көгінің жасыл тыңайтқышқа пайдаланылуы. Бөрібұршақ-белсенді азотжинағыш,қолайлы жағдайда тамыры мен көк балаусасында 1га жерден 200-400кг дейін азот жиналады. Бөрібұршақтың жақсы жетілген және топыраққа тереңге енетін тамыр жүйесінің қиын сіңіретін фосфаттар мен басқа да қосылыстарды жақсы ерітетін және сіңіретін қабілеті бар.Сондықтан, ол құнарсыз топырақтардың өзінен көк балауса топырақта көп мөлшерде органикалық заттар қалдырып, егістік жерде азот, фосфор, калий және басқа да қоректік заттармен байытады.Көк бөрібұршақ тыңайтқышы көңді толық алмастыра алады. Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері.Сорттары. Бөрібұршақ- шөптесін бұршақ дақылы.Көптеген түрлерінің ішінде біржылдық және көпжылдық формалары бар.Өсімдіктің кіндік тамыры топыраққа 2м тереңдікке дейін енеді. Сабағының биіктігі 1-1.5 м, бұтақтанады. Бөрібұршақ – күрделі саусақ жапырақты,гүлшоғыры жоғарғы ұзынша шашақгүл. Жемісі –бұршақбас.Бііржылдық бөрібұршақтың дәні ірі, ақ, сұр, шұбар, алқызыл. Көпжылдықтардікі –ұсақ, көбіне қара. Көпжылдық бөрібұршақ –айқас тозаңданатын өсімдік. Оның 3м және одан да тереңге енетін мықты тамыр жүйесі, ірі жапырақтары және ұзын 40-50см жететін гүлшоғыры бар.
Көп жылдық бөрібұршақ-тез пісетін және өте суыққа төзімді өсімдік. Осы қасиетіне байланысты оны дәнге және жасыл тыңайтқышқа ең солтүстік аймақтарға енуге болады.
Бөрібұршақтың ең көп таралған малазықтық сорттары Быстрорастущий 4, Академический 1, Носовский белосемянный, Киевский мутант.
Жасыл тыңайтқышқа пайдаланылатын бөрібұршақ сорттары - Беняконский 484 және Кировский.
Достарыңызбен бөлісу: |