Дәріс №1. Компьютерлік графика түсінігі


Дәріс №7-8. Түстік палитра. Субтрактивтік түстер жүйесі



бет16/59
Дата04.01.2022
өлшемі1,61 Mb.
#108943
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
daris komputerlik grafika

Дәріс №7-8. Түстік палитра. Субтрактивтік түстер жүйесі
Субтрактивтік түстер жүйесі Баспаға шығару процесінде жарық қағаз бетінен шағылысады. Сондықтан да графикалық суреттерді баспаға шығару үшін шағылысқан жарықпен жұмыс істейтін субтрактивтік түстер жүйесі қолданылады.

Ақ түс кемпірқосақтың барлық түстерінен тұрады. Егер қарапайым призма арқылы жарық сәулесін жіберсек, ол түстік спектрге бөлініп кетеді. Қызыл,, қызғылт сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін түстре жарық спекторын көрсететіндей етеді. Ақ қағазға жарық түсіргенде барлық түстерді шағылыстырады, ал боялған қағаз түстердің жартысын жұтады, ал қалғандарын шағылыстырады. Мысалы, қызыл түсті қағаздың бетіне ақ түсті жарық түссе, онда қызыл түсті болып көрінеді, себебі, мұндай түсті қағаз қызыл түстен басқа түстердің бәрін жұтады. Ал осындай қызыл түсті қағазға көк түсті жарық түссе, онда қағаз қара түсті болып көрінеді, себебі көк түс ол түсті жұтады.

Субтрактивтік түстер жүйесінде негізгі түстер көгілдір (Cyan), алқызыл (Magenta) және сары (Yellow) болып табылады.

Ол түстердің әрқайсысы баспаға шығарылатын бетке түстен ақ жарықтан белгілі бір түстерді жұтады. Осылайша негізгі үш түс қара, қызыл, жасыл және көк түстерді алу үшін қоладынлады.

Бұл үлгідегі негізгі түстер ақ түстен RGB үлгісінің негізгі аддитивтік түстерін азайту арқылы алынады. Бұл жағдайда негізгі субтративтік түстер үшеу болатындығы түсінікті:

ақ -қызыл = көгілдір

ақ –жасыл = алқызыл

ақ –көк = сары

көгілдір + алқызыл + сары = қара,

көгілдір+алқызыл = көк,

сары + алқызыл = қызыл,

сары+ + көгілдір = жасыл.

Негізгі түстерді әр түрлі порцияда араластыра отырып, ақ қағазда алуан түрлі түс ренктерін алуға болады.

Осы үш негізгі түс болмаған жағдайда ақ түс алуға болады. Көгілдір, алқызыл,сары түстерінің жоғары пайыздық мөлшері қара түсті береді. Кейбір ерекшеліктеріне байланысты типографиялық бояуларда осы үш негізгі түстің қоспасы кір – қоңыр түс береді, сондықтан да суретті баспаға шығаруда қара бояу ( Black) қосылады.

Субтрактивтік түстер жүйесі қысқаша CMYK деп белгілейді.

CMYK үлгісі координаталар басы орналастырылған RGB, үлгісіне ұқсас.

Үлгінің ерекше нүктелері мен сызықтары үлгі.


  • Координата басы: ешбір бояу болмаған (құраманың нөлдік мәні) – ақ түс (ақ қағаз) алынады.

  • Көрерменге жақын нүкте: барлық үш сыңарлардың максимал мәндерін араластырған кезде қара түс шығуы керек.

  • Алдыңғы екі нүктені қосатын кескіндіде ( диагональ бойынша). Үш сыңарлардың тең мәндерін араластыру сұр реңді береді.

  • Текшенің үш төбесі таза бастапқы түстерді де, қалған үшеуі бастапқы түстердің екі рет араласуын бейнелейді.

Түрлі түсті суретті төрт компонентке бөлуді арнайы түстіболу программаларды орындайды. Егер принтерлер СМY жүйесін қолданса, онда суретті RGB жүйесінен СМY жүйесіне түрлендіру өте қарапайым:СМY жүйесіндегі түстердің мәні – RGB жүйесінің мәніне кері ретпен орналасады.

Ауыстыру формулалары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет